Гироскопиялық датчик – бұл бір ось бойынша айналмалы қозғалыста анықтайтын цифрлық датчик. Егерде сіз гироскопиялық датчикті, датчиктің қорабындағы бағыттауыштың бағытымен айналдыратын болсаңыз датчик айналу жылдамдығын секундтағы градуспен анықтайды. (Датчик өлшей алатын ең жоғары айналу жылдамдығы секундына 440 градусты құрайды ). Ары қарай сіз айналу жылдамдымдығын роботтың қандай да бір бөлшегі бұрылса немесе робот құласа анықтау үшін қолдана аласыз.
Сондай – ақ, гироскопиялық датчик айналу бұрышын градуспен бақылайды. Сіз бұл айналу бұрышын мысалы, сіздің роботыңыз қанша градусқа айналғанын анықтау үшін қолдана аласыз. Бұл өлшеу сіздің 90 градусқа бұрылғандағы +/-3 градус дәлдікпен бұрылыстарды (гироскопиялық датчик өлшеу жүргізетін ось айналасы) бағдарламалай алатындығынызды білдіреді. EV3 модулін іске қосқан кезде датчик толығымен қозғалыссыз болуы қажет. Егер гироскопиялық датчик роботта орнатылған болса онда робот, бастапқы қалпында және қозғалыссыз болуы қажет
Гироскопиялық датчикті іске қосу.
EV3 модулінде қосымша модуль терезесіне өтіңіз (3 бет) және орталық батырманың көмегімен «Көрініс портын» таңдаңдар.
2 порт бойынша гироскопиялық датчикті түзу қара біріктіретін кабельдің көмегімен EV3 модуліне қосыңыз. Қосу барысында датчик қозғалыссыз болуы тиіс. EV3 модулінің экранында қосымша көрініс порты 0 мәнін 2-ші сол жақтағы кішкентай терезенің астында 2-ші порттың енгізу мәні көрінеді. Датчиктің қозғалыссыз қалпын сақтай отырып экранды бірнеше секунд бақыланыз. Онда бұрынғыша 2-ші портқа арналған 0 гироскопиялық дачикпен көрсетілуі тиіс. Егер де қосылу барысында дачикте 0 керсетілмесе, датчикті өшіріп процедураны қайталаңыз.
Экран бірнеше секундттар бойы өзгеріссіз 0-ді көрсететін болса айналу датчигін зерттеп бұрыштың көрсетілуінің өзгерісін бақылаңыз.
Гироскопиялық датчик бұрыштың өзгерісін тек бір ось бойынша анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |