Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



бет6/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Тақырыбы: Эссе туралы он дерек

Мақсаты

Оқушылардыэссе туралы деректермен таныстыру

Жалпы мақсат

Жан-жақты ақпараттармен қаматамасыз ету

Күтілетін нәтиже

Өз беттенерінше ізенуге, ойларын толық, әсерлі жеткізуге машықтанады

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.

Әдіс-тәсілдер

«Айтарым бар...», мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс, Сатылай кешенді талдау

Ресурстар

Үлестірме парақшалар, қосымша ақпараттар

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Ресурстар

Сабақтың басталуы



Қызығушылықтарын ояту. «Айтарым бар...». Осы халық даналығының астарында не жатыр?


Адамға балық берсең, бір күн тоқ жүреді. Балық аулауды үйретсең, өмір бойы тоқ жүреді.
Қытай халық даналығы






Дәлелді пікірлер



Сабақтың ортасы

Лекция
1. Әуелі, жазылған эсседе ой дұрыс не бұрыс деген ұғым жоқ. Себебі, онда сіз өзіңіздің пікіріңізбен бөлісе аласыз. Алайда, ойды жеткізуде көптеген қателіктерден абай болу керек. Алдымен плагиат атты ұғымның эссе жазудағы мәнін түсінген жөн. Эссе ол өз ойыңыз, бірақ ол ой оқылған кітап, журналдан, көрген бейнефильм, бағдарламалардан, қарастырылған статистикалық мәліметтер, зерттеулерден туындайды. Сондықтан, ойыңызды жазбас бұрын сол пікірдің қалыптасуына себеп болған мәліметті және сол мәліметтің ресурсын көрсету керек. Егер оны көрсетпесеңіз:
а) ойыңыз негізсіз;
ә) мәлімет ұрланылған болып саналады. Бұны көрсетудің көптеген жолдары бар. Мысалы: – (аты) веб парақшадағы (қандай мәлімет) мәлімет негізінде (эссе тақырыбындағы мәселе) жағдайына теріс көз қарасым қалыптасты; – (аты) университеттің/ зерттеу орталығының (мәліметтің қаншалықты жаңа екенін көрсетеді) жылғы зерттеулері бойынша (мәлімет). Менің ойымша/пікірімше/түсінігімше бұл(сіздің ойыңыз/пікіріңіз) негіз бола алады; – Мен үшін (эссе тақырыбындағы проблема)мәселесі (сіздің ұстанымыңыз) сипат алады. Себебі/өйткені, (аты) бағдарламасында/бейне фильмінде (аты) атты зерттеуші/автор (зерттеуші/автор берген мәлімет) деп айтқан. Енді эссе құрылысын және әрбір бөлімінде не жазылу керек екенін анықтап алайық:
2. Эссе- франц. “essay”, ағылш. “assay”- байқау, көру, очерк; латынша “ exagium”- салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Эссе жанрын ашқан М. Монтень болып табылады (“Тәжірибелер”, 1580 ж.). 
Ол шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді және затты анықтау немесе аяқтау мүмкіндігіне ие болмайды. Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған, беллетристикалық тұрғыда жазылады.
3. Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру.
4. Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі
5.Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді.Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.
6. Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты- адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс. 
7. Кіріспе.Мұнда 3-4 сөйлем жеткілікті. Бірінші сөйлемде оқырмандарды қызықтыру керек. Ол үшін сіздің эссе тақырыбыңыз өзекті екенін дәлелдейтін мәлімет жазылу керек. Тағы да еске түсіріп кетейік, плагиатты болдыртпас үшін ресурсты көрсету керек. Эсседе берілген мәселені толық 100 пайыз қарастыру дұрыс болып саналмайды. Сондықтан да екінші сөйлемде жалпы айтып кеткен мәселенің ішінде негізгі тоқталатын 2/3 (эссе түріне байланысты, сондықтан бұл туралы келесі мақалаларда жазатын болам) қырды/ аспектіні таңдағаныңызды көрсету керексіз. Үшінші сөйлемде эссеге осы қырларды/аспектілерді таңдаудағы мақсатты көрсету керексіз. Бұл салыстыру, талдау жасау, шешімдерді ұсыну болуы мүмкін және мақсат эссе түріне байланысты.
8. Негізгі бөлім 3 абзацтан тұрады. Әрбір абзац кіріспе бөлімінде көрсетіп кеткен мақсатқа сәйкес болу керек. Яғни, егер сіз аспектілерге талдау жасауды мақсат етсеңіз, әрбір абзацта талдау жасау керексіз. Ал әрбір абзац 5/7 сөйлемнен құралғаны жөн. Бұнда да кіріспеде қолданылған принцип жүреді. Мәселен, 1 және 2-сөйлемдерде мәселенің белгілі аспектісі туралы мәлімет беріледі. Ал 3 пен 4-сөйлемдерде осы мәліметтер бойынша сіздің ойыңыз. 5-сөйлемде жалпы жасалынған ойыңызды 1 сөйлеммен қорытындылау керек.
9. Қорытынды жазуда абай болу керек. Себебі, эссенің бұл бөлімінде сіздер жаңа мәлімет қоса алмайсыздар. Алайда, эссенің оңай бөлімі де бола алады, егер сіздер негізгі бөлімнің әрбір абзацында қорытынды болса...
1 сөйлем жазған болсаңыз. Сол жазылған 3 қорытынды сөйлемді өзгертіп басқа сөздермен жазу керексіз. Содан кейін 3 қорытынды сөйлемді жалпылап 1 сөйлем жазылуы тиіс.
10. Ең маңыздысы – бағалау. Мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алуы ; қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы; жұмысты өз бетінше орындауы т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет