Ол туралы:
Барманқұлов Марат Кәрібайұлы (13.2.1937-9.5.2000) //Қазақ әдебиеті:
Энциклопедия. – Алматы: Білік, 1999. – 156 б.
Барманқұлов Марат Кәрібайұлы (13.2.1937-9.5.2000) //Жетісу:
Энциклопедия. – Алматы: Арыс, 2004. – 192 б.
Барманқұлов Марат Кәрібайұлы //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. –
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 213 б.
Омашұлы Н. Қазақ радиосына қанша жыл? / Н.Омашұлы //Егемен
Қазақстан. - 2001. - 26 сәуір.
Отандық телевизия корифейі: [әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ
кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Құдайберген Тұрсынмен Марат Барманқұлов туралы әңгіме] /сұхбаттасқан
Ұлбосын Айтөлен //Айқын апта. – 2012. - 9 ақпан №26 .
Ақпан
15 жұлдыз
Түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ
КСР Ғылым академиясының академигі
Ісмет Кеңесбайұлы
Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл (15.02.1907-16.01.1995)
Кеңесбаев Iсмет Кеңесбайұлы 1907 жылы 15 ақпанда Оңтүстiк
Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Жанысата ауылында дүниеге келдi.
1931 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыстану
институтының түркология бөлiмiн бiтiрдi. Қазақстанға қайта оралып, халық
ағарту комиссариатында әдiскер әрi Алматыдағы қазақ педагогикалық
институтында (қазiргi Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық
университеті) қазақ тiлiнiң мұғалiмi болып iстедi.
1931-
1934 жж. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатында әдіскер, 1933-
1936 жылдары Алматы дәрiгерлiк институты тiлдер кафедрасының
меңгерушiсi, 1936-1939 жылдары КСРО Қазақ Ғылым Академиясының Тiл
және әдебиет секторының аға ғылыми қызметкерi, 1943-1951 жылдары Қазақ
КСР Ғылым Академиясының вице-президентi, 1951-1961 жылдары Тiл және
әдебиет институтының аға ғылыми қызметкерi, бөлiм меңгерушiсi, ал 1947-
1951 және 1957-1961 жылдары осы институттың директоры, 1961—1978
жылдары Тiл бiлiмi институтының директоры, 1970-1976 жылдары Қазақ
32
КСР Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлiмiнiң академик-
хатшысы, 1985-1987 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының
Президиум мүшесi, 1988-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғылым Академиясының Президиум кеңесшiсi болды.
Iсмет Кеңесбаевтың өмiр жолы, еңбекке араласуы, ғылымдағы бағыт
бағдары да негiзiнен алғанда ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында басталды.
Осы жылдары жарық көрген сауат ашу әлiппесi, бастауыш сыныптарға
арналған қазақ тiлi оқулықтары соңғы жылдарға дейiн бiрнеше рет басылып
шықты.
Егемендi елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi ана тiлiмiзге деген көзқарас
бұрынғыдан да гөрi жандана түстi. Қазақ бөлiмiн былай қойғанда, орыс
аудиторияларында қазақ тiлi сабағы өтiлетiн болды. Осындай игiлiктi шаруа
30 жылдары қолға алынған. Бұған сол тұста педагог-ғалым Iсмет Кеңесбаев
өзiндiк үлесiн қосты. Атап айтсақ, ол 1939 жылы орыс мектептерiнiң жоғары
сыныптарына арнап қазақ тiлi оқулығын жазды, осы оқулығы туралы
диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты деген ғылыми атаққа
ие болды.
1944 жылы «Қазақ тiлiндегi тұрақты сөз тiркестерi» деген тақырыпта
докторлық диссертация қорғады.
Академик I.Кеңесбаев өзiнiң өмiр жолындағы ғылым мен ұстаздықты
қатар ұстаған адам.
150-
ге жуық ғылыми еңбектердiң авторы, бiрнеше ғылыми еңбектердiң
редакторы I.К.Кеңесбаевтың осындай жан-жақты ғылыми-педагогикалық,
қоғамдық қызметiн үкiметiмiз жоғары бағалап, оны Ленин орденімен,
«Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерiмен, бiрнеше медальдармен,
Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң «Құрмет Грамотасымен» марапаттады. Ең
алғашқы «Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңiрген қайраткерi» атағын алған
ғалымдарымыздың бiрi.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Кеңесбаев I. Қазақ тiлi бiлiмi туралы зерттеулер /І.Кеңесбаев. - Алматы:
Ғылым, 1987. – 352 б.
Кеңесбаев I. Қазақ тiлiнiң буын құрылысы /І.Кеңесбаев //Кенесбаев С.
