Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет11/74
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#19235
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі Орталы аза (1)

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
2-дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

Жоспар:


1. Дидактикалық ұстанымдар туралы түсінік.

2. Жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымы.

3. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары.

Ұстанымдар жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымына негізделеді. Қазақ тілін оқытуды оқу- танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік- құрылымдық табиғатын ашу. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары мен тілдің жекеленген тақырыбынан туындайтын ұстанымдардың байланыстылығы мен сабақтастығы. Дидактика мен методика бір объектіні оқу-тәрбие процесін зерттейді, яғни бұлардың зерттеу мақсаты ортақ. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: дидактика оқу-тәрбие процесін жалпылама зерттесе, методика оны тек белгілі бір оқу пәніне, яғни қазақ тіліне байланысты қарастырады. Әр оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай олардың әрқайсысы дидактикамен тығыз байланысты, ал олардың әрқайсысында дидактикалық ұстанымдар өзгеше жүзеге асырылады.

Қазақ тілін оқыту принциптерін негізінен екі топқа бөлуге болады: 1) жалпы дидактикалық ұстанымдар; 2) қазақ тілін оқытуда қолданылатын ұстанымдар.

Жалпы дидактикалық ұстанымдар барлық пәндерді оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады. Мұндай принциптерге мыналар жатады: 1) тәрбиелей отырып оқыту принципі; 2) оқытуды өмірмен ұштастыру принципі; 3) оқушылардың оқудағы саналылық принципі; 4) творчествалық белсенділік принципі; 5) көрнекілік принципі; 6) оқытудың ғылыми принципі; 7) жүйелілік пен бірізділік принципі; 8) білімді берік меңгеру принципі; 9) оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі; 10) оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру принципі.

Мектеп оқушыларының сауатын ашу, оларға бүгінгі күн талабына сай білім беру және тәуелсіз Қазақстанның елін, жерін сүйетін, тарихы мен мәдениетін, әдебиетін білетін азамат етіп тәрбиелеу мәселелері педагогикада дидактикалық принциптер негізінде ғана іске асырылады. «Дидактика» термині гректің «дидактас» дейтін сөзінен алынған, яғни үйрету, білдіру деген ұғымды береді. Демек, дидактика – оқытудың, білім берудің, тәрбиелеудің амал-тәсілдерін, олардың теориялық және практикалық заңдылықтарын қарастыратын сала. Олай болса, оқытудың, білім берудің теориялық жолдары мен әдістемелерінің жиынтығы дидактиканың негіздері немесе принциптері болып табылады. Дидактиканың білдіру, үйрету, оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарының негізінде әрбір ғылым негіздерінің оқытылу тәсілдері туындайды, әр пәннің өзіндік әдістемесі жасалады. Дидактиканың негізгі мақсаты оқушыға білім беру, алған білімін бекітіп, тиянақтау, оны дағдыға айналдыру, жаттығуға, икемділікке баулу. Берілген білім мазмұнын дағдыға айналдырудың жолдары мен амал-тәсілдерін, дидактиканың әдістемелік заңдылықтарын анықтайды.

Бұл дидактикалық ұстанымдар барлық пәндерді оқытуда қолданылатын жалпылама ұстанымдар. Жоғарыда аталған дидактикалық ұстанымдар методиканың бірден-бір принциптері бола тұрса да, қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. қажет. Бағдарлама материалдары дидактиканың индукция, дедукция әдістемелері негізінде оқытылып, білім беру бірде талдау-анализ жасаудан басталып, талдаудан ереже, анықтама тудырады. Керісінше, кейде ереже, анықтамалардан басталып тұжырым – синтезден талдау шығарады. Бұл екі әдіс бір-бірінен ажырамайтын, үнемі бірлікте қарастырылатын дидактикалық негіздер болып табылады.

Индукция, дедукция әдістері әр сабақ процесінде іске асырылып отырады. Қандай сабақ түрі болмасын, ондағы берілетін білім, дағды, жаттығу жұмыстары дидактика заңдылықтары негізінде ұйымдастырылады. Оқытудың жүйесіне, ұйымдастырылуына, талап-мақсатына байланысты дидактикалық басқа да әдістемелік заңдылықтар сабақ барысында жүзеге асырылады. Әрбір мұғалім сабақты дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, өздерінің ізденістері, тәжірибелері негізінде ұйымдастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет