Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы


-дәріс. Грамматиканы оқыту әдістемесі



бет18/74
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#19235
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі Орталы аза (1)

9-дәріс. Грамматиканы оқыту әдістемесі

Жоспар:


  1. Грамматиканы оқыту әдістемесі.

  2. Грамматикалық ұғымдар жүйесі.

  3. Грамматикалық талдау түрлерін үйрету.

Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. Грамматикадан берілетін эмпирикалық және теориялық білім мазмұны мен көлемін анықтау. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларга меңгерту әдістемесі. Оқушылардың әр түрлі іскерлік дағдыларын қалыптастыруда, грамматикалық қателерді болдырмау үшін алдын ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканы оқып-үйренудің аса зор рөл атқаратындығы.

Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері. Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер. Сұрақтар туралы мәселе. Қазақ тілін оқытуда грамматиканың маңызы және алатын орны. Жалпы білім алуда грамматика көрнекті орынға ие болады. Мектеп грамматикасының жүйелі курсы оқушыларға ана тілінің негізгі фактілерін теориялық та, практикалық та білуге мүмкіндік береді, ой-өрісін кеңейтеді, логикалық ойлауын дамытады. Ол оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық дағдыларын іс жүзінде меңгеруге көмектеседі.

Грамматика сабақтарының мазмұны. Грамматика сабақтарының мазмұны фонетика, морфология мен синтаксис бойынша негізгі мағұлматтардың ғылым негіздерінің жиынтығы болады, бұл мағұлматтар қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы толық түсінік береді. Грамматикадан берілетін білім көлемі мектеп бағдарламасымен белгіленеді.

Мектепте оқушылар қазақ тілінің грамматикалық құрылысымен, фонетика, морфология және синтаксиспен сипаттамалы түрде танысады, сөздердің түрленуі, сөз тіркестері мен сөздердің сөйлемде қолданылуы жайында негізгі грамматикалық ережелерді біледі, тіл жайында бұрыннан белгілі грамматикалық құрылыс тұрғысын жете түсініп, жүйеге келтіреді, грамматикалық ережелерді оқып білгендерін іс жүзінде қолдануға жатқызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет