100
бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі
өлеңмен айтылатындықтан «Жар-жар» қызықты болып естіледі.
Мысалы,«Жар-жарды» жігіт былай бастайды:
Алып келген базардан,
Қара насыр, жар жар-ау
Қара мақпал сәукеле,
Шашың басар, жар-жар-ау!
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар жар ау
Жақсы болса қайны атаң,
Орнын басар, жар-жар-ау!
Қыз былай деп жауап қайтарады:
Есік алды қара су,
Майдан болсын, жар-жар-ау.
Ақ жүзімді көргендей,
Айнам болсын жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді ау,
Осы қазақ, жар-жар-ау
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын, жар-жар-ау!
Достарыңызбен бөлісу: