Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.1.2 Жалпы ережелер
«Тасымалдау үрдісін нормалау» түсінігі нормалаудың екі 
түрін біріктіреді: технологиялық жəне техникалық. Техно 
ло-
гиялық нормалау дегеніміз бекеттерді, учаскелерді, бөлімше-
лерді, темір жолдар мен жалпы желіні пайдалану жұмысын 
ұйымдастыру үшін қажетті ұзақ жəне орта мерзімді əрекет ететін 
технологиялық құжаттарды жасау болып табылады. Бұл рет-
те тасымалдау үрдісінің прогрессивті технологиясы тасымал-
дар ды минималды шығындармен орындауды қамтамасыз етеді. 
Бұған вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесі мен жөнелту жəне 
техникалық маршруттау, жəне барлық категориялы пойыздар 
қозғалысының кестесін жасауды қосқанда, пойыздарды қа-
лыптастыру жоспарының есебі кіреді. Кейде «тасымалдау үрдісін 
технологиялық нормалау» ішкі жүйесіне үшінші құраушы да 
жатқызылады: темір жолдардың өткізу қабілетін дамыту жəне 
пайдалану. 
Вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесін жасау үрдісінде 
келесі міндеттер шешіледі: 
- есептік вагон ағындарын анықтау; 
- айналмалылықты ескере отырып, вагон ағындарының жүру 
маршруттарын анықтау; 
- тиеу орындарынан жүктер тасымалдарын маршруттауды 
есептеу (жөнелту жəне сатылы маршруттау, күнтізбелік жоспар-
лау негізінде маршруттау жəне т.б.); 
- техникалық бекеттерде жүк пойыздарын құрастыру жоспа-
рының есептері (техникалық маршруттау), оның көрсеткіш терін 
анықтау; 
- пойыздарды жоларалық жəне жолішілік қалыптастыру жо-
спарлары кітаптарын құрастыру, рəсімдеу, оларды жұмысшы-
ларға жеткізу жəне бірқатар басқа міндеттер. 
8–1549


114
Пойыздар қозғалысы кестелерін (ПҚК) автоматты түрде жа-
сау кезінде келесі міндеттер шешіледі: 
− 
барлық категориялы пойыздар қозғалыстарының көлем-
дерін анықтау; 
− 
ПҚК автоматты түрде жасауға арналған бастапқы деректерді 
дайындау; 
− 
барлық категориялы алыс жолаушылар пойыздарының 
қатынау сұлбаларын құрастыру жəне олардың қозғалысының 
қыс қартылған кестелерін жасау; 
− 
əрбір темір жолы бөлігі бойынша, ал содан кейін жүк пойыз-
дарының ПҚК есептеулері, олардың көрсеткіштерін анықтау; 
− 
локомотив айналымы кестелерін жасау (біруақытта ПҚК 
жасай отырып), локомотивтер мен локомотив бригадаларына де-
ген қажеттілікті анықтау; 
− 
ПҚК жəне оларға түсініктеме хатты (əрбір темір жол бой-
ынша) құрастыру жəне рəсімдеу. 
Тасымалдау үрдісін техникалық нормалауға тасымалдау құ-
ралдарын тиімді пайдалану кезінде жалпы желі, темір жолдар, 
бөлімшелер мен бекеттер бойынша пайдалану жұмысының айлық 
техникалық нормаларын жасау жəне талдау кіреді. 
Техникалық нормалар тасымалдардың айлық жоспары, жос-
парланып отырған айдың басында желіде қалыптасқан жағдай, 
өткен жылдың осы айындағы нормалардың орындалуы туралы 
статистикалық деректер негізінде жəне жоспарланып отырған 
айдың алдыңғы айынан 20 тəулік бұрын жасалады. Жоларалық 
хат-хабарлар көлемдері жəне олардың негізінде əрбір жол үшін 
тиеу жəне түсіру, жүк артылған жəне бос вагондарды қабылдау 
жəне тапсыру нормалары есептеледі. 
Алынған «жұмыс» жəне «вагон айналымы» мəндері негі-
зінде жолдардың вагон паркіне деген қажеттілігі есептеледі. Қол-
даныстағы вагондар паркінде қажеттілік резервті ескере отырып, 
пропорционалды жолдар арасында үлестіріледі. Осыдан кейін 
əрбір жолдың жұмыс көрсеткіштерінің сандық жəне сапалық 
көрсеткіштерінің нормалары есептеледі. Темір жол деңгейінде 
вагон паркі жұмыының нормалары вагон жағдайы мен қатынау 
түріне (жүк тиелген, бос, жергілікті, транзитті), вагон айналымы 
элементтеріне (қозғалыста, жүк операцияларында, техникалық 
бекеттерде), вагондар түріне байланысты нақтыланады. 


115
Темір жол басқармалары жолға арналған техникалық норма-
ларды ескере отырып тапсырмалар негізінде бөлімшелер (бө-
лінген бекеттер мен диспетчерлік учаскелер) үшін техникалық 
нормаларды есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет