Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Наурыз – жыл басы
Өткізген: Ахайдарова Р.
Наурыз – жыл басы! (Тәрбие сағаты)
Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.
2Студенттердің ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.
3Студенттердіұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Буклет,кестелер,шарлар,қанатты сөздер.Үнтаспа.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
1- жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..
(осы өлең жолдарын талдап, «Наурыз тойы» дегеніміз не ол жөніңде естіп,білгендерін ортаға салу)
Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
2-жүргізуші: Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы,мәңгі деп есептелген.
2. Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.
3. Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.
4. Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс мошылық бастауы.
5. Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.
(әр қанатты сөзге оқушы өз ойын нақтылай жеткізілуге ұмтылды)
1- жүргізуші:
Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
Студенттер «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын
2 – жүргізуші:- Бүгін ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ
«Ақ түйенің қарны жарылған күн».
II – БӨЛІМ
Студенттерді екі топқа бөлу (сайыс ұйымдастыру)
«Наурыз» тобы «Көктем» тобы
1. Топ атын қорғау.
2. Мәнерлеп оқу сайысы.
3. Өлең шумағын құрастыр.
4. Мақал – мәтелді аяқта.
5. Ребус шешу.
6. Сөз жұмбақ шешу.
Қорытындылап, марапаттау.
Мерекелік кеш әсем ән, би,өлең – жырмен жалғасты.
Наурыз көже таратылды.