Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата06.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112971
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
1638940762302 (1)

Бірінші типологиялық
топты жаппай оқу процесінде бағдарламалық материалды анағұрлым сәтті 
меңгеретін оқушылар құрайды. Олар оқу материалын өз бетінше орындауға 
қабілетті, өзгерген тапсырманы орындауда үлкен қиыншылық көрмейді, жаңа 
жұмысты орындау барысында бар тәжірибесін негізінде дұрыс қолданады. Бұл 
балалар есептеу тәсілдерін, есептерді шығару амалдарын, жылдам есінде 
сақтап, пәндік көрнекілікті сирек қажет етеді. Әдетте оларға белгілі бақылауға, 
құбылысқа сөзбен ауызша сілтегеннің өзі жеткілікті. Олардың алған 
білімдерінің жеткілікті дәрежеде берік және икемді болуын атауға болады. Бұл 
мектеп оқушылары сөз өрбітудің кері жүрісін игеруге қабілетті. Бұл топтың 
оқушылары үшін өзіне қойылған баға не үшін, қандай критерилер бойынша 
қойылғанын білу маңызды. 
Екінші типологиялық
топтың оқушылары да 
сыныпта білім алуда жеткілікті табысты. Олар негізінен, мұғалімнің жаппай 
түсіндіруін ұғынады, зерделеніп отырған материалды есте сақтауы біршама 
жақсы, бірақ педагог көмегінсіз қарапайым қорытындылар мен жинақтаулар 
жасауға қабілетсіз. Оларды жұмыстың барлық түрін орындауда едәуір төмен 
дербестігімен 
ерекшеленеді, 
олар 
мұғалімнің 
белсендіруші, 
әрі 
ұйымдастырушы көмегіне мұқтаж. Бұл оқушылар оларға хабарланып отырған 
құбылыстар, заттар, оқиғаларды көзіне елестете алмайды. Тапсырманы 
заттардың көмегімен бейнелеген кезде ғана саналы түрде орындайды.Бұл 
балалар бірінші топтағы оқушыларға қарағанда баяу меңгереді, дегенмен 
қандай да бір бағаны қоюдың негізгі критерилерін білуі тиіс.
Үшінші типологиялық
топқа түрлі көмекке мұқтаж, бағдарламалық 
материалды қиналып меңгеретін оқушылар жатады. Бұл оқушыларға жаңадан 
беріліп отырған материалды жеткіліксіз ұғыну тән. Олар негізгіні анықтауда


30 
бөлімдердің қисынды байланысын белгілеуде, екінші дәрежедегі ойды бөлуде 
қиналады. Жаппай сабақтарда оларға материалды түсінуде қиналып, қосымша 
түсіндіруді қажет етеді. Үшінші типологиялық топтағы оқушылар сөйлемді 
саптап, байланысқан сөзді меңгеруде үлкен қиыншылық көреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет