Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс. Олар: -ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі
тиіс;
-зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы қажет;
-зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;
-психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді
түрде қолданылуы керек;
Отбасын зерттеу педагогке не береді? Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігі-
мен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен
әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие
мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім
дәстүрлі
педагогикалық-психологиялық
диагностика
әдістерінің
кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу-сынып жетекшіден кәсіби
шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.