Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет19/74
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#19235
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі Орталы аза (1)

Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
10-дәріс. Морфологияны оқыту әдістемесі

Жоспар:


  1. Морфология- грамматика жүйесінің бір бөлігі.

  2. Морфологияны оқытудың әдіс-тәсілдері.

  3. Сөз таптарын оқытудың жолдары.

  4. Морфологияны оқытудың практикалық маңызы.

  5. Мрфологияны оқытудың ұстанымдары.

Мектеп бағдарламасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидактикалық принцип негізінде іске асырылады.

Қазақ тілі морфологиясының қарастыратын объектілері тілдің бірден-бір нақты, зерттелген, әбден қалыптасқан актуалды мәселелері болып есептеледі. Сондықтан қазақ тілі морфология материалдарын оқытуда зерттелмеген екі ұшты ұғым тудыратын категориялар ұшыраспайды.

Морфология – сөз және оның грамматикалық көрсеткіштер туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны ескеріледі. Морфологияны оқытуда мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтардың әрқайсының өзіне тән қандай грамматикалық сипатының барлығын және контексте қандай қызмет атқаратынын оқушыларға білдіру талап етіледі. Тілдің заңдылықтарын практикада дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, баулу жұмыстарын әр сабақ үстінде үнемі ескеріп, іске асырып отыратын негізгі өзек деуге болады. Сондықтан тіл фактілерінің сапалы да, тиянақты меңгертілуі мұғалімдердің теориялық біліміне тікелей қатысты. Мұғалім тілдің ішкі заңдылығын жан-жақты терең білсе, оқушыға берілетін білім де, тілдің жүйесі де, тараулары да өзара байланысып, дұрыс оқытылады.

Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше – оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту да мүмкін емес. Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі түбір, туынды түбір, жұрнақ (сөз тудырушы) және жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырады.

Сөз таптарын түсіндірмес бұрын мұғалім қазақ тілі лексикалогиясындағы сөздердің негізгі, көмекші және одағай сөздер болып бөлінетінінен мағлұмат береді. Сөз табының лексика-грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, мұғалім тілдің семантикалық, морфологиялық, синтаксистік приницптерін бірдей қамтып отыру керек. Сонда ғана әр сөз табындағы мағына мен форма нақты ашылып, сөз табының бөліну принципі дұрыс аңғартылады. Бірақ мұғалім бұл үш принциптің барлық сөз таптарына ортақ еместігін де ескергені дұрыс.

Оқушылардың грамматика бойынша білім, дағды, іскерлік дұрыс қалыптасуы оқыту әдістері мен тәсілдеріне тығыз байланысты оқыту әдістеріне мұғалімнің сөзі, өз бетімен жұмыс, бақылау т.б. жатады. Грамматикалық талдау білімді бекіту, материалды қайталау мақсатында жүргізіледі. Мектеп тәжірбиесінде талдау мазмұнына қарай: морфологиялық, синтаксистік; көлеміне қарай: толық, жартылай; тәсіліне қарай ауызша, жазбаша; орнына қарай: сыныптық және үйде болып бөлінеді.

Әрбір сөз табының заңдылықтарын, олардың грамматикалық белгілерін меңгертуді фонетика, лексика, орфографиядан өтілген білімді еске түсіріп, солармен ұштастыра іске асыру керек. Қазақ тіл білімінің морфология саласынан терең білімі бар мұғалім сабақты қалай түрлендіріп өтсе де өзі біледі. Қазіргі таңда сабақ процесінде жаңа технологияның элементтерін де ұтымды қолдану үлкен нәтижеге жетуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет