Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы


ТжКББ орындарында студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдары



бет5/6
Дата28.11.2022
өлшемі169,5 Kb.
#53340
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі Шы ыс аза с

4. ТжКББ орындарында студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдары

Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты көпшілік айыптауы көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді.


Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру үрдісі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті. Тұлғаның әлеуметтік-маңызды және жеке қасиеттерін, ерекшеліктерін қалыптастыру (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде мінез-құлықтың өз стилін, шығармашылығын және дербестігін дамытуды, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жылдам және тәнік (адекватты) әрекет етуді, белсенді өмірлік ұстанымы болуын көздейді. [4.85]
ТжКББ мекемелерінде өзін-өзі тану пәнінің студенттер үшін алатын орны ерекше. Себебі: мен өзімнің сабақтарымда жағымды күйге келтіруден яғни, тыныштық сәтінен бастаймын. Студенттерді сабырлы, жағымды күйге түсіру үшін баяу музыканың алатын орыны ерекше, сабақ басталар алдында оны жаймен жіберіп қою керек. Ең бастысы студенттің өзі де осы күйде болуы маңызды, ол ішкі тыныштықта, жағымды күйде болса ғана студенттер терең қабылдау алады. Тыныштық сәтінен соң студенттер өз сезімдерімен емін-еркін бөлістеді. Ал әңімелесу барысында студенттің баяу, жылы дауысның мәтінді оқып берген кезде, студенттің әңгімені тыңдай және ести білуі үшін, жүрегімен қабылдауы, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуға үйренеді. Өзін-өзі тану сабақтарында жайлы әуен арқылы студенттерді жағымды күйге келудің тиімділігінің маңызы зор болды. [8.47]
«Өзін-өзі тану» пәнінің маңызды бөлігі сабақтың - дәйексөзі. Топ студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық – бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал етті. Сабақтың дәйек сөзі ретінде даналы сөз, ұлағатты сөздер алынды. Мысалы: «Қара қылды қақ жарған – жақсылардың белгісі» - Әйтеке Байбекұлы. «Әділ сөз ащы көрінер» - Жүсіп Баласағұн. Осы дәйексөздердің мағынасын ашу арқылы студенттер өз ойларын, нақты әділдік деген не? немесе әділетсіздіктің өмірде көрініс табуының басты себептерін дәлелдеп жеткізе білді.
Ал, шығармашылық жұмыс - бұл студенттің өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет етеді.
Шығармашылық жұмыс арқылы, нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді. Осы бағытта топ үшке бөлініп тапсырмалар берілді. І топ поэзия минуты. ІІ топ эссе жазу. ІІ топ коллаж жасау.
Әр топтың студенттер өз тапсырмалары бойынша 5-7 минут дайындалып, толыққанды жауап берді. Бұл тәсіл шығармашылық шабытты аша түсуге, символдар, бейнелер мен әрекеттерді ұғыну арқылы өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет әр топ мүшелерінің ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік берді, студенттердің өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырды, жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиеледі. Шығармашылық жұмыс аяқталып, жауаптары тыңдағанан кейін төмендегідей түйіндеме жасалды. Осы екі адамгершілік құндылық тұлғаны мынандай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олар:
- Өзгелерді түсінуге;
- Өмірге құштарлыққа;
- Өз күшіне сенуге;
- Ұтқыр шешім қабылдауға;
- Жеңіске;
Сабақтарда тренинг өткізудің маңызы зор.. Тренингтің негізгі мақсаты - нақты тапсырманы орындауға көмегін тигізетін білім біліктілік қорымен жеке тұлғаның дамып жетілуінде оқыту, үйрету үрдістерінің интерактивті әдістер арқылы тренингте түзетуге арналған бір сала. Тренинг - негізі құрылымдары іс-әрекет яғни қимыл ойындары, пікірталас, жағдаятты талқылау, жалпы жағдаяттар бұлардың барлығы жеке тұлғаның дамуына тікелей бағытталған. Сабақта «Жүрек жылуы» тренингін өткізудің мақсаты: топтағы сенімді атмосфераның болуына, сонымен қатар кездескен қиыншылықтарға сабырлықпен, шыдамлықпен қарауға тәрбиелеу.
- Оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
- Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.
Әрбір студент өз жүректеріндегі сезімдерін айтып шығып, жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүректерінен шыққан жылуды айналамызға тараттық.
Сабақтың нәтижесінде әдептілік, әділдік, адалдық, ақтық пен пәктіктің әрқашан да өміршіл, қиындықты жеңуге жеткізетін жолдарын қарастырып, білімдері толықтырылды. Шығармашылық жұмыс, дәйек сөз, ән шырқау, трениг, мәтінмен жұмыс және түйіндеме жасау арқылы әдептілік пен әділдіктің зор құндылық екендігіне көз жеткіздік. Адам баласы бір-бірін сыйлап, қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адамекендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық -деп аяқталды.
Кәсіптік білім беру мен болашақ маман құзыреттілігін қалыптастыруда мынадай өзекті мәселелерді іріктеп көрсеткім келеді:
- жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру;
- тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
- балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
- жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
- жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
- балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
- өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет