Әдістемелік жұмыс- бұл кадрларды оқыту және дамыту, барынша құндылық тәжірибелерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етуге арналған жеке әдістемелік әзірлемелерін құру жөніндегі қызмет. Мақсаты



Дата31.12.2021
өлшемі1,97 Mb.
#21286
түріСабақ
Байланысты:
№2 МДӘ жұмысты ұйымдастыру МД-19-11 Мадешова А.А 07.09.2021ж

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі “Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі” КМҚК Сабақ тақырыбы: Педагогикалық ұжыммен жүргізілетін әдістемелік жұмыстың формалары Модуль /пән атауы: МДҰ оқыту үдерісін әдістемелік жолмен ұйымдастыру Дайындаған педагог: Мадешова Алуа Архабаевна «06» қыркүйек 2021 жыл Курс 3 оқу жылы 2021 топ МД-19-11 Сабақ типі: Жаңа сабақ Мақсаты: Студенттерге педагогикалық ұжыммен жүргізілетін әдістемелік жұмыстың формалары туралы білім беру. Міндеттер: Білімділік: Студенттерді білім, іскерлік және дағды жүйелеріне үйрету. Тәрбиелік: Студенттердің ғылыми дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін, көзқарастарын, сенімін  қалыптастыру. Дамытушылық: оқыту барысында студенттердің танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, еркіндігін, эмоцияларын, танымдық қабілеттері – тілін, еске сақтауын, назарын, елестетуін, қабылдауын дамыту.    2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: Бұл модуль мектепке дейінгі педагогика негіздерін; тәрбие жұмысының жалпы түсініктерін меңгереді. 3. Сабақты жабдықтау: презентация 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиет: Жұмабекова Ф.Н. Тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы оқу әдістемелік кешендердің рөлі. № 1 2014 4-6б8 3.2 Техникалық құралдар, материалдар: АКТ құралдары

Әдістемелік жұмыс- бұл кадрларды оқыту және дамыту, барынша құндылық тәжірибелерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етуге арналған жеке әдістемелік әзірлемелерін құру жөніндегі қызмет.

Мақсаты: Педагогтің және жалпы ұжымның педагогикалық шеберлік деңгейінің өсуі. Міндеті: - педагогтерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектеседі; - педагогтарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту; - озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау; - аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру.

  • педагогикалық кеңестер
  • семинар – практикумдар, кеңестер
  • әдістемелік бірлестіктер

Педагогикалық кеңес- оның негізгі қызметі әрбір педагогтің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру болып табылады.

  • Әдістемелік бірлестіктер- оның құрамына әдетте бір немесе аралас пәндердің 4-5 оқытушысы кіреді. Олар ұстаздардың оқытылатын ғылым саласындағы жаңа жетістіктердің нәтижелерін зерттеуін, олардың жаңа әдістемелік тәсілдермен және технологиялармен танысуын, жаңа оқу бағдарламалары мен сұрақтарын талқылауын ұйымдастырады, мұғалімдердің сабақтарын талдайды.

Семинар практикумды тәжірибелі тәрбиешілер, әдіскер – тәрбиешілер, балабақша меңгерушісі жүргізеді. Семинардан тәрбиешілер өз білімдері мен іскерліктерін жетілдіруде пайдалы әсер алады. Семинарлар мен семинар – практикумдар оқу жылы бойына жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

  • Семинар практикумды тәжірибелі тәрбиешілер, әдіскер – тәрбиешілер, балабақша меңгерушісі жүргізеді. Семинардан тәрбиешілер өз білімдері мен іскерліктерін жетілдіруде пайдалы әсер алады. Семинарлар мен семинар – практикумдар оқу жылы бойына жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
  • Жас тәрбиешілерге кеңес
  • Жас тәрбиешілерге кеңес - бұл педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуге арналған, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес педагогтар бірлестігі.
  • Мақсаты: жас педагогтердің кәсіби биік армандарын, өзін-өзі тұрақты дамыту мен жетілдіруге деген сұраныстарын қалыптастыру, әдістемелік жұмыс арқылы тұлғалық және кәсіби дамуға жағдай жасау.

Міндеттері:

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6

Педагогтердің өздігінен білім алуын жетілдіру

  • Педагогтердің өздігінен білім алуын жетілдіру
  • Біліктілікті арттыру- базалы мамандықтар аумағындағы кәсіптік білім мен тәжірибелік білімді жаңарту және тереңдетуге мақсатты түрде бағытталған процесс.
  • Әрбір педагогтің өздігінен білімін көтеруі ой-еңбегінің техникасын білу негізінде құрылады. Педагогтің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақыты дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспарын құрып, оны іске асыра алуына тікелей байланысты.
  • Студенттерге тапсырма:
  • Жұмыс дәптеріне конспекті жасау.
  • Жас тәрбиешілерге арналған тренинг әзірлеу, практика түрінде өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет