Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты


Протеза  –  сөздің  алдынан  басы  артық  дыбыстың  қосылуы.  Қазақ  тілінде  протеза  болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата26.04.2022
өлшемі1,65 Mb.
#32298
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Снимок экрана 2021—10—21 в 09.55.51

Протеза  –  сөздің  алдынан  басы  артық  дыбыстың  қосылуы.  Қазақ  тілінде  протеза  болатын

негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдынан жамалады.

І. Ы: лаж, лай, лас, рас, рақат

  І: леген, лекер, леп, рəсуа, Ресей

  Ұ: рұқсат, рух, роза

  Ү: Рүстем, рөл (роль)

ІІ. Ы: (ы)шкап, (ы)стакан, (і)спектр, (і)шприц, (ы)стаж, (і)шкив.

ІІІ. О, е, ү бірер сөзде протеза болады: ораза (руза), орамал (румал), ережеп (раждап), орыс (русь),



үстел (стол).

Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, өз алдына буын болып тұрады.



Эпентеза – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы:

І. мет(і)р, лит(і)р, т(ы)рактор.

ІІ. Бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), көпене (копна).

Эпитеза – протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы:

І. диск(і), танк(і).

ІІ. Қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте), тұпа-тура (тұп-тура).

Элизия – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы:

қарала (қара ала), жақсөлең (жақсы өлең). Мұны контактілі элизия дейміз. Ал ерні (ерін + і), мұрны

(мұрын + ы) сияқты құбылысты контактісіз элизия дейміз.

Аферезис  –  элизияға  қарама-қарсы  құбылыс,  яғни  бунақта  қатар  келген  екі  дауыстының

кейінгісінің түсуі. Бұл қазақ тілінде сирек кездеседі. Оның өзінде алдыңғы сөз бір буынды əрі ашық

буынды болу керек. Мұндай сөздер санаулы-ақ: де, же, бұ(л), не; шылау: да, де, та, тене істейсің –

нестейсің, не ішесің – нешесің  т.б.

Редукция  –  белгілі  бір  фонетикалық  жағдайда  қысаң  дауыстылардың  əлсіреп,  көмескі  айтылуы.

Қазіргі қазақ тілінде толық жəне жартылай редукция деген терминдер қолданылады. Толық редукция

дауысты  дыбыстың  түсіріліп  айтылуын  білдірсе,  жартылай  редукция  толық  айтылмай,  əлсіреп

естілетін  дауыстыларға  байланысты  айтылады.  Түркі  тіліндегі  бұл  құбылысты  алғаш  «Якут  тілі

туралы» атты еңбегінде талдаған О.Н.Бетлинг болды. Кейін оның пікірін ары қарай Н.И.Ильминския,

В.В.Радлов,  Н.И.Ашмарин  т.б.  ғалымдар  жалғастырып  дамытты.  Қазақ  тілі  мысалдарын  талдай

отырып,  зерттеу  жүргізген  Б.Қалиев  «Қазақ  тіліндегі  дауысты  дыбыстардың  редукциясы»  атты

еңбегінде дыбыстардың редукциялануын екпінмен байланыстырады.

Редукциялану  үрдісі  бір  емес,  кемінде  екі  ашық  буынның  қатар  келуіне  байланысты.

Редукциялануға қолайлы жағдай туғызатын буын үлгісін былай көрсетуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет