Тәубе – шүкіршілік ету, барға қанағат ету өлшемі.
Тәурат – еврейлердің діни кітабы (Библия).
Телім – үлес, сыбаға, тиесі.
Теріс бата – риза болмағанда қолдың сыртын жайып, қарғыс айту.
Тобыр – топталған, жиналған қалың топ.
Тозақ – о дүниеде өлгендердің рухын азаптайтын жазалау орны.
Той бастар – ұзатылатын қыздың тойында айтылатын кәделі өлең-
жыр.
Тоқымқағар – отбасының, ауыл адамдарының жол жүрерде не жас
балаға алғаш рет атқа мінерде жасалатын рәсім.
Төркін – тұрмысқа шыққан қыздың туған-туысқаны, ел-жұрты.
Төркіндеу – тұрмысқа шыққан әйелдің әке-шешесі мен
туыстарының ауылына қыдырып іздеп бару рәсімі.