Исследования по казахскому языкознанию. – Алма-Ата, 1987. – С.380-388.
Кеңесбаев I. Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi /І.Кеңесбаев. -
Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.
Кеңесбаев I. Қазақ тiлiнiң фразеологизмдерi туралы /І.Кеңесбаев.
//Кенесбаев С.К. Исследования по казахскому языкознанию.- Алма-Ата. –
1987. – 202-
252 б.
Кеңесбаев I. Орта ғасыр ескерткiштерiн зерттеу жайында бiрер сөз
/І.Кеңесбаев //Кенесбаев С. Исследования по казахскому языкознанию. –
Алма-Ата, 1987. – 64-86 б.
Кеңесбаев I. Тiл бiлiмi терминдерiнiң орысша-қазақша сөздiгi
/толықтырылып,өңд. 2-шi бас. /І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов.- Алматы: Ғылым,
1966. –
208 б.
33
Кеңесбаев I. Қазiргi қазақ тiлi (лексика, фонетика): Педагогикалық
институттар
мен
университеттердiң
филология
факультеттерiнiң
студенттерiне арналған оқулық. – 2-шi бас. /І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. -
Алматы: Мектеп, 1975. – 304 б.
Кеңесбаев I. Қазiргi қазақ тiлi: педагогикалық институттар мен
университеттердiң филология факультеттерiнiң студенттерiне арналған.
/І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. - Алматы:Қазмемоқупедбас, 1962. – 315 б.
Мүсірепов Ғ., Кеңесбаев, I. Әдеби тiлiмiз – кең арналы тiл /Ғ.Мүсірепов,
І.Кеңесбаев //Кенесбаев С.К. Исследования по казахскому языкознанию. –
Алма-Ата, 1987. – С.110-118.
Мүсірепов Ғ., Кеңесбаев I. Сөз талғамы - өрелi ой кепiлi / Ғ.Мүсірепов,
І.Кеңесбаев //Кенесбаев С.К. Исследования по казахскому языкознанию. –
Алма-Ата, 1987. – С.101-109.
Кеңесбаев I.К.Ұлт әдеби тiлдерiнiң совет дәуiрi тұсында даму
заңдылықтары /І.К.Кеңесбаев, С.Омарбеков //Кенесбаев С. Исследования по
казахскому языкознанию. – Алма-Ата, 1987. – С.86-100.
Әліппе. Сегiз жылдық мектептiң 1 кл. арналған / 2 бас. /Кеңесбаев I. т.б.-
Алматы:Қазмемоқупедбас,1963. – 96 б.
Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. 64000 сөз. /ред. басқарған
I.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. - Алматы: ҚазКСР Ғылым Акад.бас., 1963. – 576 б.
(
Қаз КСР Ғылым Академиясының Тiл бiлiмi институты)
Ол туралы:
Кеңесбаев Ісмет //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.Т.4. – Алматы: Қазақ
энциклопедиясы, 2002. – 516 б.
Кеңесбаев I.К. (Библиографиялық көрсеткiш). - Алматы: Ғылым, 1984. –
67 б.
Кеңесбаев
Ісмет
(15.2.1907-16.1.1995)
//Қазақстан
ғылымы:
Энциклопедия. Т.1. – Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 495 б.
Ісмет Кеңесбаев (1907-1995) //Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз
томдық анықтамалық. Т.2: Тарихи тұлғалар. – Алматы: Қазақстан даму
институты, 1998.- 222-224 б.
Есенов Қ. Ұстаздардың ұстазы (академик I.Кеңесбаев жайында ой-
толғам) /.Қ.Есенов //Егемен Қазақстан. – 1996. – 24 сәуiр.
Қапалбеков Ж. I.К.Кеңесбаевтың 90 жылдығына арналған халықаралық
конференция:
[
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор]
/Ж.Қапалбеков //Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым
Академиясының хабаршысы. Тiл-әдебиет сер. – 1997. - № 5. – 23-24 б.
34
Ақпан
24 жұлдыз
Педагог, әдіскер, филология ғылымдарының кандидаты
Айша
Шәмиқызы Шәмиеваның туғанына 105 жыл (24.02.1912 –
7.02.1978)
Шәмиева Айша Шәмиқызы 1912 жылы Алматы облысы, Жаркент
қаласында дүниеге келдi. 1937 ж. Мәскеудегі Орталық ұлттар ғылыми-
зерттеу педагогикалық институтын бітірген.
Ол еңбек жолын 1938 жылдан Алматы қаласындағы Абай атындағы
Қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы
Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті) педагогика кафедрасында аға
лаборант болып бастады.
1942 жылы осы кафедрада аға оқытушы болып, ал 1944 жылы
ұйғыртанушы С.Е.Маловтың жетекшiлiгiмен «Ұйғыр жазба тiлiнiң орыс жазу
негiзiндегi алфавитi» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
1944-
1945 жылдары филология факультетiнiң деканы болып қызмет
атқарды. 1945-1947 жылдары қыздар педагогикалық институтының (қазіргі
Қазақ мемлекеттік қыздар университеті) ғылым және оқу жөнiндегi
проректоры болып, ал 1947-1955 жылдары Қазақ академиясында аға ғылыми
қызметкер, ұйғыр-дүнген сектор меңгерушiсi болып iстедi. 1955-1958
жылдары арасында ұйғыр тiлiнiң оқыту методикалық кафедрасында доцент
болды. 1961 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Ы.Алтынсарин атындағы
педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында (қазiргi Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақ бiлiм академиясы) мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру және
ұйғыр тiлiн оқыту методика секторының меңгерушiсi болды. 1962 ж.
ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын алды.
Шәмиева Айша Шәмиқызы 1-7 ұйғыр сыныптарына арналған
оқулықтар және оқу-әдiстемелiк құралдардың авторы. Он жылдан астам
А.Ш. Шәмиева халыққа бiлiм беру министрлiгi жанындағы оқу-әдiстемелiк
кеңесiнiң төрағасы болып қызмет атқарды.
Ғылыми-педагогикалық жұмыстағы жемiстi еңбегi үшiн «Еңбек Қызыл
Ту» орденiмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң «Құрмет грамоталарымен»,
«КСРО ағарту iсiнiң үздiгi» және «Қазақ КСР халық ағарту iсiнiң озық
қызметкерi» белгілерімен марапатталды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Шәмиева А.Ш. 1-3 кластағы ұйғыр тiлiндегi оқулықтарға методикалық
көмекшi құрал /А.Ш.Шәмиева. - Алматы: Мектеп, 1985.
Шәмиева А.Ш. Ұйғыр тiлiнiң фонетика және лексикасы туралы оқыту
методикалық көмекшi құрал /А.Ш.Шәмиева. - Алматы:Мектеп, 1985.
Шәмиева А.Ш. Ұйғыр тiлiнiң фонетика және лексикасын оқыту
методикасы /А.Ш.Шәмиева. - Алматы: Мектеп, 1974
Шәмиева А.Ш. Елипба: [үш жиллиқ башлунгуч мәктәпниң 1 синипи
үчүн] 16-нәшри /А.Ш.Шәмиева, С.Тоқаев. - Алмута: Рауан, 1990. – 87 б.
Әлахунова Б., Шәмиева А. Елипба: башланғуч мектәпниң биринчи
синипи үчүн дәрислик. 7-нәшри / Б.Әлахунова, А.Шәмиева. - Алмута: Рауан,
1997. –
96 б.
35
Әлахунова Б., Шәмиева А. Елипба:[төрт жиллик башлангуч мәктәбниң
биринчи синипи үчүн дәрислик]. – 5 нәшри /Б.Әлахунова, А.Шәмиева. -
Алмута: Рауан, 1992. – 96 б.
Ол туралы:
Шәмиева Айша Шәмиқызы //Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. Т.З. –
Алматы, 1988. – 573 б.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады.
Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады. Бұл күні жер
бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп,
өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде
мойындатады. Түрлі экономикалық, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп
жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен,
жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып
отырғандықтары ақиқат. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен
сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.
Халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - Нью-Йорктегі
фабрика мен мақта-мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. Олар 1857 жылы
тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.
1908 жылдың 8 наурызында Нью-Йорктың социал-демократиялық
көзқарастағы әйелдер ұйымы әйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингке
шыққан-ды. Оған 15 мыңнан астам әйел қатысты, олар өздеріне еркектермен
бірдей жағдай жасауды талап етті. Сонымен қатар, әйелдер сайлауға
қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.
1909 жылы Американың Социалистік партиясы әйелдер күнін
жариялады. Ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы Копенгагенде
өткен әйелдер жиынына АҚШ-тан делегаттар келді, олардың арасында Клара
Цеткин де болды. Ол Екінші Халықаралық социалист әйелдер
конференциясының делегаты еді.
1910 жылы беделді неміс социалист әйелі Клара Цеткин Екінші
Халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін
белгілеуді ұсынды. Бұл Копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. Мұнда Екінші
Интернациона дың 8-інші Конгресі өткен болатын.
Бірінші Халықаралық әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда,
Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан
митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы
12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария,
Голландияның әйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің әйелдері бас
көтерді.
1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер Халықаралық әйелдер күнін
атап өтті. 1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.
36
Бұл мерекеде барлық мектептерде ұстаздарды, аналарды, қыз
балаларды құттықтау, құрметтеу мақсатында көптеген іс-шаралар өтіледі.
Атап айтсақ әртүрлі тақырыптағы тәрбие сағаттары, қыз сыны байқаулары
және мерекелік кештер. Аналар күніне арналған «Әлемнің жарығын
сыйладың сен маған...» атты мерекелік кештің өтілу барысына келсек
«Сәбидің дүниеге келуі» (сахнада ана мен сәби), «Найман ана» көріністері
қойылады. 8-9 сынып оқушылары аналарды өлеңдермен құттықтай отырып
«Кешір ана», ару қыздарға арналған «Арулар асыл жандар...»
бейнеклиптері көрсетіледі, күйлер орындалады. Сонымен қатар 8-наурыз
мерекелік кешінің шығу тарихы жайлы да мағлұматтар береді. Кеш
оқушылардың әдеби монтаждарымен аяқталады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Әлібекова Г.Б. Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық:[8 наурыз Халықаралық
әйелдер мерекесіне орай «Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық» атты кездесу
кеші] / Г. Б. Әлібекова // Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының
сценарийлері. - 2016. - № 2. - 30-32 б.
Баймурзаева Ж.Ч. Ана, саған табынамын: [8-наурыз - Халықаралық
әйелдер мерекесіне арналған кеш] / Ж. Ч. Баймурзаева // Мектептегі
мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2016. - № 4. - 9-10 б.
Дүйсенбаева Д. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған: [аналар күніне
арналған кеш] /Д.Дүйсенбаева // Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 3. – 4-5 б.
Дуйсенбаева А.Т. Ана - өмір шуағы: [«Ана - өмір шуағы» атты ертеңгілік]
/ А. Т. Дуйсенбаева // Жанұя мен мектептегі тәрбие=Воспитание в семье и
школе. - 2016. - № 1. - 37-38 б.
Елеубаева К. Тәрбие сағаты: [«Айналайын анашым!» 8-наурыз
халықаралық әйелдер күніне байланысты ертеңгілік] / К. Елеубаева
// Бастауыш мектеп. - 2013. - № 7. - 35-36 б.
Есболат Ж. Қызға қырық үйден тыйым:[автор өзінің «Қыз тәрбиелей
отырып ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбына арналған дебатын ұсынады]
/ Ж. Есболат // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2014. - № 5. - 17-19 б.
Жаксыканова Ж. Ана - бақыт, жанашыр:[8-наурыз халықаралық әйелдер
күніне арналған мерекелік кештің сценарийі] / Ж. Жаксыканова,
С. Мусапарова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2016. - № 2. - 21-24 б.
Итбаева А. Ана - күннің шуағы (Мерекелік кеш):[Халықаралық
әйелдер күніне арналған] / А. Итбаева //Тәрбие құралы. - 2016 - №2. - 29-31 б.
Көбенқұлова Ш. Сүйікті анашым: [8-наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесіне арналған «Ана - өмірдің гүлі» атты мерекелік кештің сценарийі]
/ Ш. Көбенқұлова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2016. - № 1. - 42-
44 б.
Қосбергенова М. Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады /М.Қосбергенова
// Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 3. – 16-17 б.
Мұханбетжанова А. Ана - өмірдің шуағы:[8 наурыз халықаралық
әйелдер күніне арналған ертеңгілік] / А. Мұханбетжанова //Тәрбие жұмысы:
мектепте және мектептен тыс мекемелерде. - 2013. - № 2. - 10-11 б.
37
Насиханова А. Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз:[8 Наурыз -
Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған кештің сценарийі] /А. Насиханова
// Оқыту - тәрбиелеу технологиясы. - 2013. - № 2. - 46-47 б.
Сейсенбина К.З. «Арулар - асыл жандар, шуақ боп шашылғандар»:
[«
Қыз сыны байқауы»] / К. З. Сейсенбина // Әдебиет Қазақстан мектебінде
=Литература в казахстанской школе. - 2016. - № 1. - 54-56 б.
Узабаева Н. Ана - бақыт, ана - күн: [8-наурыз аналар күніне арналған
ертеңгілік] / Н. Узабаева // Мектеп - 45 минут. - 2014. - № 6. - 31-32 б.
Үсіпжанқызы Г. Қыздар - біздің гүліміз:[8 наурыз халықаралық күніне
арнап өткізген «Қыздар-біздің гүліміз» байқауының сценарийі]
/ Г. Үсіпжанқызы // Ұлағат. - 2014. - № 5. - 68-73 б.
Хабалқызы А. «Ананың анасы» не дейді. (Ақмола облысының Зеренді
ауданында облыстық семинарда өткізген сабақ) / А. Хабалқызы
// Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2014. - № 8. - 55-59 б.
21 наурыз–4 сәуір
–
Көктемгі демалыс
Наурыздың 11-і мен 21-і аралығында «Наурыз мейрамы» мерекесіне
дайындық: мектеп мұражайларының экспозицияларын жаңарту, ішкі
бөлмелерді, ғимараттардың қасбеттерін (фасадтарын) безендіру, мектеп
ауласын жинап, тазалау, сенбіліктер, еңбек десанттары, ағаштар мен
бұталар отырғызу, талдарды әктеу, спорт ойын алаңдарын сырлау.
Көктемгі демалыс кезеңінде жұмыспен қамтуды ұйымдастыру
жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргізу: көктемгі демалыс күндеріндегі
жалпымектептік іс-шаралар жоспарын, спорт залы мен компьютер
сыныбының жұмыс кестесін әзірлеу, үйірмелер мен секциялардың сабақ
кестелерін әзірлеу, оқушылар мен ата-аналарға арналған қабырғалықты
ресімдеу. Көктемгі демалыс күндеріндегі жұмыспен қамтылу нысаны туралы
ата-аналарды
ата-аналар
жиналыстарында,
оқушыларды
мектеп
жиналыстарында таныстыру. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу
жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жүргізу: ықшамаудан бойынша
рейдтерге шығу, пәтерлерге бару, мінез-құлқы девиантты оқушылармен
әңгімелер өткізу.
Құқық қорғау, жол полициясы, денсаулық сақтау органдарының, төтенше
жағдайлар қызметінің өкілдерімен кездесулер, судағы және жолдардағы
қауіпсіздік техникасы туралы профилактикалық әңгімелер өткізу.
21 наурыз – 22 наурыз –
Наурыз мейрамы. «Қош
келдің,
әз-
Наурыз!», «Наурыз шапағаты», «Наурыз – жыл басы» атты ата-аналардың,
педагогикалық ұжымның ардагерлерінің, мектеп қамқоршыларының
қатысуымен мектепте және сыныптарда мерекелер өткізу. Қалалық және
облыстық салтанаттарда және орталық алаңдардағы мерекелік концерттерге
қатысу.
23 наурыз –
Достық пен келісім күні. Қазақстан халқы ассамблеясы
өкілдерінің қатысуымен «Ынтымағы жарасқан елміз», «Ынтымақ пен
38
келісім», «Халық достығы – тіл достығы», «Ақпыз, қара, сарымыз –
ағайынбыз бәріміз», «Біз бәріміз әр түрліміз» атты фестивальдерін,
мерекелік концерттерді, көркемөнерпаздар байқауларын өткізу.
24 наурыз –
Білімділер мен мен білгірлер күні. «Білімді шығар
биікке» атты үздік оқушылар слеттерін, «Әдебиеттік оқу пәнінің алғыры»,
«Математика білгірлері», «Болашақ биолог», «Химия біздің өмірімізде» т.б.
жалпымектептік зияткерлік викториналар, конкурстар, олимпиадалар,
ғылыми жобаларды қорғауды өткізу.
25 наурыз -
Қолөнер үйірмелері күні. Мектеп үйірмелері мен
клубтарымен таныстыру, олардың бағыттарымен, және олардың
жетекшілерімен танысу, «Қолөнершілер парады», «Менің үйірмем», «Біздің
мектептің шеберлері», «Өнерпаз оқушылар» атты оқушылар мен мұғалімдер
қолымен жасалған заттар мен бұйымдардың көрмелерін ұйымдастыру.
Үйірмелерге қабылдау. Үйірмеге қатысушылардың концертін ұйымдастыру.
26 наурыз –
Отбасы күні. Әкелердің, аналардың, ата-әжелердің
қатысуымен «Ардақта ата-анаңды!», «Әкем, анам және мен – көп тілді
отбасымыз», «Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы», «Ана күннің
шуағы», «Әжелер – отбасының берекесі» атты конкурстар, мерекелік
концерттер, тақырыптық викториналар өткізу. Егіздердің қатысумен «Біз
егіздерміз» жалпымектептік, аудандық және қалалық фестивальдер, олардың
әуестіктері парадын, егіздердің ең спорттық, тапқырлар, көңілді, сазды және
шығармашыл жұбының шығармашылық конкурсын өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |