Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


3.5.2 «Теңізфлот» автоматтандырылған басқару жүйелері



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

202
3.5.2 «Теңізфлот» автоматтандырылған басқару жүйелері
АБЖ КСРО Теңіз флоты министрлігінің аясында теңіз 
көлігін басқарудың барлық деңгейіне арналған. «Теңізфлот» 
АБЖ функционалдық жəне өндірістік шағын жүйелерінің байла-
ныстарының жеңілдетілген сұлбасы 3.20 суретте көрсетілген. 
КСРО теңіз көлігі 1500-ден астам көлік кемесінен (жалпы тон-
наж 13 млн.т жуық), ондаған ірі порттардан жəне кеме жөндей-
тін зауыттардан тұрады. Теңіз көлігінің жүк айналымы Кеңес 
Одағының жалпы жүк айналымында 17%-дан асты. Кеңестік 
кемелер 103 елдің мыңнан астам портына барып отырды. Ше-
тел порттарына кеңестік кемелердің баруының саны жылына 26 
мыңнан асты. Халықаралық кеме қатынасында міндетті бірнеше 
миллион құ жат толтырылды. Кеңестік кемелерді жалдауға жəне 
шетелдік кемелерді жалдауға мəмілелер ресімдеген кезде сыртқы 
сауда бірлестіктерімен, Сыртқы көлік одағының кеңселерімен 
қарым-қатынас жасау нəтижесінде аумақты ақпарат пайда болды. 
Ақпараттың үлкен ағыны каботаждық жүктерді тасымалдаған, 
тікелей теміржол-су тасымалдауына теңіз көлігі қатысқан кезде 
теміржол вагондарының порттарында жəне т.б. өңдеуге байланы-
сты пайда болады.
3.19-сурет. 
«Теңізфлот» АБЖ функционалдық жəне өндірістік шағын 
жүйелерінің байланыстарының жеңілдетілген сұлбасы


203
Флоттың жұмысын ұйымдастырған кезде кемелерді өңдеу 
қарқындылығы, кеңестік кемелер баратын барлық шетелдік порт-
тар бойынша тарифтер жəне алымдар туралы нормативтік-анық-
тамалық деректерді əрдайым ескеріп, пайдалану қажет. 
«Теңізфлот» АБЖ құру мақсаттары ақпаратты жинау, өңдеу, 
сақтау жəне беру тəжірибесіне ЭЕМ енгізуден ғана тұрмайды. 
Жүйелік тəсіл, экономикалық-математикалық əдістер жəне ЭЕМ 
кең пайдалану негізінде саланы басқару жəне ең алдымен негізгі 
пайдаланушылық іс-əрекет – жүктердің тасымалдануын жəне 
ауыстырып – тиелуін басқару бойынша оңтайлы шешімдердің 
өндірілуі мен жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін басқарушы 
жүйенің жүйелі құрылуы жорамалданып отыр.
«Теңізфлот» АБЖ құрамына тиісті негізгі функциялар бой-
ынша теңіз көлігінің басқарылуын қамтамасыз ететін функцио- 
нал 
дық шағын жүйелер жəне «Порт» АБЖ, «Кеме жөндейтін 
зауыт» АБЖ жəне «Кеме қатынасы» АБЖ сияқты өндірістік 
жүйелер кіреді.
Теңіз көлігін басқару жүйесі тасымалдау үрдісінен, техни-
калық құралдар мен еңбек ресурстарының жұмыс қабілетін 
қолдау үрдісінен жəне саланы дамыту үрдісінен тұрады.
«Теңізфлот» АБЖ құрылымында аталған үрдістермен бас қа-
руды тікелей қамтамасыз ететін шағын жүйелер бөлінген. Осын-
дай шағын жүйелерге: 
- Флот пен порттар жұмысын жедел жоспарлау жəне реттеу;
- Жолаушылар флотының жұмысын жедел жоспарлау жəне 
реттеу (тасымалдау үрдісін басқару);
- Флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме жөндеуді жо-
спарлау жəне реттеу (флоттың жұмыс қабілеттін қолдау үрдісін 
басқару);
- Теңіз көлігінің өндірістік іс-əрекетін жоспарлау (саланы да-
мыту үрдісін басқару) жатқызылады.
Орындалуы тасымалдау үрдісін, жұмыс қабілетін қолдау үр-
дісін, дамыту үрдісін басқаруды қамтамасыз ететін «Теңізфлот» 
АБЖ шағын жүйелерінің қатарына:
- Материалдық-техникалық жабдықтау есебі жəне жоспарлау;
- Кадрлар қозғалысының есебі жəне талдау жатады. 
«Флот пен порттар жұмысын жедел жоспарлау жəне реттеу» 
шағын жүйесінің негізгі міндеттері – жүктерді тасымалдау мен 


204
ауыстырып тиеудің тоқсандық жоспарларын əзірлеу, флоттың жұ-
мысын жəне порттардың жүктемесін күнтізбелік жоспарлау мен 
реттеу. Күнтізбелік жоспарлау мен реттеу міндеттерін шешудің 
қабылданған əдісі іс жүзінде олардың бірігуін қамтамасыз ете-
ді. Бұған барлық кеменің жұмысының жəне порттардың жүк-
темесінің күнтізбелік жоспар-кестесінің 25-35 күн бұрын (осы 
мерзім рейстердің орташа ұзақтығымен анықталады) тұрақты 
(тəулік сайын) есептелетінімен қол жеткізіледі. Мұнымен кеме-
лерге келесі рейстерді (күнтізбелік жоспарлау) тағайындау ту-
ралы шешімдерді қабылдау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі жəне 
кемелер бұрын қабылдаған тағайындаулар бойынша шарттардың 
өзгеруімен бір мезгілде ескеріледі. 
«Жолаушылар флотының жұмысын жедел жоспарлау жəне 
реттеу» шағын жүйесі линиялар бойынша жолаушылар кемеле-
рін оңтайлы орналастыру міндеттерінің автоматтандырылған 
ше шімін, олардың қозғалысы кестелерінің жасалуын, сондай-ақ 
есеп тің автоматтандырылуын, кемелерде орындардың жəне би-
лет тердің сатылуының брондалуын қамтамасыз етеді. 
«Флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме жөндеуді жо-
спарлау жəне реттеу» шағын жүйесі теңіз флотын техникалық пай-
далану тиімділігін арттырады, кеме қатынастарының жұмысымен 
байланыстыра отырып, кеменің жөнделуін жоспарлауды жəне 
кеме жөндейтін зауыттың қуаттарын арттыруды оңтайландырады; 
теңіз флотының техникалық пайдаланылуының жоспарлануын, 
жедел реттелуін, есебін жəне талдауын орындайды.
Шағын жүйе міндеттер кешендерінің үш тобынан тұрады:
- Флотты техникалық пайдалану;
- Флотқа техникалық қызмет көрсету; 
- Флотты жөндеу жəне кеме жөндейтін зауыттардың жүктемесі.
«Флотты техникалық пайдалану» міндеттері кешендерінің 
тобы кемелердің міндетіне сай жұмысқа техникалық дайындығын, 
«Флотқа техникалық қызмет көрсету» міндеттері кешендерінің 
тобы кемелер мен кеменің техникалық құралдарының жарамды 
техникалық жағдайын қамтамасыз етеді, сондай-ақ берілген шек-
терде олардың техникалық-пайдалану сипаттамасын сақтайды. 
«Флотты жөндеу жəне кеме жөндейтін зауыттардың жүктемесі» 
міндеттері кешендерінің тобы пайдалану үрдісінде кемелердің 


205
жəне кеменің техникалық-құралдарының жартылай немесе то-
лықтай жойып алған техникалық-пайдалану сипаттамаларын 
қажет деңгейге дейін қалпына келтіреді, сондай-ақ кеме жөн-
дейтін зауыттарды (кеме жасау мен машина жасауды қоса алғанда) 
оңтайлы пайдаланады жəне оларға жұмысты көбірек жүктейді.
«Порт» АБЖ. Функционалдық шағын жүйелер міндеттерінің 
кешендерінен басқа «Порт» АБЖ типтік жобалық шешімдерін 
əзірлеудің негізгі мазмұны жүктерді тасымалдау мен көлік құ-
ралдарын өңдеудің технологиялық өндірістік үрдістерін жедел 
басқару болып табылады. «Порт» АБЖ-де 5-10 тəулік мерзімге 
күнтізбелік жоспарды күнделікті есептеу арқылы күнтізбелік 
жоспарлау қағидасы қабылданған. Онда бірінші тəуліктерде ауы-
сымдар, сағаттар жəне нысандар бойынша кемелік, вагондық, 
автокөліктік, қоймалық жəне шаруашылық жұмыстардың, сон-
дай-ақ көлік құралдарына қызмет көрсету бойынша арқандап 
байлайтын, лоцман жəне басқа операциялардың жоспары бе-
ріледі. Күнтізбелік жоспардың кейінгі тəуліктерінде əрбір кеме 
бойынша жүкті қайта өңдеу көлемі, операциялардың басталуы 
мен аяқталуының уақыты жəне бірқатар басқа көрсеткіштер бол-
жанады. 
«Кеме жөндейтін зауыт» АБЖ («КЖЗ» АБЖ). АБЖ функ-
ционалдық шағын жүйелер міндеттері жəне кемелерді жөндеу, 
кеме жасау жəне машина жасау сияқты негізгі өндірістік процесті 
жедел жоспарлау жəне басқару міндеттері кешендерінің шешімі-
нен тұрады. КЖЗ негізгі өндірістік үрдістерді жедел жоспарлау 
мен басқарудың «Флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме 
жөндеуді жоспарлау мен реттеу» шағын жүйесімен байланы-
сы тоқсандық өндірістік бағдарламаны қалыптастырған кезде 
орындалады. Осы кезеңде кемелерді жөндеудің, кеме жасау мен 
машина жасаудың көлемі мен мерзіміне, олардың зауыттардың 
қуаттарына сəйкес келуіне сүйене отырып, əрбір зауытта жөн-
делетін кемелердің саны мен құрамы оңтайландырылады. Бұл рет-
те кеме жасау мен машина жасау бойынша бағдарлама бөлімдері 
тоқсанда қалыптасатын кемелерді жөндеуге беретін жағдаятқа 
байланысты ресурстарды арттыру үшін резерв болып табылады. 
КЖЗ негізгі өндірістік үрдістерін жедел жоспарлау мен 
басқару міндеттерінің бас кешені – өндірістік бөлімшелердің 


206
айлық жəне апталық тізімдемелік жоспарларын құру. Бір жұмыс 
аптасында аралықпен, тізімдемелік жоспарды үнемі жаңарта 
отырып, үздіксіз жоспарлау қағидасын орындайды. Кемелер 
жəне өндірістік бөлімшелер бойынша орындалған жұмыстарды 
күнделікті есепке алудың жинақтаушы қорытындысы тізімдемелік 
жоспарды жаңарту үшін бастапқы ақпарат болып табылады. 
«Кеме қатынасы» АБЖ. Негізгі өндірістің басқарылуын 
– флоттың жұмысын қамтамасыз ету бойынша «Кеме қатына-
сы» АБЖ міндеттердің бас кешені кемелердің рейстерді орын-
дауын ұйымдастырудан тұрады. Міндеттердің осы кешенінің 
анықтамасының өзінде «Кеме қатынасы» АБЖ-нің «Флот пен 
порттардың жұмысын жедел жоспарлау мен реттеу» функ-
ционалдық шағын жүйесімен байланысы да бар. «Кеме қа-
тынасы» АБЖ-де нақты рейстердің орындалуын ұйымдастыру 
үшін кемелердің позицияларын болжау, рейстік тапсырмаларды 
есептеу, рейстердің орындалу барысын бақылау міндеттері жəне 
кеме қатынасы қызметтері мен кəсіпорындарының кемелер алған 
рейстерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар 
басқа міндеттер шешіледі.
Өзен көлігінде басқаруды автоматтандырудың көптеген құ-
ралдары мен əдістері негізінен теңіз көлігінің осындай құ-
ралдары мен əдістерінен өзгешеленбейді. Сонымен бірге өзен 
қатынас жолдарының ерекшелігі түпнұсқалық əдістемелік жəне 
техникалық шешімдердің ізделуін, əсіресе кеме қатынастары ая-
сында пайдалану жұмысын басқару саласында автоматтандыру 
жүйелерін құрған кезде алдын-ала анықтайды. Іс-əрекеттің осы 
саласында ғылыми жəне инженерлік күштердің назары шартты 
түрде «АБЖ - диспетчер» деп атайтын кемелердің қозғалысының 
диспетчерлік басшылығының автоматтандырылған жүйелерін 
құруға бағытталған. Диспетчерлік аппараттың негізгі міндеттері 
флот жұмысының (ауысымдық, тəуліктік, он күндік) жедел жо-
спарларын жасау жəне осы жоспарларды тікелей орындау болып 
табылатыны мəлім. Флоттың жұмысының іс жүзіндегі үрдісін 
диспетчер «орындалған қозғалыс кестесінде», «Флоттың дисло-
кациясы» бланкінде жəне бірқатар басқа құжаттар мен кітаптарда 
тіркейді. Көп ақпаратты жинау мен тіркеу соншалықты қиын. 
Диспетчердің уақыт жетпеген кезде тоқтамай жұмыс істеуіне 
тура келеді. 


207
«АБЖ - диспетчер» жүйесі флоттың дислокациясы тура-
лы барлық ағымдағы ақпараттың автоматты жиналуын жəне 
ЭЕМ жадысына енгізілуін, негізделген шешімдерді қабылдауға 
көмектесетін тиісті құжаттың диспетчерге берілуін қарастырады. 
Осы құжат диспетчердің орындалған қозғалыс кестесін жүргізуіне 
жол бермейді. Кез-келген уақытта флоттың дислокациясы тура-
лы деректер банкінің жəне тиісті бағдарламалардың болуы же-
дел жұмыстың оңтайлы жоспарларын əзірлеуге жəне қабылдауға, 
сондай-ақ кез-келген белгіленген мерзім үшін бөлімшенің іс-
əрекетінің қорытындысы туралы кейінгі талдаулар мен есептер 
жасауға мүмкіндік береді. Аталған жүйеде кемелерден ақпаратты 
автоматты алу əдісі (жəне аппаратурасы) ең күрделі болып та-
былатынын атап өткен жөн. Осыған қатысты қолданылған тал-
пыныстар əзірге табыс əкелген жоқ. Кемелерден ақпаратты ска-
нерлеудің тиімді сенімді əдісін іздеу жалғасуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет