Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет60/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   135
Тәрбиенің басты түрлері                                                                                                            
Тәрбие түрлері
 
Мазмұны
 
әдеп тәрбиесі 
Әдеп-белгілі 
бір 
халықтың 
әдет-ғұрпында 
тұрақталып, 
қалыптасқан 
этникалық 
тәртіп. 
Отбасындағы 
әдеп 
тәлім-тәрбиесінің 
басты 
түрлеріне мыналар жатады:  
-әке мен ананың жеке тәрбиесі, үлгі-өнегесі; 
-ата  мен  әженің,  отбасы  мүшелерінің,  көрші  мен 
туыстың тәлім- тәрбиесі; 
-халық  даналығын,  мақал-мәтелдерді,  шешендік 
сөздерді,  аңыз-ертегілерді,  батырлық,  ғашықтық 
жырларды пайдалану; 
- ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер. 
салауатты  өмір 
салтына 
тәрбиелеу 
дұрыс  ұйымдастырылған  күн  тәртібін,  спорттық 
жаттығуларды, 
дене 
шынықтыруларын 
т.б. 
қамтиды. 
сана-сезім 
тәрбиесі 
ата-аналардың өз балаларын білімдермен байытып, 
соны  ақпараттарға  деген  тұрақты  қажетсінуін 
қалыптастырып,  оларды  үздіксіз  жаңалап  отыру 
ұмтылыстарын  баулуға  негізделеді.  Танымдық 
қызығу,  қабілет,  бейімділіктер  мен  нышандарды 
дамытып  отыру  бала  тәрбиесіндегі  ата-аналардың 
аса өзекті шаруасы. 
адамгершілік-
имандылық 
тәрбиесі 
Бұл  орайда  алғы  шепке  тартылатын  мәселе 
мәңгілік 
өзгермес 
адамзаттық 
мораль 
құндылықтары  -  сүйіспеншілік,  құрмет  пен 
сыйластық, әділдік пен ар-намыс, қадір-қасиет пен 
борыш  сезімдерін  тәрбиелеу.  Адамгершілік  сапа,  
қасиеттердің 
басқа 
да 
түрлері: 
парасатты 
қажетсіну,  тәртіптілік,  жауапкершілік,  дербестік 
пен ұстамдылық та осы отбасында беріледі. 
эстетикалық 
тәрбие 
Отбасындағы  балалардың  таланты  мен  дарынын 
дамытуға  бағытталып,  өмір  болмысы  әсемдіктері 
жөнінде тағлым беруге арналады. 
еңбек тәрбиесі 
Отбасындағы  балалардың  болашақтағы  адал 
өмірінің  негізін  қалайды.  Еңбектенуге  отбасынан 
дағдыланбаған  баланың  есейген  кезде  де  бар  есіл-
дерті «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп, 
шалқып өмір сүру. Ал мұндай еңбексіз «күнде той» 
өмірдің  жақсылыққа  апармайтынын  тұрмыс  қадам 
сайын дәлелдеп отыр. 
 


107 
 
дене тәрбиесі 
Балалардың  тән-дене  және  рухани  сапаларын 
қалыптастыру  бағытындағы  саналы  да  парасатты 
істерге  негізделген  үздіксіз  жетіліп  барушы 
процесс. 
 
Отбасы  тәрбиесінде  ең  маңызды  мәселенің  бірі  –  ата-аналардың 
педагогикалық  көзқарасының  қалай  қалыптасуында.  Өскелең  ұрпақты 
тәрбиелеуде 
балалардың 
анатомиялық-физиологиялық 
және 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
ескермейінше 
табысқа 
жетуді 
ойластыруға  болмайды.  Физиологтар,  психологтар  мен  педагогтар 
балалардың дамуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастырады, нәрестелік 
шақ-  1  жасқа  дейін,  балдырғандық  шақ  –  1  жастан  -3  жасқа  дейін, 
мектепке дейінгі жас  -3 жастан- 7 жасқа дейін, бастауыш мектеп жасы 
-І  және  III  сыныптар,  ортаңғы  сынып  жасы  (жасөспірім)  –IV-VII 
сыныптар, жоғары сынып жасы (ересек жасөспірім) –VIII-XІ сыныптар. 
Әр  шақтық  кезеңнің  жеке  адамды  қалыптастырудағы  мәні  қандай? 
деген  заңды  сұрақ  туады.  Бұл  күрделі  сұрақ.  Бұған  психология 
ғылымының  маңызды  саласы  –  педагогикалық  және  жас  ерекшелік 
психологиясы  жауап  береді.  Соның  ішінде  мектепке  дейінгі  балалық 
шақтың бала дамуындағы мәні өте зор. Себебі, бұл кезең баланың мінез-
құлқының  қалыптасуының  негізгі  сатыларының  бірі  болып  табылады. 
Сондай-ақ,  адамның  дамуында  өмірінің  алғашқы  жылдары  айрықша  із 
қалдыратынын  атап  көрсете  отырып,  кеңес  педагогтары,  психологтары 
мен  физиологтары  өз  зерттеулерінде  мектептің,  отбасы  мен 
жұртшылықтың өзара бірлесе әрекет етуін көздейтін тәрбиенің ғылыми 
негіздерін  жасауға  жәрдемдесетін  бұл  қағидаларды  дамытып,  байыта 
түсті. 
Қазіргі  уақытта  психологтар  мен  педагогтар  баланың  жеке 
басындағы  қасиеттерінің  негізі  оның  алғашқы  жылында-ақ  қаланады 
деген  пікірге  келіседі.  Жаңа  туған  нәрестеде  көптеген  қабілеттердің 
нышаны  ғана  болады.  Бала  өмірінің  алғашқы  жылдарында  сол 
нышандарды  дамытуға  қолайлы  жағдайлар  болмаса  немесе  ол  үшін 
әрекет істелмесе, кейін оларды жүзеге асыру өте қиынға түседі. Нәресте 
өмірінің  алғашқы  жарты  жылында  оған  көңіл  бөліп,  сүйіспеншілік 
көрсетпеу  баланың  даму  қарқынын  бәсеңдетеді,  эмоциялық  сезімін 
кемітеді,  әр  нәрсеге  әуесқойлығы  мен  қызығушылығын  тежейді,  бұл 
оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен сана-сезіміне әсер етеді. 
Осының  бәрі  ата-аналарға  баланы  педагогиканы,  психологияны, 
физиология  мен  гигиенаны  білу  негізінде  саналы  түрде  тәрбиелеу 
жөнінде  зор  және  жауапты  міндеттер  жүктейді.  Бұл  жерде  тәрбие 
жұмысының мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, құралдарын, 
формалары мен әдістерін терең білу қажет. 


108 
 
Отбасындағы  тәрбие  әдістері  –  бұл  ата-аналардың  өз  баласының 
санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты 
көзделген  жөн-жосығы,  жолы.  Бұлардың  бәрі  де  тәрбиенің  жалпы 
әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар: әр балаға 
болған  ықпал  тұлғаның  жекелеген  нақты  әрекет-қылығы  мен  ақыл-
парасатына  икемделуінен  даралықты  келеді;  тәрбие  әдістерін  таңдау 
ата-аналардың  педагогикалық  мәдениетіне  орайлас  келіп,  олардың 
тәрбие  мақсатын  тануына,  өз  қадір-қасиетіне  құндылықтық  бағыт-
бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.                                               
Тәрбие  мазмұны  мен  түрлері,  әдіс-тәсілдері  белгілі  бір  жас 
ерекшеліктеріне,  талап-тілегі  мен  мүмкіндіктеріне  сәйкес  болуы  керек. 
Баланы белгілі бір жас кезеңіндегі дамудың жоғары деңгейіне сай және 
оны  дамудың  әлдеқайда  жоғары  сатысы  келесі  жас  шағы  кезеңіне 
табысты  көшуді  даярлайтын  біліммен  қаруландыру,  оны  іс-әрекет 
түрлеріне  араластыру,  оның    бойында  осыған  лайық  сапа,  қасиеттер 
қалыптастыру қажет. 
Қазіргі  кездегі  ата-аналардың  бәрі  өз  балаларының  жан-жақты 
дамып,  рухани  дүниесі  бай,  адамгершілік  жағынан  адал,  денесі 
үйлесімді жетілген азамат болып өсуін қалайтыны даусыз. Бірақ мұндай 
тілекті жүзеге асыру оңай іс емес.   
Ұзаққа  созылған  өз  тарихы  бар  отбасы  балаларды  тәрбиелеу 
жолында  орасан  көп  бақылаулар  нәтижесін  жинақтап,  қорытты.  Осы 
қорытулар  негізіңде  аса  маңызды  тұжырымдар  жасалып,  олар 
отбасыдағы  балаларды  тәрбиелеудің  жалпы  заңдылықтары  ретінде 
белгілі  жүйелерге  орай  топтастырылды.  Дегенмен,  олардың  бәрі 
ғылыми  заңдылық  байланыс  белгілеріне  ие  болмаса  да,  өз  дәрежесі  
бойынша  алғашқы  тұрмыстық  деректі  пайымдар  мен  қарапайым 
көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні - ата-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет