Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер мынадай болып
3. Үш буынды:
мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет;
4. Төрт буынды: рес-пуб-ли-ка, фо-не-ти-ка;
5. Бес буынды: у-ни-вер-си-тет, по-лик-ли-ни-ка;
Сөйлеу кезінде бір, екі буынды сөзге əлденеше қосымша үстеле келіп, бес-он буынды сөзформаға
айналады: ой-лан-дыр-май-сың-дар, қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ма-ған-дық-тан, ұ-йым-дас-ты-рал-ма-
ған-дық-тан.
Қазақ тіл білімі буынның құрамындағы дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың орналасу тəртібі
жөнінде əр ғалым түрліше пікір айтқан. А.Байтұрсынұлы буынды ашық, тұйық жəне бітеу деп
жіктейді. Мұндай жіктелісті І.Кеңесбаев еңбегінен де, мектеп оқулықтарынан да кездестіреміз.
С.Мырзабеков буынның ашық жəне тұйық түрін, Н.Сауранбаев буынның төрт түрін (жалаң, ашық,
тұйық, бітеу) көрсетсе, Қ.Жұбанов буынды алтыға бөлді:
1. Жалаң буын немесе Дауысты буын;
2. Ашық буын немесе (Дауыссыз\СР + Ды);
3. Жеңіл тұйық буын немесе (Дауысты + Дауыссыз\СР);
4. Жеңіл бітеу буын немесе (Дз\СР + Ды + Дз\СР);
5. Ауыр тұйық буын немесе (Ды + СР + Дз);
6. Ауыр бітеу буын немесе (Дз\СР + Ды + СР + Дз)
Буын ішіндегі дауыстылар мен дауыссыздардың алмасып келуіне қарай буын үшке бөлінеді: 1)
Ашық буын; 2) Тұйық; 3) Бітеу буын.
Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын.
Тұйық буын – дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталса, бітеу буын – ортасы дауысты болып, екі
жағы дауыссыз болған буын.
2. Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен анықтап,
меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды ұғым – сөздің буын жігін табу немесе сөзді
буынға бөлу.
Буын жiгiн табу мəселесi жайында силлабологияда (буын туpалы iлiм) əpтүpлi пiкipлеp
қалыптасқан. Ғалым М.Жүсiпұлы оны төмендегiше топтаpға жiктеп көpсетедi:
1) антикалық (сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады);
2) экспиpатоpлық;
3) дыбыстау мүшелерінің кернеуіне бейімделген буын теориясы (теоpия мускульного
напpяжения);
4) соноpлық (акустикалық);
5) фонологиялық (В.М.Бельдиянның терминологиясы бойынша позициялық-дистpибутивтік);
6) сингаpмониялық.
М.Жүсіпұлы көрсеткен алты буын жігінің төрт түрімен ғана қазақ тілі сөздерінің буын жігін
табуға болатынын айтады. Қалған екеуі (дыбыстау мүшелерінің кернеуіне бейімделген буын теориясы
(теоpия мускульного напpяжения) мен Р.И.Аванесов сипаттауындағы сонорлық теория) тілімізде
қолданылмайды.
Сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болатыны анық. Буын жігі дауыстылардың қабатында
тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байланысты. Буын жігін табуда тұшымды пікір
айтқан ғалым Қ.Жұбанов болды. Ол: «Буын жiгiн оңай, механик түpде табуға болады. Оның үшiн
жазылған əpбip сөздiң дыбыстаpын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген
дауыссызды елемей өте шығып (өйткенi дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, бipеу де,
екеу де бола беpедi), əpбip дауыстының алдыңғы жағына бip дауыссыз тастап бөле беpемiз (өйткенi
сөз оpтасында дауыстыдан буын басталмаушы едi ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын
болады»,– дейді. Ал І.Кеңесбаев буында бірден артық дауысты фонема болмайтынын, сөз ішінде неше
дауысты фонема болса, сонша буын болатынын, буын ішіндегі дауыссыздарды экспирациялық күшіне
қарай: күшті бас дыбыс, күшті соңғы дыбыс деп екі топқа бөледі. Буынның ішіндегі екі дауыссыздың,
алғашқысының экспирациясы соңғысынан басым келсе, күшті бас дыбыс немесе эксплозив дыбыс,
күшті соңғы дыбыс не имплозив дыбыс болады. Яғни имплозив дыбыс – буынды аяқтаушы дыбыс,
эксплозив дыбыс – буынды бастаушы дыбыс. Мысалы, қатты деген сөзде алдынғы т дыбысы –
имплозив та, соңғысы – эксплозив дыбыс.
Буын өлшемiне негiзгi кpитеpий бола алатын – сөздiң жазылуы емес, айтылуы. Өйткені
айтылудағы буын өлшемі жазылудағы түрімен үнемі сай келе бермейді. Айтылуда сөз ішіндегі
буындардың саны мен сапасы бір түрлі, жазылуда екінші түрлі болып келе береді. Ал дифтонг и, у
дауыстылары мен кірме ю, я, ë əріптері бар сөздер кездескенде қиындық тудырады жəне ондай сөздер
əртүрлі буындалуда. И, у фонемалары қосарлы ій, ый, үу, ұу дыбыстарынан жəне я, ë əріптері иа, ио,
Достарыңызбен бөлісу: