Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет61/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135
аналарға кеңес, отбасылық тәрбие ережелері. 
Ата-аналар  өз  тәрбиелік  әрекеттерін  осы  ережелер  тұрғысынан 
салыстыра  бағалап  отырады,  сонымен  бірге  ережелер педагогтар үшін, 
әсіресе  егде  ата-аналарға  өнімді  де  негізді  кеңестер  беріп  отыруға 
қажетті. 
Отбасындағы  адамдардың  қарым-қатынасы  сан  қырлы.  Мұндай 
қарым-қатынас  балалардың  өсіп  жетілуіне,  (әсіресе  олардың  сәби 
шағында)  күшті  әсер  етеді.  Мұнда  отбасы  мүшелерінің  өзара 
қамқорлығы,  шын  жүректен  түсінушілігі  мен  туыстық  жақындығы 
сияқты отбасы ішіндегі қатынастар ерекше ықпал етеді. 
Балалардың  ата-анасына  және  ересектерге  жақындығы  олар  үшін 
мынаны  білдіреді:  үлкендер  жүрегінің  бар  қазынасын  балаларға 
қалтқысыз  сыйлайды,  ол  үшін  балалардан  еш  нәрсе  талап  етпейді,  ал 
бала осынау жақсының бәрін бойына сіңіріп, үлкендерді өзінің кіршіксіз 


109 
 
пәктігімен  қуантады,  әрі  нәзік  жан  дүниесінің  сырын  ашады.  Міне, 
сондықтан  балалар  үй  ішіндегі  татулыққа,  ата-анасының  өнегелі 
ықпалына, отбасыда өздерін түсіне білу жағдайларына мұқтаж болады. 
Баланың азамат болып қалыптасуына отбасындағы өзара игі қатынас 
күшті әсер етеді. Отбасындағы дәстүрлер бұл қатынастарды нығайтып, 
олардың балаларға ықпалын күшейтеді.  
Отбасылық  дәстүрлер. Мұндай  дәстүрлер  отбасының  психология-
лық    ахуалының  ажырамас  бөлігі  бола  отырып,  балаларға  күшті  әсер 
етеді. Олардың жас ұрпаққа ықпал етуінің мәні неде? Қазіргі  отбасыға 
қандай дәстүрлер тән? 
Дәстүрлер, әдетте, заң актілерімен емес, қоғамдық пікірдің күшімен 
сақталады.  Олардың  көбі  жетіле  келе,  қоғамның  ережелеріне, 
нормаларына, еш жерде жазылмаған ерекше заңдарына айналады.   
Дәстүрлердің  кейбіреулері  өзінің  шыңына  жетпестен,  біртіндеп 
маңызынан  айрылып,  тіпті  біздің  ілгері  жылжуымызға  кедергі 
жасайтынына  қарамастан,  сөз  жоқ,  қоғамдық  прогресстің  тездетушісі 
болып  табылады.  Сондықтан  ескірген,  өмірі  өткен  дәстүрлермен  күрес 
жүргізіп,  оларды  жаңартып  отыру  қажеттігі  туады.  Бұл  -  табиғи 
процесс. Ол дәстурлердің зор тәрбиелік күшіне нұқсан келтірмейді. 
Көптеген  жақсы  отбасыларда  белгілі  бір  өзіндік  ережелері  мен 
әдеттері  бар  парасатты  тұрмыс  салты  орныққан.  Олар  үйреншікті, 
қарапайым және айрықша күш салмай-ақ өз-өзінен атқарылып жатады. 
Жоғарыда  айтылған  отбасы  кеңестері  тәрбие  тұрғысынан  тіпті  өте 
жақсы,  жекелеген  өсиет  айтатын  әңгімелерден    әлдеқайда    құнды   
болады. 
Әрбір отбасының өзіндік дәстүрі болуы табиғи нәрсе. Отбасындағы 
қалыптасқан игі дәстүрлердің бірқатарына тоқталайық. 
 
1.Отбасылық  кеңес.  Мұнда  отбасы  мүшелері  аптасына  бір  күнді 
белгілеп, келелі мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.   
 
2. Отбасындағы тағы бір кұптарлық дәстүр - табиғатпен достасу. Бұл 
дәстүрдің  мақсаты  өсімдіктер  мен  жануарларды  ерекше  құрметтеуге, 
туған  өлке  табиғатын  сүюге  баулу.  Отбасы  болып  туған  өлкеге  жорық 
ұйымдастырудың  мәні  ерекше.  Мысалы,    кейбір  отбасылар  қара  күз 
келісімен алғашқы қарды асыға күтеді немесе наурыз мерекесін ерекше 
қарсы алады (аула тазалап, ағаштар егіп т.б.)  
 
3.Кітаппен достасу бұл дәстүр төңірегінде сөз еткенде, Б.Момышұл
ының  Ұшқан ұя»  повесін  мысалға  алуға  болады.  Осы  кітапты  оқу, 
талдау  барысында  бала  Бауыржанның  психологиясын,  отбасындағы 
тәрбие алу рәсімдерімен жақын танысуға мүмкіндік бар. 


110 
 
Енді  сондай  кітаптарға  байланысты  жайлардың  тәрбиелік  маңызы 
қандай  екенін  қарастырып  көрейік.  Біріншіден,  бала  дүниетанымын 
қалыптастыруда    аса  маңызды  тәрбиелік  екі  фактор  -  кітап  пен  жақын 
адамның  жеке  өнегесі  әсер  етеді.  Екіншіден,  осы  факторлардың  өзара 
әрекеттесуінен  балаларда  тың,  едәуір  қуатты  әсер  пайда  болады. 
Үшіншіден,  мұның  бәрі  табиғи  жағдайда  өтетіндіктен,  балалардың 
өздері бір-біріне ықпал ете бастайтындықтан да бұл әсері күшейе түседі. 
Мұндай  жағдай  балалардың  кітапқа  деген  құмарлығын  арттырып, 
әуесқойлығын  туғызады,  ол  кітап  бетінен  кездесетін  моральдық 
нормалар  жақын  адамдардың  өмірінен-ақ  байқалып,  әдетте,  өскелең 
ұрпақтың    адамгершілік тұрғыдан    қалыптасуының негізі болады. 
 
4. Отбасындағы тәртіп, күн тәртібі. Мұнда отбасының тәртібі, оның 
әрбір  мүшесінің  жүріс-тұрысы,  мінез-құлық,  іс-әрекет,  және  сөйлеу 
мәдениетін қамтиды. 
 
5. Мәдени орындарға бару /театр, кино, концерт кештері, цирк т.б. 
 
6.  Отбасындағы  елеулі  оқиғаларды  мерекелік  жағдайда  атап  өту 
көптеген  отбасыларда  дәстүрге  айналған.  Мұндай  оқиғаларға 
дайындалуға  ересектермен  бірге,  балалардың  да  қатысуының  зор 
маңызы бар. Онда жоспар жасалады, тапсырмалар бөлінеді, қонақтарды 
күтіп  алу  салты  талқыланып,  оларға  көрсетілетін  қызықтар,  ойын-
сауықтар  ойластырылады.  Отбасы  өміріне  қуаныш  кіреді.  Отбасы 
мүшелерінің бірлескен әрекеті оларды топтастырады, балалар көптеген 
тағлым  аларлық  өнеге  үйренеді,  іскерлікке  ие  болып,  мәдени  мінез-
құлық ережелерін меңгереді. 
Отбасылық  мерекелердің  педагогикалық  мәні  ардақты  адамдармен 
жүздесуде,  олармен  өткізілетін  қызықты  әңгімелерде,  бүкіл  осындай 
жағдайдың салтанатты түрде өтетіндігінде болып табылады.  
Жақсы  дәстүр  отбасын  біріктіреді,  бұған  дейін  отбасының  үлкен 
мүшелерінен  көрінген  саналылық  пен  жақсылықтың  дәнін  сақтай 
білуге, оларды өскелең ұрпаққа өнеге етуге мүмкіндік береді. Дәстүрдің 
тәрбиелік  күшінің  мәні,  онда  жинақталған  тәжірибені  ескелең 
ұрпақтардың 
неғұрлым 
табиғи 
түрде 
қабылдайтындығында. 
Шындығында,  біз  жақсы  дәстүрлер  аз  кездеспейтін  отбасыда  ата-
аналарда  болатын  кейбір  қателіктердің  балаға  қарсы  әсер  етуіне  көп 
мүмкіндік  туатынын  аңғарамыз.  Ешбір  нәрсе  ұжымдық    дәстүрдей 
жұптастыра алмайды деген сөз –бұл отбасы ұжымына да  қатысты. 
Өсіп  келе  жатқан  адамның  жеке  басының  қалыптасуына 
отбасындағы өмір күшті әсер етеді. Егер ата-аналардың отбасы тіршілігі 
турасында  дұрыс  түсінігі  болмаса,  егер  олар  отбасы  өмірінің  дұрыс 


111 
 
мақсатты  жағын  педагогикалық  тұрғыдан  жағдайластырмаса,  онда  бұл 
баланың  жеке  санасының  қалыптасуына  ғана  емес,  түгелдей  жеке 
басының  тәрбиесіне    зиянын    тигізеді.  Қазіргі  заманғы  отбасы 
тәрбиесіне кері әсер етуші факторларды келесі кестеден көруге болады. 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ата-аналар  қателерін  шартты  түрде  мынадай  екі  топқа  бөлуге 
болады; 
-отбасындағы өмір жағдайының ретсіздігіне байланысты ата-аналар 
өздерінің әр қилы іс-әрекеттері арқылы балаларға өнеге көрсете алмауы; 
-баланың  әрбір  ісі  мен  қылығына  сәйкес  ата-аналардың  оларға  
нақтылы  шаралар қолдана алмауы; 
Ата-аналардың  отбасы  тәрбиесінде  жиі  кездесіп  отыратын 
қателіктердің  ішіндегі  елеулісі  және  үнемі  кездесіп  отыратыны 
келесідей болып келеді: 
-баланың  бес  жасқа  толғанға  дейінгі  өмірінде  (мектепке  дейінгі 
кезең) оған тұрақты көңіл аударылмауы; 
-баланы беталды естен тана жақсы көруі; 
-үйдегі  барлық  ересек  отбасы  мүшелері  назары  жалғыз  балада   
болуы;  
-ата-аналар  өздерінің  балалық  шағында  бастарынан  ауыр  тұрмыс 
халін кешірген, сондықтан да олар баласының жеңіл-желпі тіршілік етуі 
тиіс деп есептеуі; 
Ата-аналардың 
рухани 
жадағайлары 
Экономикадағы 
кері 
 процестер 
Ата-аналардың халықтық 
тәрбие мен 
этнопедагогика 
тағылымдарынан 
мәліметінің аздығы 
Ата-аналардың 
отбасы 
педагогикасынан аз 
мәліметтенуі 
Кітапты рухани байлығы ретінде 
сезінбейтін ұрпақтардың өсуі 
Адами ізгілік нормаларына жат 
шетелдік фильмдердің баланы 
қатыгездікке тәрбиелеуі 
Теледидар алдында 
отыратын, біртекті 
ойлайтын, ішкі жан 
дүниесі тым ұқсас, 
нәрсіз, жадау 
ұрпақтардың көбейіп 
бара жатқаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет