Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім
Тіркеу № _____________
«____»__________2020 жыл
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ
ФИЗИКА
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
негізгі орта білім базасында
Нұр-Сұлтан 2020
Бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытындағы
жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде
қаралды және ұсынылды
Хаттама № 2 « 03 » шілде 20 20 жыл
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды
Хаттама № 1 « 15 » шілде 20 20 жыл
Мазмұны
№
|
Атауы
|
Беті
|
1.
|
Түсіндірме жазба
|
4
|
2.
|
Пәннің тақырыптық жоспары
|
5
|
3.
|
Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері
|
6
|
4.
|
Әдебиеттер мен оқу құралдарының тізімі
|
16
|
Түсіндірме жазба
Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
Мақсаты: білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған физика пәнінің үлгілік бағдарламасында 9 бөлім қарастырылған: «Механика», «Молекулалық физика», «Электр және магнетизм», «Тербелістер», «Толқындар», «Оптика», «Кванттық физика», «Нанотехнология және наноматериалдар», «Космология».
Физика пәнінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін 60 сағатты құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:
оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;
оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);
оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.
Достарыңызбен бөлісу: |