Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет6/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
отбасы 2

Неке мен отбасын қорғау.  Неке  мен  отбасын  қорғау  екі  түрде 
жүзеге 
асырылады: 
юрисдикциялық 
және 
бейюрисдикциялық. 
Біріншісінде-отбасының құқығы бұзылған  немесе дауланатын құқықты 
қорғау  жөніндегі  өкілетті  мемлекеттік  органдарды  қарастыру  арқылы 
жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу 
(АХАТ) 
органдары, 
қамқоршылық 
органдары, 
ішкі 
істер 
органдары. Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау 
жөніндегі  азаматтар  мен  ұйымдардың  іс  -  әрекеттері.  Азаматтар  бұл 
әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске 
асырады.  Мұндай  іс  -  әрекеттерді  –  құқығын  өзі  қорғау  деп  атайды. 
Мысалы,  құқығы  бұзылған  баланың  ата-анасы  тәртіп  бұзушы  баланың 
ата-анасымен  кеңесіп,  оған  кешірім  сұрауға  ұсыныс  жасайды  және 
т.б. Сот  арқылы  қорғау  – отбасы  құқығын  қорғаудың  бір  түрі  болып 
табылады.  Бұл  істе  прокуратура,  ішкі  істер  органдары,  АХАТ 
органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар – әкімдіктер үлкен 
рөл  атқарады.  Мысалы,  әкімдіктер  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 
қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын 


23 
 
қолға  алуға,  ондай  балалары  есепке  алуды  ұйымдастырып,  оларды 
отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары 
баланы  күштеп  тартып  алуға,  сондай-ақ  алимент  төлеуден  жалтарып 
жүрген  адамдарды  іздестіруге  байланысты  шешімдерді  күштеп 
орындауға қатысулары мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет