Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет8/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135
Байланысты:
отбасы 2

Некелік шарт. Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы 
түрде  жақында  енген  ұғым.  Некелік  шарт  деп  – некеге  тұратын 
адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны 
бұзған  жағдайдағы  мүліктік  құқықтары  мен  міндеттерін  айқындайтын 
келісімдері  танылады.  Некелік  шарт  міндетті  түрде  жазбаша  жасалуы 
және  нотариуспен  куәландырылуы  қажет.  Некелік  шартты  некеге 
отыратын  адамдардың  тікелей  өздері,  сондай-ақ  адвокат  не  нотариус 
толтыруы  мүмкін  екендігін  айырықша  атап  көрсету  қажет.  Некелік 
шартты  нотариалды  куәландыру  үшін  жекеменшік  немесе  мемлекеттік 
нотариусқа  жүгіну  керек. Некелік  шартты  некені  тіркегенге  дейін, 
сондай -ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік 
шарттың  субъектілері  не  ерлі-зайыптылар,  не  некеге  енді  тұруға 
әзірленіп  жатқан  адамдар  болуы  мүмкін  (күйеу  мен  қалыңдық).  Ерлі-
зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын 
және  бір-біріне  қамқорлық  көрсететін  адамдар  некелік  шарт  жасаса 
алмайды.  Некеге  тұратын  кәмелетке  толмағандар  (18  жасқа  дейінгі 
адамдар)  ата-аналарының  немесе  қамқоршыларының  келісімімен  ғана 
некелік шарт жасаса  алады.  Бұл  кәмелетке  толмағандардың  өз  бетінше 
некелік  шарт  жасасуына  тыйым  салынады  деген  сөз.  Некелік  шарт 
жасасу-некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап 
өту  керек.  Некеге  отыратын  адамдардың  немесе  ерлі-зайыптылардың 
неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде 
шешіледі,  өйткені бұл  олардың  міндеті емес,  құқығы  болып табылады. 
Бірақ  сонымен  бірге  неке  шартында  ерлі  –  зайыптылардың  немесе 
некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет