Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы «№34 Бірлік жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық әсері
Бағыт: Таза табиғи орта Қазақстан – 2050 стратегиясын жүзеге асырудың негізі
Секция: Химия
Орындаған : Жумбек Гулдана
Жетекшісі: Телходжаева Айжамал
Бордың адам ағзасына тигізетін химиялық әсері.
Мақсаты: Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық, физикалық әсерін зерттеу.
Өзектілігі: Мектептерде қолданылып жүрген бордың құрамындағы заттардың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері болғандықтан, мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтары алаңдаушылық туғызып отыр.
Мәселе туындап туындап жүргенімен мектептебімізде зерттелмеген, сол себептен де, дәрігер тыныс алу жолдарымен ауыратын балалар бар екенін анықтап, мұғалімдерден, оқушылардан сауалнамалар алу арқылы зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Аннотация
Ғылыми жоба тақырыбы «Бордың адам ағзасына тигізетін химиялық әсері.»
Өзімнің жұмысымда мен бордың шығу тарихы, оның қасиеттері, қолданылуы жөнінде ақпарат берем. Мектеп борының құрамын анықтап, сандық және сапалық жағын тәжірибе жүзінде зерттедім. Оны қаншалықты қолдануға болатынына талдау жасап басқа мектеп борларымен салыстырдым. Мектеп борының адам ағзасына тигізетін әсері жайында мұғалімдермен сауалнама жүргіздім.
Берілен жұмыста мен мектеп борының зияны жоқ, экологиялық таза, қолданылуға болатын зат ретінде пайдаланғанымен де, құрамындағы көптеген зиянды заттарын анықтай отырып, тигізетін бірнеше зияны бар екенін, оның оқушыларға, мұғалімдер үшін де кері әсері бар екендігін көрсеткім келді.
Оқушының ғылыми жұмысына
Пікір
Жумабек Гулдана
Секция: «Химия»
Сыныбы : 7 «Б»
Ғылыми жоба тақырыбы: «Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық әсері.»
Оқушы Жумабек Гулдана 7 сыныпты қыркүйек айынан бастап , осы уақыт аралығына дейін өзіне жүктелген ғылыми жоба тақырыбы бойынша ғылыми ізденіс үстінде. Бекітілген ғылыми жұмысын жоғары деңгейде орындап жатыр деп нақ сеніммен айта аламын, себебі Жумабек Гулдана мектеп борының шығу тегін, қасиеттерін, қолданылуын, химиялық құрамын зерттеу сияқты ғылыми жұмыстарды өз бетімен ізденіп, мектеп борының ағзаға тигізетін әсеріне талдау жасады. . Автордың шығармасында бор кокколито-форидтер деп аталатын планктонды теңіз балдырларына тән кальцитті қанқалар есебінен қалыптасқандығы, оның қағаз жасауда, ақтау жұмыстарында, қабырға, төбелерді әктеуде, бояу , қант, сірінке өнеркәсібінде қолданатындығы, полипропилен, полиэтилен өндіргенде қосымша өнім ретінде қолданатындығы қарастырылды. . Бордың негізгі құрамына кальций карбонаты кіреді. Табиғи бордың құрамында ешқандай қоспалар болмайды. Қолданылып жүрген борлардың құрамында крахмал, ғаныш (гипс) сияқты байланыстырғыш заттар болады. Ал мектеп борын дайындағанда құрамына қандай байланыстырғыш заттарды қосқанын білу үшін, тәжірибе жүзінде дәлелдеп, сапалық реакция жүргізілді. . Жумабек Гулдана өзінің жаңа әдістері мен материалдарын, бордың құрамын анықтау үшін жүргізген сапалық реакцияларды жүргізе отырып, оларды саналы түрде жүзеге асыра білді. Өз бетінше ғылыми-ізденіс дағдысын дамыта білді. . Гулдананың ғылыми жобасын жан-жақты талдай отырып, оның келешекте экология саласына тигізетін әсері зор, алдағы уақытта ол жоғары жетістіктерге жетуіне сенімдімін,себебі өзіне тапсырылған міндеттерді нақты және уақытылы орындай біледі. . Мен сын-пікір беруші ретінде Жумабек Гулдана «өте жақсы» деген баға бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |