Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхана



Pdf көрінісі
Дата31.01.2017
өлшемі4,83 Mb.
#3075

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапхана



Салқам Жәңгір хан

(1628-1652)

Алмабаева А.

Әдебиеттерді ғылыми өңдеу

бөлімінің қызметкері



Қазақ хандығына 550 – жыл

Салқам Жәңгір хан   

«Орбұлақ шайқасы»

Есім хан 1628 жылы 

қайтыс болғаннан кейін  

мұрагері Жәңгір хан билік 

басына келеді.

Есім ханның көзі тірісінде-ақ жоңғар 

қалмақтарымен күресте оның ұлы Жәңгір сұлтан 

көзге түседі.

Салқам Жәңгір – Қазақ Ордасының 24-ші ханы. 

Есім ханның белгілі үш ұлының бірі, әрі бірегейі. 

Шежіреге сүйенсек;

Салқам Жәңгір ханның шежіресі

Шыңғыс хан     Жошы хан     Орда Ежен     Сарытақтай      

Қоныша 

Баян     Сасыбұқа    Ерзен    Шымытай     Орыс хан 

Құйыршық

Барақ хан       Жәдік  

Шығай хан                                      Есім хан 

Салқам Жәңгір хан

СалқамЖәңгір хан 

шын есімі 

Жаһангер

саясаткер,тапқыр да 

батыл қолбасшы, 

халық жанашыры 

1635 жылғы шайқаста қазақ 

жауынгерлерінің тікелей 

қолбасшысы болды

жоңғар тұтқынына 

түсіп, еліне қайта 

оралады

жоңғар хандығының 

негізін қалаушы Батыр 

қонтайшы

билеуші деген мағынаны 

білдіреді

1643 жылы Батыр 

қонтайшы қазақ 

жерін басып кірді

осы жылы Орбұлақ 

шайқасы болды

1643 жылы 

Орбұлақ 

шайқасы 

Батыр қонтайшы 

қазақ жеріне 

жорық жасап, 

өшін алмақ болады

осы шайқаста 

“Салқам Жәңгір” 

атанады

1652 жылы дүние 

салды 

Осы шайқаста  

қаһармандығымен 

көзге түседі



Туылған жылы белгісіз ол жөнінде әзірге 

ғылымға белгілі деректерде ешқандай 

мәліметтер жоқ. Бірақта оны болжаммен 

XVI-ғасырдың соңында немесе XVII ғасырдың 

бас кезінде дүниеге келген деп айтуға болады. 

Жәңгірдің шын есімі – Жаһангер (парсыша

“әлемді бағындырушы, билеуші”). Оның Жәңгір

болып айтылуы парсыша есімнің қазақ тілінің

ерекшелігіне сай  өзгеруінен шығып тұр.

Мұндай есім XV-XVIII ғасырлардағы Орталық Азия 

мен Қазақстан аумақтарындағы билеуші әулет 

өкілдерінің арасында жиі ұшырасады.

Жәңгір ханның есімі шығыс деректеріндегі және орыс 

тіліндегі мәліметтерде XVII ғасырдың 30- жылдары

ның ортасындағы оқиғаларға байланысты кездесе 

бастайды. Ондағы деректердің мәліметтерінде ол 

сұлтан лауазымымен айтылады.

Жәңгір ханның ұрпақтары жайында айтсақ, екі 

қызы үш ұлы болған. Екі қызының бірі 

Аштарханилық, Абдал-Азиз ханға, екіншісі Қазақ 

ханым атты қыз – Шығыс Түркістандағы 

шағатайлық Абдоллах ханның ұлы Жолбарыс 

ханға ұзатылады.  Жәңгір ханның ұлдарының 

үлкені – Аппақ сұлтан, келесі ұлдарының бірі –

Тәуке  сұлтан. Ол қазақ тарихында – Тәуке, Әз 

Тәуке деген есіммен қалады. Ал үшінші  ұлының 

есімі Уәлибақи. Жәңгір әкесінің тірі кезінде – ақ  

Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын нағашы 

атасы Әбдірақым хан билеген.

Салқам 

Жәңгір 

хан

ішкі 

саясаты

Қазақ рулары мен тайпалар 

арасындағы қақтығыстарды 

тоқтатты. Тайпалар мен қазақ 

руларының басын  біріктірді. Бір 

мемлекетке шоғырландырды.

сыртқы 

саясаты

Ресей, Орта Азия, Қырғыз елдері 

мен экономикалық және сауда бай-

ланысы. Қазақ жеріне ешкім қол сұға 

алмайтын тұтастығын қамтамасыз  

етуге бағыттады. Көршілес мұсыл-

ман елдеріндегі билеуші әулет өкілде-

рімен туыстық қатынастарды нығай-

туды, бейбітшілікте болуды мақсат 

еткен.

Есім ханның мұрагері Жәңгірдің өмірі 

ат үстінде Қазақ хандығы жаулары-

мен күресте өтеді. Жәңгір хан билік 

құрған жылдары Сыр бойындағы 

Аштарханидтермен және Жетісудағы 

жайылымдар үшін қалмақтармен 

қақтығыстар тиылмады. Қазақ ханды-

ғына қалмақтар жақтан төнген қауіп 

зор болды. Олар өздерін “ойраттар” 

деп атаған.

Аштархани 

әулеті – Орта 

Азияның тарихын

дағы әміршілер-

дің әулеті

1635 жылы шайқаста Жәңгір жоңғарлардың 

қолына түсіп, тұтқында жүріп жоңғар ханды-

ғын билеуші Батыр қонтайшының әскери 

тактикасын жақсы игеріп алады. Осы жылы 

ойрат – қалмақ мемлекеті бой көтерді. Қытай 

және қазақ пен қырғыз жерінің ортасында 

жатқан Жоңғар хандығы, аумағын кеңейтуді 

ойлап, таулы, тастақ өлкеден гөрі, жазықты 

өңірге  көз аларта түсті. Кешікпей мұздай 

қаруланған 50 мың қол қазақ пен  қырғыз 

жеріне  басып кірген. 

Алғашқы шайқастың бірі осы 

Талас өңірінде өтеді. Бұл соғыс-

та өзбек қолын Алдышүкір 

басқарып  келіп, қазақ, қырғыз 

жасағымен бірлесіп, тұтқиыл

дан келген жауға қарсы соққы 

берген. 

Бауырлас үш ұлттың үзеңгі қағысқан бірлігі 

өзбек жерінде, қазақ даласының оңтүстік 

аймағы- Сайрам маңында болған соғыста қазақ 

батырлары ерлік көрсеткен

.

1635 жылы болған ірі шайқаста қалмақ қолына 

түскен Жәңгір сұлтанды Шапырашты Қарасай 

батыр мен арғын Ағынтай батыр тұтқынан

құтқарған.



Салқам Жәңгірдің  жанына топтасқан  

сарбаздардың әрқайсысы жүзге татитын 

батырлар еді. Өйткені қазақ жері үшін 

жоңғарлардан тайсалмай төтеп берген. 

Қалмақ батырларымен әлденеше рет 

жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем 

болып отырған. Қарасай батыр мен 

Ағынтай батырдың орасан зор қара күш 

иесі екені байқалады. Жұдырығы тигенді 

сау қалдырмаған. Сондықтан да халық 

жұдырығы қатты адамды  “Ағынтай 

жұдырық” атап кеткен.

Ағынтай батырдың жоңғар мен шайқасуы

Ағынтай батыр мен Қарасай батыр ескерткіші

Қалмақтар бұл жылдары шығысын

да Ханғай таулары, батысында 

Монғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, 

солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің 

жоғарғы ағыстары арасында көшіп 

қонып жүрді. 1635 жылы бұл 

территориядағы тайпалардың басын 

біріктіріп, Батыр қонтайшы Жоңғар 

мемлекетінің негізін қалады. 

Батыр қонтайшы келіп,бытыраңқы Жоңғар хандығын  

күшейтіп, әкесі Қарақұланың саясатын жалғастырып, 

өзіне бағынғысы келмеген ойрат ақсүйектерінің 

қарсылығын басуға көп күш салды.Әлденіп алған соң 

бейбіт жатқан қазақ ауылдарын қасіретке ұшыратты.

Жәңгір Хан жоңғар қазақ жеріне 

тынымсыз шабуыл жасап тұрған 

аса қиын кезеңде билік жүргізді. 

Бұл кезең қазақ-қалмақ арақаты-

насындағы аумалы-төкпелі, теке-

тірес жылдар болатын. Қазақтар 

ойраттарға қарсы одақ құрады.   

Жас Жәңгір осы кезде қалмақ еліне 

қазақ елшілігінің  құрамында бар-

ған.

Төрт жыл өткен соң  қазақ сұлтаны  Есім 

мен Шорастың тайшысы Қарақұл бірігіп, 

Ресей иелене бастаған  Тары бекінісіне 

шабуыл жасайды. Осы сәтті пайдаланған 

ойраттықтар Есім  сұлтанның еліне тиіседі, 

бірақ жеңіліс табады. Осы кездегі ұрыстарда  

жас Жәңгір  өзінің қолбасшылық қабілетін 

байқатады. Халық оны ел үшін еңіреп туған 

ерлігіне бола 

«Салқам Жәңгір» 

деп атаған. 

1635 жылы жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-

жиі шапқыншылықтар жасай бастады.

Жәңгір Хан тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 

үш ірі шайқас орын алды

XVII ғ. 30 жылдардағы бытыраңқы 

ойрат тайпалары біртұтас мемле-

кетке бірікті. Қазақстан мен Орта 

Азия турасында ойраттар ұстанған 

сыртқы саясаттың күшейуі  қазақ-

жоңғар қарым-қатынасын 

шиеленістіріп, жиі-жиі әскери 

қақтығыстарға  әкеліп соқтырды.

1643 жылдың  жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір 

мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы 

арасында 

Орбұлақ шайқасы

болды.  Жоңғарлардың 50 

мың қолына Жәңгір Хан бастаған 600 жауынгер қарсы 

тұрды. 

Жоңғар Алатауында өткен шайқаста Жәңгір       

жер қаздырып, тар шатқалға сарбаздарын 

орналастырады

Жоңғарлар  шайқасқа ашық жерлерді іздей 

бастайды. Ондай жер  Орбұлақтың шет 

жағынан табылады.

Батыр қонтайшы бастаған жоңғарлар қаймықпай  

басып кіріп,  бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы 

шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жау -

дың ту сыртынан лап береді. Шайқас барысында 

Батыр қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. 

Қазақ жауынгерлері  үлкен соғыстар кезінде

түтінге ұрындыру тәсілін де көп пайдаланған

және бұл тәсілді өте құпия ұстаған. Қазақ жаса -

ғы жаудың жолын торып, жолына шөмеле шөп

үйіп, ор қазып оған улы шөптерді тастаған. Яғни

сулы күйінде бықсыған түтінге уландыру мақcа-

ты болған. Улы шөптердің исінен жан-жануарлар

да, адамдар да басы айналып құлаған. Біраз уа -

қытқа дейін есін жинай алмай, кейбірі сол күйін

де жан тапсырған. Қазақ жасақтары жоңғар шап-

қыншылығында аз ғана қолмен бірнеше рет

осындай әдістермен жауды күйрете жеңіп отырған. 

Жәңгір Ханға Самарқан 

билеушісі Жалаңтөс батыр 

бастаған 20 мың әскер көмекке 

келеді. 

Жалаңтөс баһадүр  – қазақтың 

әйгілі батыры, аса көрнекті 

қолбасшы. Атақты Бәйбекұлы 

Әйтеке бидің үлкен атасы бо -

лып келеді. Жалаңтөс баһадүр 

1576 жылы Сырдария озенінің 

төменгі ағысы бойында дүниеге 

келген. 

1644 жылы соңғы рет досы Шапырашты Қарасай 

батырмен бірге 66-65 жасқа келген шақтарында 

жоңғарлардың  әскерлеріне тойтара соққы беріп, жеңіске 

жеткен. Осылайша  Самарқан билеушісі Жалаңтөс 

батырдың әскери көмегі арқасында қазақтар зор жеңіске 

жетті. Бұл тарихта 

Орбұлақ шайқасы 

деген атпен 

белгілі.

Орбұлақ шайқасы - ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. 

Жәңгір хан  шайқастың шешуші кезеңінде жауынгер-

лерді жігерлендіріп, өзінің тікелей соғысқа қатына -

суымен шешіп отырған. Осы ерекшеліктерімен 

Орбұлақ

шайқасында көзге түседі.

Орбұлақ жеңісі 

– қазақтың ғажап бауырмалдығының  жемісі.

Бұл жеңістің қазақ хандығы үшін зор маңызы болды. Ат төбе-

ліндей аз қазақтан тұмсығы бұзылып,  тауы шағылып қайтқан 

Батыр қонтайшы еліне барған соң біраз беделінен айырылып, 

билігі әлсіреп қалады. Қазақ жерінде аз да болса мамыражай күн 

туады. Салқам Жәңгірдің атағы аспандап, билігі нығая түседі. 

1990 жылы жазушы Б.Нұржекеев Орбұлақ шайқасы 

қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданының 

Белжайлау алабында өткендігі жөнінде дәлел ұсынды.

1993 жылы 3 шілдеде осы Белжайлау алабында ұлы 

жеңістің 350 жылдығына арналған той өткізілді. Ұрыс 

болған жердің атауы Орбұлақ, ал оқиға Орбұлақ 

шайқасы деп аталып, гранит тастан белгі қойылды.



Жоңғар басқыншылығына 

қарсы азаттық күресте 

туысқан үш халықтың мерейі 

үстем шығып, қазақ-қырғыз-

өзбек әскери одағы тамаша 

жеңіске жетті.  Бірақ та бұл 

жеңістің арты тоғыз жылдан 

кейін оқыс оқиға Жәңгір Ханды 

ауыр жарақатқа душар етті. 

Астындағы атының аяғы 

суырдың ініне кіріп кетуі, 

Жәңгір Ханның қалмақтар 

жас батыры, Цецен Ханның 

ұлы Ғалдаманың сілтеген 

шоқпарын бойына дарытуына 

себепші болды. 



1647 жылы Батыр қонтайшы 

қазақ жеріне жаңа жорық 

жасап, бұрынғы кеткен есесінің 

өшін қайтармақ болды,  бірде 

қалмақтар, бірде қазақтар жеңіп 

отырды.



Батыр хонтайшы 1652 жылғы 



жорықта қалай болса да Жәңгір 

ханды өлтіруге бел буған. Ол 

арнайы мерген - садақшылардан 

адамдар даярлаған.  Батыр 

қонтайшы  бытыраған әскерлерін 

қайта құрап,  өзіне тәуелді  

қырғыздардан  ат-көлік 

жинастырды. Осындай әскери 

дайындықтан кейін Батыр 

қонтайшы 1652 ж. қазақтарға 

аттанды.

1652 жылы болған қазақ-жоңғар арасындағы ірі шай -

қаста  жоңғарлар қазақтарды ойсырата жеңеді. Өйт -

кені жоңғарлар отты қарумен жарақтанған еді. 

Жоңғарларға қару-жарақты Ресей патшалығы Сібір 

арқылы сатып отырған. Ресейдің мақсаты екі ел 

арасындағы  өшпенділікті қайта тұтату болатын.



Осылайша, бүкіл ғұмы -

рын ат жалында өтке -

ріп, елі мен жерінің азат 

тығы мен тәуелсіздігін 

сақтау жолында 

жаулары мен алысып, 

арпалысып өткен қазақ 

ханы – Жәңгір хан нағыз 

ерлерше, нағыз батыр-

лардай қан майданда қаза 

табады. Оның денесі 

Түркістандағы Қожа 

Ахмет Йасауи 

кесенесінің жанына 

қойылады. 

Жаңартылған Ахмет Яссауи кесенесі

Жәңгір ханнан кейін Қазақ хандығының

Әлеуметтік - экономикалық және саяси

жағдайы нашарлады. Феодал шонжарлар-

дың арасында алауыздықтар мен бақта-

ластықтар өршіді. Қазақ сұлтандары 

ұлыстарды жеке - дара билеп, дербестену-

ге бой ұрды. Қазақ жүздерінің арасындағы

байланыс нашарлап, олар бір - бірінен                   

оқшаулана бастады.

Міне осындай қиын

заманда қазақ ханды -

ғының билігін  Жәңгір

ханның ұлы Тәуке мұ -

рагерлікпен қолға ала-

ды. Ол феодалдық пен

бытыраңқылықты

жойып, қазақ ханды –

ғын құруға қажырлы 

қайрат жұмсайды.

Осылайша, Жәңгір хан –

ның елін, жерін қорғауда-

ғы асқан ерліктері, ел бас –

қарудағы саяси қайраткер-

лігі халық есінен шықпай

келеді. Жәңгір хан қазақ 

тарихында жарқын істері-

мен қалып, оның есімі қазір

гі кезеңдегі қазақ халқы 

үшін отансүйгіштік пен

жан- қиярлықтың, батыр

лық пен ерліктің символы-

на айналып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

1. Жоңгар қақпасынан Жаркент алқабына дейін //Нұржекеев Б. Өзендер 



өрнектелген өлке /Б.Нұржекеев. –Алматы, 1984.- 225-227 б. 

2.

2. Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы //Мырзаханов Ж.  Тарих 



қойнауынан /Ж.Мырзаханов. . – Алматы, 2004. – 167 б.

3. Қазақ Хандығының құрылуы //Маданов М. Қазақ халқының арғы-бергі 

тарихы /М.Маданов. – Алматы, 1995. - 64-69 б. 

4. XVI-XVIII ғ. басындағы Қазақстандағы саяси экономикалық қатынастар      

//Қазақстан тарихы.  - Алматы, 2009.  - 86-90 б.

5. XVII ғ. 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы //Қазақстан тарихы. - 2 том. 

- Алматы, 2010.  - 428-430 б. 

6. XVII ғ. Қазақ хандығы //Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы /Н. 

Мыңжан. – Алматы, 1994. - 157-160 б.

7. XVII ғасырдағы қазақ хандығы //Қазақтың көне тарихы. - Алматы,  1993.  

- 257-260 б. 

8. Салқам Жәңгір //Аяған Б.Г. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, 

құлдырауы /Б.Г.Аяған. – Алматы, 2011. - 167-169 б.

9. Салқам Жәңгір //Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі /М.Мағауин.                

- Алматы,  1995. - 84-87 б.

10..Салқам Жәңгір //Тарихи тұлғалар. – Алматы,  2011. - 51-55 б.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет