Отбасының мүшесі – ері(құқықтың бәрі еркектікі), әйелі, ұлдары,
(әкесі өлгенше), қыздары(тұрмысқа шығып кеткенше).
«Ө»
Өркениеттілік -1) қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани
даму деңгейі; 2) мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган, Ф. Энгельстердің
көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.
Өзін –өзі бағалау әдісі- жеке тұлғаға өзі баға беруде, өз
мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын
анықтауға көмектесетін әдіс.
Өзара әрекет талдау- бақылаудың бір түрі, оның көмегі арқылы
адам мінез-құлқының ішкі көрінісі, коммуникациясын, ақпарат
алмасуын, келісу мен келіспеушілік, ұжымдар мен жеке тұлғаға
қатынасы зерттеледі.
Өзін-өзі тәрбиелеу – оқушы шәкірттің өз іс-әрекетіне, мінез-
құлқына өзінің іштей баға беру арқылы мінезіндегі жетістік-кемшілігін
бағалай отырып, жеке басына сын көзімен қарауы, мінезіндегі мінін
түзеуге талпыныс жасауы.
Өлі-тірі – қалыңдықтың үйіне күйеу жағының алғаш апаратын
дәстүрлі кәдесі. Ол тірі мал болуы керек. Қыздың әке-шешесі ол малды
сойып, аруақтарды еске түсіріп, үлкендерге сыйға тартады.
Өнерпаз – қолынан алуан түрлі іс келетін, өнерлі, бесаспап кісі.
Достарыңызбен бөлісу: |