Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

1.2-сурет.
АБЖ функционалдық ішкі жүйелері
1.2-суреттегі АБЖ функционалдық ішкі жүйелері:
1 – жоспарлы есептер; 2 – жүктеу процесін басқару, соның 
ішінде техникалық жəне технологиялық нормалау (2.1), тасымал-
дауларды оперативті басқару (2.2); 3 - жүк жəне коммерциялық 
жұмыстарды, соның ішінде тиеу-түсіру операцияларын басқару 
(3.1), контейнерлік тасымалдаулар (3.2); 4 – жолаушылар тасы-
малдарын басқару; 5 – локомотивтік шаруашылықты басқару; 
б – вагондарды пайдалану жəне жөндеуді басқару; 7 - энерге-
тика жəне электрмен қамтамасыз ету құрылғыларын басқару; 
8 – энергетика жəне электрмен қамтамасыз ету құрылғыларын 
басқару; 9 – күрделі құрылысты басқару; 10 – теміржол статисти-
касын басқару; 11 - материалдық-техникалық қамтамасыз етуді 


38
басқару; 12 – қаржы қызметін басқару; 13 - ав томаттандырыл- 
ған бухгалтерлік есеп жəне есептілік; 14 – кадрларды басқару; 
15 – ғылыми-техникалық ақпаратты есепке алу, сақтау жəне 
қолдану, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструктор лық жұ-
мыстар ды басқару; 16 – теміржол өнеркəсібін басқару; 17 – метро-
политендерді басқару; 18 – өнеркəсіптік көлікті басқару
Саланы басқарудың төрт деңгейлі ұйымдық құрылымынан 
ерекшелігі, АБЖ өз дамуының басынан бастап үш деңгейлі 
автоматтандырылған жүйе ретінде құрылады.
АБЖ бірінші (төменгі) деңгейінде торап, сұрыптау (ССАБЖ) 
жəне ЖСАБЖ бекеті АБЖ жүйелері жұмыс істейді. Дəл осы 
жерде АБЖ-да өңделетін негізгі бастапқы ақпарат туындайды. 
Бұл ақпарат автоматтандырылған жұмыс орындарында жұмыс-
керлер арқылы енгізіледі немесе автоматты режимде тіркеледі.
АБЖ екінші деңгейінде жол АБЖ-і жұмыс істейді. Бұл дең-
гей ле негізінен жол қызметтері функциялары автоматтандырыла-
ды. Қазіргі кезде жол деңгейінде автоматтандырылған диспетчер-
лік басқарудың бірнеше орталығы құрылған, əсіресе пойыздарды 
диспетчерлік басқару орталықтандырылған. Екінші деңгейлі ішкі 
жүйелер жолдардың ақпараттық-есептеу орталықтары ЭЕМ-н 
пайдаланады.
Келешекте бөлімдердің жол бөлімшелерінде орындайтын 
барлық функциялары жол немесе тораптық деңгейде автомат-
тан дырылады. Ақпараттық – есептеу орталықтарын жол бөлім-
шелері үшін арнайы салу тиімсіз болып табылады.
АБЖ үшінші (жоғарғы) деңгейінде ҚЖМ негізгі басқарма-
ларының функциялары автоматтандырылады. Мұнда тасымал-
дау үрдісі мен жүк жұмыстарын басқару бойынша диспетчерлік 
басшылықты автоматтандыруға арналған автоматтандырылған 
диспетчерлік басқару орталығы (АДБО ҚЖМ) құрылған. Ор-
талықта жол желілері бойынша пайдалану жағдайларына, соны-
мен қатар, бөлінген нысандардың: экспорттық маршруттардың, 
транзиттік контейнерлердің т.б. қозғалысына бақылау жүзеге 
асырылады. Үшінші деңгейлі ішкі жүйелері ҚЖМ БЕО ЭЕМ пай-
даланады.
Қазіргі кезде АБЖ-ның барлық функционалдық ішкі жүйе-
лері дами қойған жоқ. Алайда, тасымалдау үрдісін, жүк жəне 


39
коммерциялық жұмыстарды, жолаушыларды тасымалдауларды 
басқарудың нақты автоматтандыру саласы мен локомотивтік, 
вагондық, жол жəне энергетикалық шаруашылықтың функцио-
налды ішкі жүйелеріндегі шектелген тапсырмалар тізбесі айқын-
далды. Қазіргі замандағы АБЖ маңызды элементі эконо мика лық 
басқарудың функционалдық ішкі жүйелері, соның ішінде бух-
галтерлік есеп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жəне 
қаржы қызметін басқару болып табылады.
Жасақталған теміржол көлігіндегі АБЖ-лардың басым 
көп 
шілігі кешенді болып табылады. Олар түрлі функционал-
дық ішкі жүйелердің функцияларын атқарады. Мысалы, жол 
деңгейін 
дегі тасымалдарды оперативтік басқарудың автомат 
-
тандырыл ған жүйесі (ТОБАЖ) келесі міндеттерге ие: пойыздар-
дың, вагондардың жəне контейнерлердің түрлі тоғысу пунктері 
арқылы өтуін есепке алу; пойыздарға технологиялық құжаттар-
ды беру; локомотивтердің бар болуы мен орналастырылуы; локо-
мотивтерді ағымдағы жөндеуге қоюдың тəуліктік жоспарын есеп-
теу; вагондарды тиеу-түсіруді толық көлемде оперативті бақылау. 
Бұл міндеттер түрлі функционалдық ішкі жүйелерге жатады: 
тасымалдауларды оперативті басқару, жүк жəне коммерциялық 
жұмыстарды басқару, локомотивтік шаруа 
шы 
лықты басқару 
жəне т.б.
Кешендік АБЖ құру үрдісі деректерді интеграциялық өңдеу 
қажеттігінен туындайды. Мұндай өңдеу кезінде вагондармен, 
пойыздармен, жөнелтулермен т.б. болатын технологиялық опера-
циялар туралы ақпарат бір рет енгізіледі жəне бұл түрлі функ-
ционалдық мақсаттармен өңдеуге жарамды деректер базасын 
құру мүмкіндігін береді.
Бүкіл саланың екінші кезектегі АБЖ шеңберінде қазіргі 
заманғы автоматтандырылған басқаруға өтуі АБЖ функционал-
ды схемасына түзетулер енгізеді. Теміржол көлігі мен орталық-
тандырылған технологиялық басқарудың спецификалық ерек-
ше ліктерін ескеретін функционалдық ішкі жүйелер мəні сақтала
ды. Ішкі жүйелердің мазмұны өзгереді: жоспарлау міндеттері, 
автоматтандырылған жұмыс орындарындағы диалогтық режим, 
ақпарат жинаудың жаңа технологиялары т.б. дамытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет