111
1930 жылдары келесі учаскелер салынды: Қарағанды-Балқаш
(490 км) (Орталық Қазақстан), Шымкент-Ленгер (Қазақстанның
оңтүстігі), Локоть-Защита (235 км) (қазақстандық Алтай), кейін
Лениногорск пен Зыряновскіге дейін жалғастырылған.
1936–1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байла-
ныстырған Саратовқа шығатын Орал-Илецк учаскесі салынды.
Ұлы Отан соғысы жылдары стратегиялық маңызды теміржол
магистральдарының құрылысы жалғасты, мысалы: Эмба мұнай
кəсіптерін Оралмен байланыстырған жəне Ресейдің бірқатар
аймақтары арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев – Кан-
дагач-Орск (1936–1944) магистралі; негізінен Қарағанды көмі-
рінің Оңтүстік Оралға тиімді жеткізілуін қамтамасыз еткен
Ақмола-Қарталы (1939–1943) желісі; Көксу-Текелі-Талды қорған
жəне Атасу-Қаражал учаскелері. Қазақстандық болат магистраль-
дарының ұзындығы 10 мың км жетті. Ұлы Отан соғысы кезеңі
Қазақстанның темір жолдарында жылжымалы құрамды жəне жол
шаруашылығын жөндеу бойынша өндірістік базаның жасалуы-
мен де ерекшеленген.
Достарыңызбен бөлісу: