ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Тараз,2020ж.
ӘОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3 (5 каз)
Б20
Пікір берушілер:
Тойғанбекова Ш.М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорыныңоқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары м.а., п.ғ.к., қауым.профессоры.
Ағаділова А.Т.Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Сараптау кеңесінің шешімімен ұсынылған (№5 хаттама, 19.10. 2020ж.).
Байхадамова Б., Бектаева Ж.Эссе жазудың теориясы мен әдістемесі -Әдістемелік нұсқаулық. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Тараз, 2020 ж. – 83бет.
ISBN 978-601-7653-12-5
Әдістемелік құралда жазылым дағдысын дамытудағы эссенің жазылу ерекшеліктері, түрлері, құрылымы, шығармадан айырмашылығы, көркемдегіш құралдарды орынды қолдану мәселелері қарастырылған және педагогтер үшін дайын қысқа мерзімді сабақ жоспарлары ұсынылған. Ұсынылған құрал қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне және қызығушылық танытқан тұлғаларға арналған. Әдістемелік құрал жалпы орта және арнаулы орта білім беретін ұйымдарында қолдануға болады.
ISBN 978-601-7653-12-5 ӘОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3 (5 каз)
Б20
©Байхадамова Б.,
Бектаева Ж.
2020 ж.
Түсінік хат
Авторлық бағдарлама жаңа оқу бағдарламасында көрсетілгендей, оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға, жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді. Бағдарлама 34 сағатқа қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні аясында вариативтік курс ретінде ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |