Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы


«Рухани-адамгершілік құндылықтар» түсінігінің теориялық мәні



бет2/6
Дата28.11.2022
өлшемі169,5 Kb.
#53340
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі Шы ыс аза с

1. «Рухани-адамгершілік құндылықтар» түсінігінің теориялық мәні

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық аясын; білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайындауды; білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуды; тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін; табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған. [1.17]
Кәсіби білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – рухани, мәдениетті студенттердің жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, интеллегент маман ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.
Рухани тәрбиенің маңыздылығы. Рухани – адамгершілік – тұлғаға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. С. А. Назарбаева. [6.78]
И.Г.Пестолоции: - «Еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады»,-деген болатын.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани- адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез- құлқы мен іс әрекетін анықтайды. [7.40]
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет