Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата06.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112971
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
1638940762302 (1)

келесі ережелерге
негізделген:

Біледі
– нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта 
жаңғырту немесе есте сақтау қабілетінің бағасы.

Түсінеді
– ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру 
арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіруқабілетініңбағасы.
-
Қолданады
– проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген 
материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілетінің 
бағасы. Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа 
және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері болып 
табылады. 


41 

Талдайды
– түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, 
ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық 
материалдарды 
құрамдас 
бөліктерге 
бөлу, 
ақпаратты 
зерделеу 
қабілетініңбағасы.

Жинақтайды
– бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге 
біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін 
хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті 
күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті 
болжамдайды.
-
Бағалайды
– қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік 
шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілетінің бағасы.
Сонымен, критериалды бағалау жүйесі ерекше қажеттілігі бар білім 
алушылардың жетістіктерін өлшеу құралы және осындай категориядағы білім 
алушылар үшін білім беру қызметі сапасын анықтауға мүмкіндік беретін білім 
беру процесінің диагностикасы және ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларды 
оқыту стратегиясы, мазмұны мен әдістемесі бойынша түбегейлі шешім 
қабылдау болып табылады. Инклюзивті оқытуда бақылау, тексеру және оқыту 
нәтижелерін бағалау – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің ажырамас құраушысы болып 
табылады, оларсыз мұғалім мен оқушы арасында толыққанды өзара әрекет ету 
мүмкін емес. Бағалау – бұл қолданыстағы бағдарламалардың талаптарымен 
салыстырғанда пән мазмұнын меңгерудегі оқушының білім деңгейін анықтау 
үдерісі.

Оқу жоспарының инвариантты бөлімінің пәндері бойынша бастауыш 


мектептің 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау – вербалды түрде, 
ал 2- сыныптан бастап бағалау баллдармен жүргізіледі. Бағалау үдерісінде өз 
әрекетін бағалай алу маңызды болып табылады. Жұмысты бағалау үдерісі 
келесі кезеңдерден тұрады:
- жұмысты орындау;
- бағалау критерийлерін жасау;
- белгіленген критерийлер бойынша оқушының өз жұмысын бағалауы; 
- сол критерийлер бойынша мұғалімнің оқушы жұмысын бағалауы және 
тексеруі;
- мұғалім бағасы мен оқушы бағасын салыстыру;
- бағадағы келіспеушіліктерді анықтау. 
Өзін-өзі бағалау тиімді болуы үшін оқушының мұғаліммен бағалануы 
қажет, жұмыс бөлігін өзі таңдай алуы керек. Ол бағалау критерийлерін өзі 
анықтай алады. Мұндай тәсіл бағалау әрекетінде оқушының жауапкершілігін 
қалыптастырады. Ең алдымен, басқа балалардан ерекше, оқушының жеке бас 
жетістіктері бағаланады. Оқушы бақылауға алынған тапсырманың күрделілігін, 
үй жұмысының көлемі мен күрделілігін өзі таңдай алу құқығына ие. Мұндай 
тәсіл кезінде талаптану деңгейі мен жетістікке жету деңгейінің ара қатынасы 
мұғалім жұмысының арнайы пәніне айналады. Сөйлеу тілінің бұзылыстары 
(моторлық алалия, дизартрия), психикалық дамуының тежелуі бар бастауыш 


42 
мектеп оқушыларының талаптану деңгейі, соның ішіндегі жетістікке жетпеу 
реакциясы қалыптыға сәйкес болмайды. Жаттығуларды сәтті орындағаннан 
кейін оқушылар күрделі емес, қарапайым тапсырмаларды орындауға кіріседі. 
Балаларда қорғаныс реакциясы – төмендетілген деңгейде болса да жетістікті 
қолдауға ұмтылуы іске қосылады, яғни оларға талаптанудың төмендетілген 
деңгейі тән. Оқушының өзін-өзі бағалауы біртіндеп дифференциалдануы керек. 
Басқаша айтқанда, оқудың алғашқы күндерінен-ақ бала әр қайсының өз бағалау 
критерийлері бар көптеген дағдалардың жиынтығы ретінде өз жұмысын көре 
алуға үйрену керек. Мысалы, математика пәнінің тапсырмасы қателер саны, 
тазалығы, ынталылығы, күрделілігі бойынша бағаланады. Жазбаша жұмысты 
(мысалы, үй жұмысы) бағалау кезінде орындалудың тек кемшіліктері мен 
қателіктерін ғана белгілемей, сондай-ақ сәтті орындалған барлық жерлерін 
белгілеп, ынталандыру жазбаларын жасау керек. Оқушы мен мұғалім оқыту 
әрекетінің өнімдерін портфолиоға орналастырады. Жоғарыда айтылып 
кеткендей, мектепте баллдармен берілген баға көрсеткішімен де бағаланатын 
білім деңгейіне, икемділігіне және дағдыларға деген талаптар арасында нақты 
ара қатынасты орнататын және баға нормаларында іске асатын оқушыларды 
бағалау критерийлері жұмыс істейді. Бағалау объектілері – бұл оқушының оқу 
әрекетінің құрамдас бөліктері: мазмұнды, операциялық, мотивациялық.
Алайда, оқушылардың оқу әрекетін бағалау тек білім деңгейін, 
икемділігін және дағдыларын бағалаумен шектелмеу керек. Оқушылардың 
танымдық үдерістеріне, эмоционалды-еріктік саласына, сөйлеу әрекетіне 
мақсатты түрде бағытталған коррекциондық әсері нәтижесінде қалыптасатын 
тұлғалық өзгерістерді қадағалау және бағалау маңызды. Бұл салада тұлғалық 
дамуды кешенді түрде анықтайтын сипаттамаларды, яғни жалпы оқыту және 
негізгі ұғымдардың қалыптасу деңгейі, практикалық және шығармашылық 
әрекеттердің тәжірибесі, эмоционалды-құндылықтық қатынастары, кәсіби 
бағытталуы және т.б. сипаттамларды бағалау маңызды болып табылады.
Алайда, белгіленген көрсеткіштердің сандық бағалары мәселесін тек 
практикалық қана емес, сондай-ақ, теориялық жағынан шешу өте күрделі. 
Өйткені тіпті білімді, оған қоса тұлғаның дамуын сипаттайтын құзыреттілік, 
сонымен қатар потенциалды мүмкіндіктер және т.б. бағалау үшін сенімді 
технологиялар жоқ. Портфолио – бұл оқытудың белгіленген кезеңінде тұрақты, 
жинақталынған оқушының басты жұмыстары және жеке бас жетістіктерінің 
бағалары. Портфолио бағалау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ, өзін-өзі бағалауға, 
жеке тұлғаға бағытталған бағаға, шынайы бағалауға жуықталған. Дәстүрлі 
бағалау әдістерінен портфолионың айырмашылығы бұл оқушының өзіндік 
жұмыс режиміндегі әрекеттерінің үдерісі мен нәтижелері туралы негізделген 
ақпаратпен мұғалімді қамтамасыз етуі, оның өз әрекетінің нәтижелері туралы 
өзіндік бағалық пайымдарын іске асырудың шығармашылық мүмкіндіктері мен 
дағдыларын жетілдіру. Портфолионың ең басты артықшылығы оның оқыту 
сапасын әр түрлі позициялар бойынша жан-жақты және сан қырлы 
сипаттайтындығында: 
оқушының 
ойлау 
әрекетін, 
оның 
салааралық 


43 
дағдыларын, мәселені анықтай алуын, ерекше міндеттерді шеше білуін, оқу 
пәндерін білуі және дағдыларды меңгеруін, нәтижеге қол жеткізуге деген 
табандылығын және т.б. бағалау. Оқыту портфолиясының педагогикалық 
идеясы бағалау формасы ретінде келесі жағдайларды қарастырады: - екпінді 
оқушының білмейтіні мен істей алмайтынынан, бұл тақырып, бөлім, пән 
бойынша оның білетіні мен істей алатынына ауыстыруды; - сандық және 
сапалық бағалардың интеграциясын; - сыртқы бағалауға қатысты өзін-өзі 
бағалаудың басымдылығын. Инклюзивті сыныпта портфолио оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жете толықтыратын бақылау мен 
бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Мұғалім әзірлейтін портфолио 
процессуалды, яғни оқу әрекетінің белгілі бір мерзімін қамтуы және визуалды 
(оқушының әрекет өнімдерінің материалдарын мұғалім папкаға, қағазға 
арналған қорапқа және т.с.с. салады) болуы тиіс.
Портфолиоға оқушының оқу әрекетіндегі қиындықтары мен оны түзету 
процесін көрсететін ғана емес, сонымен қоса баланың мықты жақтарын 
айқындайтын материалдар да салыну керек. Жалпы алғанда, мұғалім 
портфолиосы псифизикалық дамуында ерекшеліктері бар оқушының белгілі бір 
оқыту мерзімі барысында жеке жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау 
әдісі ретінде қарастырылады. Порфолио әзірлеу мұғалімге: - баланың жеке 
мүмкіндіктерін ашуға; - белгілі бір уақыт кезеңінде оқушының оқу жетістіктері 
динамикасын қадағалауға; - жеке оқу жоспарының бала мүмкіндіктеріне 
сәйкестігі мен нәтижелігін анықтау, соған сай түзетулер енгізуге; - оқушы 
тұлғасының қалыптасуы мен әлеуметтенуінің дамуын қадағалауға; - бала, ата-
ана, мұғалім арасындағы кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.
Инклюзивті сыныпта оқушы өз бетімен жасайтындай портфолио енгізген жөн. 
Бұл мұғалімге бірқатар түзету міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Осылайша 
портфолио бойынша жұмыс әрбір баланың жеке мүмкіндіктерін барынша 
ашуға көмектеседі. Оқушы портфолиосының мақсаты келесіде:

оқушыда 
оқуға 
деген 
жауапкершілікті 
және 
дербестікті 
қалыптастыру;

өзінің оқуы мен әрекетінің нәтижелеріне сапалы баға бере алуын 
дамыту;

өзіндік қызығушылықтары, бейімдері, қажеттіліктерін талдау және 
оларды өз мүмкіндіктерімен сәйкестендіре алуын дамыту.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балада өзінің дене жағдайын, 
зерде 
мүмкіндіктерін 
адекватты 
бағалау 
қабілетінің 
нашарлығын, 
қалыптылармен салыстырғанда біршама жоғары немесе төмен өзін-өзі 
бағалауын ескерсек, бұл фактор тұлғаның жағымды қасиеттерін дамытуға 
көмектеседі;
- танымдық қызығушылықтар мен өздігінен біліп тануға дайындығын 
қалыптастыру;


44 
- портфолионың материалдарын өздігінен іріктеу табыс жағдайын 
туындатып, өзін-өзі бағалауды және өз мүмкіндіктеріне сенімділікті арттыруға 
әкеледі.
Оқушылардың портфолиосын іріктеуді бастауыш сыныптарда бастауға 
және бұл жұмысқа сыныптың барлық оқушыларын тартуға болады. Ерекше 
білім беруге қажеттіліктері бар немесе қалыпты дамыған баланың портфолиосы 
бойынша жұмыс ата-аналар тарапынан белсенді көмекті талап етеді. Мұғалім 
ата-анаға оның пайдалылығын көрсетуі қажет. Портфолио материалдарын 
бағалау сандық және сапалық бағаларды қатыстырумен олар бағытталған 
міндеттерге сәйкес іске асырылады. Бағалау құралдары. Соңғы нәтижелердің 
негізіндегі бағалау. Инклюзия жағдайында тестілеу . 
Инклюзивті оқытуда бағалау өткізу барысында сәйкес құралдарды таңдау 
мәселесі туындайды. Мақсаттарға байланысты әртүрлі әдістер таңдалып 
алынады. Инклюзивті оқыту тәжірибесінде оқу бағдарламасын талдау, жұмыс 
үлгілерін талдау, сыныпта бақылау және сұхбат жүргізу, тестілеуді қолданады.
Оқу бағдарламасын талдау оқушы игеруге тиіс білім көлемін анықтаудан 
тұрады. Талдаудың нәтижелері оқушының жеке оқу жоспарына енгізілетін оқу, 
түзете-дамыту және тәрбиелік мақсаттарды анықтауда есепке алынады. Мұндай 
талдау біздің жағдайларда жалпы білім беретін орта мектептер мен жалпы білім 
беретін арнайы мектептердің оқу бағдарламаларына жүргізіледі. Дегенмен, 
зерде дамуының бұзылыстары, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары, сенсорлы 
бұзылыстары (есту қабілеті бұзылған), күрделі ауытқулары бар (мысалы, БЦП 
және психикалық дамуының тежелісі бар) балаларға арналған оқу 
бағдарламаларында пәнді (саланы) оқытуда білім сабақтастығын қамтамасыз 
ететін материалдың минималды көлемі белгіленеді. Сондай-ақ, алып тасталған 
материал бөлігі оқытуға міндетті емес және пәннің логикасын бұзбайды. Білім, 
білік, дағдыларды меңгеру сабақтастығы курс барысында жүргізіледі. Алғашқы 
немесе екінші генезді зерде төмендеуі бар оқушылардың ойлау әрекетінің 
ерекшеліктеріне 
бағдарланған 
және 
жеңілдетілген 
оқу 
жетістіктері 
(бағдарламалық материалды оқу процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, 
білік пен дағдылар деңгейі) сатылап күрделену сипатына және айқын 
тәжірибелік бағытқа ие.
Сонымен қатар, арнайы мектептің оқу бағдарламаларына түзете-дамыту 
міндеттері енгізілген және ол оқытылатын материал негізінде іске асырылатын 
және танымдық әрекет процестері (қабылдау, есте сақтау, ойлау), тілдік әрекет, 
тұлғаның 
эмоционалды-еріктік 
салаларын 
қамтитын 
түзете-дамыту 
жұмысының бағыттарымен нақтыланады. Сондай-ақ, түзете-дамытудың 
мазмұндық бағыты оқу материалының мазмұндық-әдістемелік бағытымен 
органикалық үйлесуі орын алады. Осылайша, мұғалім екі түрдегі оқу 
бағдарламаларын талдау жолымен жеке оқу жоспарын әзірлеуге негіз болатын 
бағдарламаны таңдайды. Жұмыс үлгілерінің сараптамасы оқу әрекеттерінің 
нәтижесін саралаудан тұрады: жазу, есептеу, оқу және тағы басқалары. Жұмыс 
үлгілері жеке пәннен, жалпы пәндерден білімінің, танымдық әрекеттерінің 


45 
қаншалықты қалыптасқандығы туралы мәлімет көзі бола алады. Жұмыс 
үлгілерін сараптауда психикалық даму ерекшеліктерімен байланысты, 
грамматиканы 
меңгеріп 
қолданудағы 
қиындықтарға 
байланысты, 
математикалық білімі мен дағдыларының қалыптасуы, басқа да факторлардың 
әсерін, мысалы, ақыл-ой дамуының жалпы төмендеуі, оқуға құлшынысының 
болмауы, төмен нәтиже көрсетуі және тағы басқа спецификалық қателерді 
жіктеу өте маңызды. Баланы оқытуда тиімсіз әдістер қолданылып келген болуы 
да мүмкін, мысалы, жеткілікті дәрежеде бейімделмеген оқу құралдарын 
пайдалану. Сондықтан жұмыс үлгілерінің сараптамалары бұдан кейінгі зерттеу 
жұмыстарының бастамасы және баланың оқу әрекетінің бағасы болып табылуы 
қажет.
Бақылау мен сұхбат баланың сабақ үстіндегі әр түрлі бағыттағы 
тапсырмаларды орындау кезіндегі оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін 
зерттеуге бағытталған. Бақылау арқылы оқушының тапсырмаларды орындауға 
қанша уақыт жұмсайтынын және оған себеп болып отырған факторларды 
анықтауға, сабақ барысындағы оқушының белсенділігін анықтауға болады. 
Білім алуға ерекше қажеттілігі бар баланың білімін тексеру барысын бақылауда 
алынған деректер маңызды.
Мұғалімнің міндеті алдымен баланың оң қабылдауын қалыптастыру, 
содан кейін пәннің оқытылуын дидактикалық қамтамасыз етіп, ұйымдастыру 
болып табылады.
Сұхбат.
Бағалаудың алғашқы этапында сұхбат жүргізіледі. Сұхбат 
көмегімен баланың оқуға қызығушылығын және кейін жеке оқу жоспарында 
ұзақ мерзімді мақсатқа айналатын сабақтан тыс уақыттағы қалауы туралы 
білуге болады. Сұхбат құру алдында мақсатты анықтап алу қажет, содан соң 
сұхбат желісін жасап шығу керек. Айтылған ойлар әңгімеге тартып, бағыттап, 
ойды аяқтауға жетелеп отыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет