Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет15/74
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#19235
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі Орталы аза (1)

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
6-дәріс. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі

Жоспар:


  1. Қазақ тілінің лексикасын оқытудың әдіс-тәсілдері.

  2. Лексиканы оқытудың принциптері.

  3. Қазақ тілінің фразеологиясын оқытудың әдіс-тәсілдері.

Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс- тәсілдер жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдарын айқындау. Лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолданып, олармен жұмыс жасаудың жолдарын үйрету. Лексиканы оқыту барысында оқушылардың машық, дағдыларын қалыптастыру. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын түсінуде оқушыға тіліміздегі сөздердің мағынасы мен мәнін меңгертудің, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, халық педагогикасын сана-сезімдеріне сіңіруде тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын үйретудің мәні айрықша. Қазақ тілінің лексикологиясын меңгеру арқылы оқушы тілдің не бір терең қабаттарындағы сөздердің мән-мағынасын меңгеруге мүмкіндік алады. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының тілі де, сөйлеу мәдениеті де жоғары болады.

Лексика бөлімінің білімділік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен стилистикамен қатысын түсінуіне, соның негізінде бүкіл тілдің жүйесін тұтас ұғып, теориялық білімдерін практикада ұштастыруға мүмкіндік береді. Лексикалық ұғымдар 5-6 сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, практикалық маңызы ашыла түсуі қажет. Ғалым А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын ерекше атап өтеді. Мектеп курсында оқушыларға лексика бөлімінен саналы білім беру үшін бағдарламаға енген тақырыптардың теориялық және практикалық жағынан мәні анықталады. Лексика бөлімін оқытуда негізінен үш ұғымды білуіміз қажет.

Лексиканы оқыту методикасында негізінен төрт прицип бар. Оның біріншісі-сөз мағынасын оның (сөздің) аңғартатын болмысымен (зат, сын-сапа, сан, қимыл т.б.) салыстыру, екіншісі-лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру, үшіншісі-семантикалық-мағыналық принцип, төртіншісі – диахрондық принцип. Лексиканың негізі – сөз және оның мағынасы. Сөз ұғымын меңгерту арнайы логикалық жаттығулармен бірге грамматикалық, орфографиялық және стилистикамен байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Лексикалық жаттығуларағы негізгі нысан – сөздің мағынасы мен ұғымын игерту. Бұл мақсатты орындау үшін мына жүйеде жұмыс жүргізудің тиімділігі анықталады: 1) белгілі мазмұнды мәтіндердегі минимумда берілген жеке сөздердің мәтін мағынасын игерту арқылы сөздерді қолдана білуге жаттықтыру; 2) сөздердің тура, ауыс мағыналарын ажыратып игертумен байланысты сөздерді қолдана білуге дағдыландыру; 3) сөздерді тіркесте, контексте қолданылуы бойынша жаттығулар; 4) сөздерді әдеби тіл стильдері мен сөйлеу түрлеріне байланысты қолдана білу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ол үшін сөздерді қолдана білуге дағдыландыратын нәтижелі жұмыс түрлері мен жаттықтыру жұмыстары топтастырылды. Мәселен, сөзбен жұмыс жүргізуді белгілі бір кезеңдерге бөлеміз: бірі – сөздерді игертудегі бекіту кезеңі, екіншісі – олардың қолданылуына дағдыландыру жұмысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет