94
көрмеген күйеуді сынайтын келіс. Күйеу бұл жолы да кәде жорасымен,
әдет салтымен келеді. Әзілқой жеңгелердің сын-мініне де шыдайды.
Ретін тауып жауап та бере алады.
Ойын-тойсыз, әзіл-қалжыңсыз отырмайтын қазақ ауылы үшін
күйеудің есік аша келуі де көңілді мерекеден кем болмайды. Мұнда да
үлкен кіші бір жасап қалады.
Жасау. Жасау (салт). «Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын,
жасауын таудай қылып үйгізді енді»! (Наурызбай Қаншайым).
Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады. Халық
қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң
асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Небір жақсы бұйым,
сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім кешек, әсем
әшекейлі тағымдар қыздарға берілетін болған. Ауқатты адамдар ақ отау
тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
Достарыңызбен бөлісу: