Түс датчигі– бұл датчиктің алдыңғы бет жағындағы кішкентай терезесіне түсетін жарықтың ашықтығын немесе түсін анықтай алатын цифрлі датчик. Бұл датчик үш түрлі режимде жұмыс істей алады:
«Түс»режимінде,
«Бейнеленген жарықтың ашықтығы» режимінд
«Сыртқы жарықтың ашықтығы» режимінде.
«Түс» режимінде түс дачигі жеті түсті таниды: қара, көк, жасыл, сары, қызыл, ақ, қоңыр сонымен қатар түстің жоқтылығын. Бұл түстерді ажырату қабілеттілігі, сіздің роботыныздың түсті доптарды немесе кубиктерді іріктеуді,табылған түстердің атын атап немесе қызыл түсті көргенде іс- әрекетін тоқтататындай бағдарламаланған.
«Бейнеленген жарықтың ашықтығы» режимінде түс датчигі қызыл түс шығаратын шамнан бейнеленген жарықтың ашықтығын анықтайды.
Датчик 0-ден (өте қараңғы) 100-ге (өте жарық) дейінгі шкаланы қолданады. Бұл сіздің роботыныздың ақ түстің үстімен қара түс анықталғанша қозғалатындай бағдарламаланғандығын білдіреді.
«Сыртқы жарықтың ашықтығы» режимінде түс датчигі сыртқы ортадан терезеге түсетін жарықтың күшін анықтайды, мысалы күннің жарығын немесе қолшамның сәулесі. Датчик 0-ден (өте қараңғы) 100-ге (өте жарық) дейінгі шкаланы қолданады. Бұл сіздің роботыныздың таңертен күн шыққанда сигнал беруін немесе жарық өшкенде іс-әрекетің тоқтататындай бағдарламаланғандығын білдіреді.
Түстер датчигінің жиілігі 1кГц/с құрайды. «Түс» немесе «бейнеленген жарық ашықтығы» режимін таңдау дәлдігінде датчикті дұрыс бұрышта, зерттелетін затқа тимей оған жақын ұстау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |