1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛIГI
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КIТАПХАНА
201
7 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ
АТАУЛЫ ДАТАЛАР КҮНТIЗБЕГI
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС
КӨРСЕТКІШІ
АЛМАТЫ 2016
2
Құрастырушы:
Иманбекова К.Ж.
Редактор:
Насырова А.А.
2017
жылға арналған бiлiм беру саласындағы атаулы даталар
күнтiзбегi: әдебиеттердің ұсыныс көрсеткiші. - Алматы, 2017. – 235 б.
Күнтiзбекте Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым саласындағы
тарихи және ресми құжаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы
деректер, ағартушылардың, педагогтардың, ғалымдардың, бiлiм беру саласы
қызметкерлерiнiң, бiлiм тарихын зерттеушiлердiң, оқулықтар мен оқу
құралдары авторларының атаулы даталары жайлы мәлiметтер берiлген.
Күнтiзбек үш бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде – бiлiм беру
саласындағы әр айдың даталар күнтiзбегi; екiншi бөлiмде айы мен күнi
белгiсiз даталар; үшiншi бөлiмде бiрiншi, екiншi бөлiмдегi – жұлдызша (∗)
арқылы белгiленген әрбір датаға қысқаша анықтама мен әдебиеттер тiзiмi
берiлген. Күнтiзбектiң соңында аталған есiмдердiң алфавиттiк көрсеткiшi,
сонымен қатар авторлардың, редакторлардың және құрастырушылардың
алфавиттiк көрсеткiшi берiлген.
Күнтiзбек оқытушыларға, студенттерге, оқушыларға, ағарту саласы
кітапханаларының қызметкерлеріне және көпшілік қауымға арналған.
Күнтізбек казақ және орыс тілдерінде жеке басылым болып шығады.
Осы күнтiзбек туралы пiкiрлерiңiздi мына мекен-жайға жазуға болады:
050010 Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 21/25. Республикалық ғылыми-
педагогикалық кiтапхана. Тел./факс 91-69-11.
3
2017
ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БIЛIМ БЕРУ
САЛАСЫНДАҒЫ АТАУЛЫ ДАТАЛАР
КҮНТIЗБЕГI
Қаңтар
1 қаңтар
1
қаңтар
1 қаңтар
1 қаңтар
7 қаңтар
12 қаңтар
12 қаңтар
26 қаңтар
9
ақпан
10 ақпан
13 ақпан
15 ақпан
Жаңа жыл
Педагог, ғалым, мемлекет қайраткері, КСРО Педагогикалық
Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ
КСР Оқу ағарту министрі (1963-1971), Жоғары және
арнаулы орта білім министрі (1971-1974),
Кенжалы
Аймановтың туғанына 100 жыл (1.01.1917-26.08.1974)*.
Шығыс зерттеушiсi, түрколог, этнограф
Василий
Васильевич Радловтың туғанына 180 жыл (1.01.1837 –
12.05.1918
)
Әнші, Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі,
Халық қаҺарманы
Роза Тәжібайқызы Бағланованың
туғанына 95
жыл (1.01.1922-8.02.2011).
Православиелік Рождество күні.
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым,
Қазақстанның бірінші басшысы
Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаевтың туғанына 105 жыл (12.01.1912-22.08.1993).
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,
Халықаралық инженерлік Академиясының және Қазақстан
Республикасының инженерлік Академиясының мүше-
корреспонденті
Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің туғанына
65
жыл (12.1.1952)*
Ақын
Жұмағали Саинның туғанына 105 жыл
(26.01.1912 – 28.05.1961)
Қаңтар айының үшінші жексенбісі – Халықаралық қар
күні. Бұл күннің мақсаты техникалық ойындарға әуес
балаларды таза ауадағы қармен ойнауға тарту, қысқы спорт
түрлеріне бейімдеу.
Ақпан
Тарихшы, академик, Қазақ КСР-iне еңбек сiңiрген ғылым
қайраткерi
Анна Михайловна Панкратованың туғанына
120
жыл (9.02.1897 – 25.05.1957)
Орыстың ұлы ақыны
Александр Сергеевич Пушкиндi
еске алу күнi (1799-10.02.1837)
Педагог, журналист, ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор
Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың
туғанына 80
жыл (13.2.1937-9.5.2000)*
Түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ
КСР
Ғылым
Академиясының
академигі
Ісмет
4
15 ақпан
17 ақпан
21
ақпан
24 ақпан
1 наурыз
2 наурыз
3 наурыз
3 наурыз
Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл
(15.02.1907-19.01.1995)*
Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні. 1989
жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерінің ең соңғы
бөлімшесі қайтарылды. Осы оқиғаға байланысты 15 ақпан
Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні деп
жарияланды.
Дүниежүзілік мейірім күні. Бұл күні дүниежүзілік
ұйымдар адамдарды бір біріне мейірімді, қайырымды
болуға шақырады.
Халықаралық ана тілі күні. 1999 жылдың 17
қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында
жарияланды, 2000 жылдың ақпанынан бастап тілдік және
мәдени алуандылыққа, көптілділікке қолдау білдіру үшін
жыл сайын атап өтіледі.
Педагог, әдіскер, филология ғылымдарының кандидаты
Айша Шәмиқызы Шәмиеваның туғанына 105 жыл
(24.02.1912 – 7.02.1978)*.
Ақпан айының бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік
қауіпсіз Интернет күні. Бұл күн 2004 жылы
Еврокомиссияның ұсынысы бойынша бекітілген. Бұл
күннің мақсаты мемлекет, бизнес және қоғамның балалар
мен жасөспірімдерді Интернет желісінде қауіпсіздік
қағидаларын сақтап, интернет-этика мен заңға қарсы болып
табылатын мәліметтерден сақтандыру болып табылады.
Наурыз
Алғыс айту күні. Президент жарлығымен белгіленген
Алғыс айту күнін 2016 ж. 1 наурызда барша Қазақстан
халқы тұңғыш рет мерекелейтін болды. Бұл күн ұлт пен
ұлысты жақындастыратын мереке ретінде аталып өтіледі.*
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелiкке
қабылданғанына 25
жыл (2.03.1992).
Ақын, педагог
Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл
(03.03.1937-1967).
Дүниежүзілік жазушы күні.
Дүниежүзілік жазушы күні
Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі
негізінде атап өтіледі. Клуб 1921 жылы құрылған.
Ұйымның атауы ағылшынның poets - ақындар, essayists -
очеркшілер, novelists - романшылар сөздерінің бастапқы
әріптерінен құрылған. Сонымен қатар «pen» сөзі ағылшын
тілінен аударғанда «қаламсап» деген мағынаны береді.
Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-
Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон
Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы
5
8 наурыз
8 наурыз
8 наурыз
14 наурыз
15
наурыз
20 наурыз
21 наурыз
21 наурыз
халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық
әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130
елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар.
ПЕН-клуб - халықаралық жазушылар бірлестігі, оның
Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер
арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға
жақтасу» деп көрсетілген.
Халықаралық әйелдер күнi.
Кеңес Үкiметiнiң және КСРО Ғылым Академиясы
Президиумының шешiмi бойынша КСРО Ғылым
Академиясының Қазақстандық базасы құрылғанына 85
жыл (8.03.1932 )
Әнші, Қазақ КСР-нің халық әртісі
Жамал Омарованың
туғанына 105
жыл (8.3.1912-15.4.1976)
Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионерi») газетiнiң шыға
бастағанына
85 жыл (14.03.1930)
Дүниежүзілік тұтынушыларды қорғау күні. 1983 жылдан
бері 15 наурызда халықаралық күнтізбекке енгізілген.
Халықаралық бақыт күні. Бұл күн 2012 ж. 28 маусымда
БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша БҰҰ мүше
193 елдің қолдауымен 20 наурызда тойлансын деп
шешілді. 2016 жылы Алматыда алғаш рет осы мереке
аталып өтілді.
Дүниежүзілік
поэзия
күні.
ЮНЕСКО
Бас
конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында 21
наурызда Дүниежүзілік поэзия күнін атап өту туралы
шешім қабылданды. Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап
өтілді. «Поэзия, - делінген ЮНЕСКО шешімінде, - қазіргі
заманғы адамның өткір де терең рухани мәселелеріне жауап
бере алады. Бірақ бұл үшін оған қоғам назарын
мүмкіндігінше кеңірек аударту қажет.
Сонымен
қатар
Дүниежүзілік
Поэзия
күні қазіргі ақындардың шығармалары оқырмандарына,
негізінен солардың күшімен, жол тауып жатқан шағын
баспалардың, тебіреніске толы сырлы сөзбен мәңгілік
дәстүрді қайта тірілтіп жүрген әдеби клубтардың өздерін
кеңінен танытуына мүмкіндік беруі тиіс». Бұл күні
бұқаралық ақпарат құралдарында поэзияның шын мәніндегі
қазіргі заманғы, адамдар ашық қабылдай алар өнер
ретіндегі жағымды кейпін қалыптастыруға қызмет етуі
қажет.
Көктемгі демалыс (21 наурыз- 4 сәуір)*
6
22 наурыз
22 наурыз
22 наурыз
23 наурыз
24-
30наурыз
25 наурыз
25 наурыз
27 наурыз
1 сәуір
1 сәуір
2
сәуір
Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткерi,
академик
Ғабит Махмұтұлы Мүсiреповтың туғанына 115
жыл (22.03.1902 – 31.12.1985).
Ақын, педагог, Қазақ КСР кәсіптік-техникалық білім беру
ісінің озаты
Камардин Бектұрсынұлының туғанына 80
жыл (22.03.1937-2003).
Наурыз мейрамы*
Әдебиет зерттеуші ғалым, жазушы, профессор, Қазақстан
Ұлттық Ғылым Академиясының академигі
Серік
Смайылұлы
Қирабаевтың
туғанына
90
жыл
(23.03.1927)*.
Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы. Бұл
мереке жыл сайын оқушылардың көктемгі демалыс
күндерінде өткізіледі. Бұл мерекенің тарихы былай
басталған. Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кезі, күн
суық, азық-түлік тапшы, карточкамен берілетін. Осындай
1943 жылдың суық, сұрғылт көктемінің бір күнінде
Одақтар үйінің суық залына балалар жазушылары мен
ақындары Мәскеудің оқушы балаларын жинап балалар
кітаптары туралы кездесу өткізді. Осылай алғаш рет
балалар кітабы апталығы пайда болды. Қазір бұл мереке
жыл сайын «Балалар мен жасөспірімдер кітаптарының
апталығы» мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтіледі.
Бұл
мерекенің мақсаты - кітап оқуды жас ұрпақтың қызықты да
тиімді демалыс уақытына айналдыру, балалардың,
жасөспірімдердің рухани дамуына жағдай жасау.
Педагог, профессор
Әуесқан Рақымұлы Жұмақановтың
туғанына 90
жыл (25.03.1927). Негiзгi ғылыми еңбектерi -
оқушылар мен жастарға тәрбие беру мәселелерi
География ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның
еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері
Бейсенова Әлия
Сәрсенқызының туғанына 85 жыл (25.3.1932)*
Халықаралық театр күнi. 1961 жылы Халықаралық театр
институтының ІХ конгресінде 27 наурызды Халықаралық
театр күні деп тойлау бекітілді
.
Сәуiр
Халықаралық құстар күні. 1906 жылы 1 сәуірде
құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол
қойылды. Сол себепті осы күн – Халықаралық құстар күні
деп аталып өтіледі.
Қазақстанның Халық жазушысы
Иван Павлович
Щеголихиннiң туғанына 90 жыл (1.04.1927-13.12.2010).
Халықаралық балалар кiтабы күнi.*
7
7 сәуір
10 сәуір
12 сәуір
12 сәуір
15 сәуір
18 сәуір
22 сәуір
23 сәуір
Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні*.
Қазақ КСР-iне еңбек сiңiрген мұғалiм, қазақ, ұйғыр
мектептерiне арналған орыс тiлi оқулықтарының авторы
қоғам қайраткерi
Роза Дүйсебайқызы Есенжолованың
туғанына 90
жыл (10.04.1927- 10.03.2011)*.
Дүниежүзiлiк ғарышкерлiк күнi.*
Ғылым қызметкерлері күні. Бұл мереке 2011 жылы 22
қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы
бойынша тағайындалды. 12 сәуірде Қазақстанның
көрнекті
ғалымы,
академик,
Қазақстан
ғылым
академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев дүниеге келген. Сол себепті осы күн мереке ретінде
тойланады.
Халықаралық мәдениет күні. 1935 жылы көркем және
ғылыми мекемелер мен тарихи ескерткіштерді қорғауға
арналған халықаралық Рерих Пактісі деп аталатын келісімге
қол қойылған. 1998 жылдан бастап 15 сәуір Халықаралық
мәдениет күні деп аталынып келеді
Халықаралық ескерткiштер мен тарихи орындарды
қорғау күнi. Жыл сайын әлем қауымдастығы 18 сәуірде
Халықаралық тарихи ескерткіштерді және тарихи
орындарды қорғау күнін атап өтеді. 1982 жылы ЮНЕСКО
жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен
көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес
ассамблеясы осы күнді бекіткен болатын. Басты мақсат –
жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру,
тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды
қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.
Халықаралық Жер-Ана күні. Бұл күнді жариялау туралы
қарарды БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 ж. сәуірдің 22-сінде
бірауыздан мақұлдады. Қарарды мақұлдағандардың
қатарында Қазақстан да бар. Жер-Ана күнін жариялау
планетамыздың және оның экологиялық жүйесінің бізді
өмірмен қамтамасыз етіп отырғанын түсінгенімізді паш
етіп, сондай-ақ 1992 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен
қоршаған орта және оны дамыту Конференциясында
қабылданған міндеттерді бекіте түсті. Бұл күн 2010 ж.
бастап атап өтіледі.
Қазақ КСР-iне еңбек сiңiрген мұғалiм, алғаш қазақ
мектептеріне арнап орыс тілі оқулығын шығарған
авторлардың бірі
Давид Васильевич Костенконың
туғанына 120
жыл (23.04.1897-1960)
8
23 сәуір
24 сәуір
26 сәуір
27 сәуір
2
8 сәуір
29 сәуір
Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні
.
Бұл күнді атап өтуге себепті нәрсе – 23 сәуірдің қаламгер
қауымына көп байланысты болғандығынан. 1616 жылдың
23 сәуірінде әлемді мойындатқан классик қаламгерлер
Сервантес, Шекспир, Инка Гарсиласо де ла Вега дүниеден
өтті. Бұл күн – сонымен қатар әлемге танымал авторлар
Морис Дрюон, X.Лакснесс, Владимир Набоков, Мануэль
Мехиа Вальехоның туған және өмірден қайтқан күндері.
Сондықтан әлемнің кітапсүйер қауымы 23 сәуірді Кітап
және авторлық құқық күні ретінде атап өтеді.
1995
жылы
Парижде
ЮНЕСКО-ның
Бас
конференциясы Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық
күнін атап өтуді белгілеген.
Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні.
Демократиялық жастар дүниежүзілік федерациясының
шешімімен жыл сайын 24 сәуір күні аталып өтеді. Тұңғыш
рет мереке 1957 жылы өткізілді. Бұл дата мемлекеттік
органдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат
құралдарының назарын жастар проблемасына аударту үшін
тағы бір себеп болып табылады. Аталмыш датадан бөлек,
ғаламшар жастарына арналған бірнеше мереке бар, олар -
12 тамыз күні атап өтілетін Халықаралық жастар күні және
10 қараша - Дүниежүзілік жастар күні.
Көрнекті қазақ архитекторы
Шота Ыдырысұлы
Уәлихановтың туғанына 85 жыл (26.4.1932)
Халық мұғалiмi, Қазақ КСР-iне еңбек сiңiрген кәсiптiк-
техникалық бiлiм беру қызметкерi
Төлепберген
Смағамбетұлы Қасымовтың туғанына 85 жыл
(27.04.1932)
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. 1999 АҚШ пен Канада
еңбекшілер кәсіподағының ұйымдастыруымен қаза болған
жұмысшыларды еске алу күні өткізіледі. Содан бері
осындай шаралар барлық елдерде өткізіліп келеді.
Ресми түрде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Халықаралық еңбек ұйымының тағайындауы бойынша
2003 жылдың 28 сәуірінен бастап аталып өтіледі.
Халықаралық би күні
.
1982 жылдан бастап ЮНЕСКО-
ның шешімімен тарихқа «заманауи балеттің негізін
қалаушы» ретінде енген, хореографиялық өнердің
реформаторы және теоретигі, балетмейстер Жан-Жорж
Новердің туған күнінде атап өтіледі.
9
1 мамыр
1 мамыр
2
мамыр
3 мамыр
4 мамыр
7 мамыр
8 мамыр
8 мамыр
9 мамыр
15 мамыр
Мамыр
Қазақстан халқының бiрлiгi күнi.*
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы Жоғары мектеп Ғылым академиясының
академигі
Достарыңызбен бөлісу: |