Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы «№34 Бірлік жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет6/8
Дата27.11.2023
өлшемі83,07 Kb.
#128650
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бордың химиялық әсері дұрысы

Крахмалды анықтау. Крахмалды анықтаудың екі жолын таңдадық.. 1. Бор отқа біраз уақыт қыздырылғанда, ол қарайып кетті, яғни оның құрамында крахмалдың бары анықталды, себебі көмірсуларды қыздырғанда көмірленеді. 2.Крахмалдың сапасын анықтау үшін иод ерітіндісін қолдандық. Зерттелетін бордың тұйіршіктеріне 2-3 тамшы иод тамызғанда, бордың түсі өзгерді. Демек крахмалдың бар екендігін дәлелдедік. Төрт сынамада да крахмал бар екендігі анықталды.
Ғанышты анықтау. Ғанышты анықтауда микрокристалдық реакция жүрізілді. Нәтижесінде ине тәрізді кристаллдар төрт сынамада да кездесті, демек ғаныш ол ғаныштың барын дәлелдейді.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей бордың құрамында химиялық қоспалар бар, сондықтан да шамадан тыс көп пайдалануға болмайды.
Мектеп борының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулықтарына әсері.
Адамның басты байлығы – денсаулық екенін білеміз. Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар екені де айтылып жүр, дегенмен де осы мәселе бүкіл дүние жүзінде қаралып жатқанмен де, шешімі болмай жатқан сияқты. Әр салада қызмет етіп жатқан түрлі мамандық иелері мен білім алушылардың да, қоғамдағы барлық адамдардың денсаулық жайында қозғалатын мәселелері аз емес. Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінде аллергия, бронхиалды демікпе, жүрек-қан тамырларының аурулары белең алып бара жатқандай. Жаңа дүние есігін ашқан жас баладан еңкейген қарияларға дейін осындай аурулармен зардап шегіп жатқандары қаншама.
Біздің қарастырып отырған мәселеміз де, мектеп борының денсаулыққа тигізетін әсері болғандықтан, денсаулық жайында сөз қозғап отырмыз. Мектепке алғаш барған бала ең алғаш борды ұстап, пайдалануды ұйренеді. Мектеп бітірген соң да жоғары оқу орындарында да осы бормен жұмыс жасайды. Статистикаға жүгінетін болсақ , адамрың шамамен өмір сүретін уақытын 75 жыл деп есептесе, бала 6 жастан 17 жасқа дейін мектепте 11 жыл оқиды. Жоғары оқу орнында кем дегенде 6 жыл, ал кейбіреуі ары қарай жалғастырып жатады. Ал ұстаздық жолды жалғастыратындар зейнетке шыққанша мектепте жұмыс жасайды. Кем дегенде 40 жыл. Жалпы есептесек 57-60 жылдай мектепте борды пайдаланамыз.
Мектеп боры талай жылдардан бері білімнің негізгі көзі ретінде пайдаланып келе жатқанын білеміз, бор мен тақтаның арқасында қаншама ғалымдар, зиялы қауымдар да шығып жатыр, әйтседе заманымыз жаңарып жатыр, қазіргі кездегі оқушының да, мұғалімнің де денсаулығы қуанатын жағдайда емес. Ауаның құрамының өзгеруінен бе, химиялық заттардың көптеп шашылуынан ба, экологиялық мәселелер туындап жатады, сондықтан да көпшілігі тыныс алу жолдарының ауруымен жиі ұшырасып жатады. Біз егер борды әрі қарай жалғастырып пайдаланатын , болсақ болашақ ұрпақтарымыз қандай болар деп ойға батасын. Сонда мынадай қорытынды жасауға болады мектепте жұмыс атқаратындардың денсаулықтары, оқушылардың болашағы алаңдатар мәселені туындатады.
Мектеп борын экологиялық жағынан таза, қауіпсіз деп қолдануға береді, дегенмен де, қолдану барысында оның шаңын жұтамыз, қолымызды былғгаймыз, кейбір оқущылардың жеп жүргенін де көреміз. Ал оның құрамында әк, ғаныш, крахмал, ПВА, БФ, казеин желімдері бояғыш тәрізді қаншама химиялық заттар бар, ағзаға зиянды деп айтуға болады.
Барлық дәлелдемелерді статистикалық мәліметтерді есере отырып, , мектеп борының қаншалықты әсері бар екенін білу үшін зерттеу жұмысы әрі қарай жалғастырылды.

2.қосымша. сауалнама талдауы. Бордың адам денсаулығына тигізетін қандай әсері бар екенін білу мақсатында мектеп мұғалімдеріне сауалнама алған болатынбыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет