Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата06.02.2017
өлшемі1,34 Mb.
#3496
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сəтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университеті
Ақпараттық технологиялар институты
Желілер мен жүйелердің программалық қамтамасы кафедрасы
Ақпараттану
пəні бойынша
5В070200 - Автоматика жəне басқару мамандығы
студенттеріне арналған
ОҚУ ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
АЛМАТЫ 2010

3
«Ақпараттану» пәні бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТУ
5В05070200 (Автоматика  және  басқару)  мамандығы  студенттеріне  арналған
оқу әдістемелік кешен
Құрастырғандар: Джунусова Салтанат Маметжанқызы
                              Мырзағалиева Бақытнұр Қайырбекқызы
Сарсембаева Гүлназ Дүйсембайқызы
Аңдатпа
     Ақпараттану   пәнінің  негізі  болып  техникалық  мамандықтарды  меңгеретін
студенттердің  ақпараттарды  өңдеу, сақтау, беру, және  қабылдау  процесінің
негізгі  білімі  қарастырылады.Ақпараттану  пәнінің  оқу  әдістемелік  кешенінің
(АП  ОӘК) негізгі  мақсаты  студенттердің  пәнді  сапалы  және  тиімді
меңгеруі.ОӘК  құрамына- дәрістердің  тезистік  мазмұны, зертханалық
жұмыстарды орындауда  әдістемелік  нұсқау, студенттердің  өзіндік  жұмыстары
(СӨЖ), бақылау  сұрақтары  және  дәрістің , зертханалық  жұмыстардың, СӨЖ-
дің  әрбір  тақырыбынан  кейін  үй  тапсырмасын  орындауға  арналған  есептер
келтірілген. Сондай-ақ  ОӘК  құрамында  студенттердің  ағымдағы  және
қорытынды білімін тексеруге арналған тест сұрақтары келтірілген.
Ұсынылған  әдебиеттер  қазіргі  заманғы  оқулықтардан  және  ақпараттану
кафедрасының  оқытушыларының  пәнді  жүргізу  тәжірибесін  қолдана  отырып
жазылған әдістемелік нұсқауларға негізделген.

4
                  1.ПӘНІНІҢ ОҚУ ПРОГРАММАСЫ  - SYLLABUS
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы:      Джунусова Салтанат Маметжанқызы
Байланыс түрі                                    257-71-92
Кафедрада болатын орыны                1010в
 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы                     Ақпараттану
Кредит саны                 3
Оқу жоспарының көшірмесі
             1-кесте
Аптадағы академиялық сағаттар
Курс
Семестр
Кредитт
ер
Дәрісте
р
Зертханалы
қ сабақтар
СӨЖ СОӨЖ
Барлығ
ы
Бақыла
у түрі
1
 2
 3
2
1
3
3
9
емтихан
Пререквизиттер
ЖОО  студенттерінің  ақпараттық  технологияларды  меңгеруде  оқылатын
бірінші  пән  болғандықтан  мектепте  оқылатын  Ақпараттану  пәнінің
материалдарына сүйене отырып оқылады.
1.4   Постреквизиттер
Ақпараттану  курсын  оқып  болғаннан  кейін, бұл  пәннен  алған  білімді
пайдалана  отырып  басқа  да  пәндер  оқылады. Ондай  пәндердің  қатарына:
Информациялық жүйелерді жобалайтын және өңдейтін интеллектуальды және
эксперті жүйелер, деректер қорын жобалайға және өңдеуге негізделген пәндер
жатады. Бұл пәннің  постреквизитіне деректерді есептеуге байланысты барлық
пәндер жатады.

5
1.5 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Ақпараттану  пәнін  оқудың  негізгі  мақсаты – студеттердің  ақпараттарды
алу, түрлендіру, беру, сақтау  процестері  туралы  негізгі  білімді  сапалы  және
нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қәзіргі заманғы қоғамның
дамуында  ақпараттық  технологияның  ролі  және  бүкіл  әлемдік  ғылыми
көріністі  қалыптастырудағы  ақпараттық  процестердің  мәнін  студенттерге
жеткізумен анықталады.
Пәнді  оқудың  негізгі  міндеті – ақпаратты  қорғау  әдістері, ЭЕМ –дегі
локальды  және  глобальды  желілер, ақпараттық  процестер  және  жаңа
технологиялар  жайында  теориялық  білім  алу  болып  табылады. Бұл  пәнді  оқу
негізінде  студенттер -  өмірге  керекті  есептерді  шығару  үшін  компьютерлік
техниканың  мүмкіншіліктерін  сапалы  және  ұтымды  пайдалану, мәтіндік
редактормен, кестелік  процессормен  жұмыс  істеу  мүмкіндіктерін  игеруді,
деректер қорын құруды және кез – келген қолднбалы программалармен жұмыс
істеуді игерулері керек.
Ақпараттану  пәні – практиаклық  курс  болып  табылады. Сондықтан  бұл
пәнді  оқытудың  негізгі  шарты  ретінен, бақылаудың  негізгі  түрін  құрайтын
барлық  рпактикалық, лабораториялық  және  жеке  тапсырмалардың  міндетті
түрде орындалуы қажет.
1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
“Ақпараттану” пәнін сәтті игеру үшін оқу жоспарында келесі тапсырмалар
түрі мен жұмыс тізімі көрсетіледі:
- бақылау сұрақтарымен берілген дәрістік сабақтар ( 30 а.с.);
- сегіз практикалық жұмысты орындау;
- тоғыз лабораториялық жұмысты орындау;
- шектік бақылау ретінде бақылау жұмысын жүргізу;
- қорытынды бақылау – тестілеу түрінде емтихан
2-кесте
Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
Бақыла
у түрі
Жұмыс түрі
Жұмыс тақырыбы
Ұсынылатын
әдебиеттерге сілтеме
Тапсыру
уақыты
1
2
3
4
6
Ағымдқ
бақылау
Өзіндік
жұмыс І,2
Санау жүйелері
Бүтін бөлігін
аудару
СӨЖ орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
2 апта
Лабораториялы
қ жұмыс №1
WІNDOWS
операциялық
жүйесімен жұмыс
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
3 апта

6
Өзіндік
жұмыс №3
Санның бөлшек
бөлігін бір санау
жүйесінен екінші
санау жүйесіне
өткізу
СӨЖ орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
4 апта
Лабораториялы
қ жұмыс №2
WORD мәтіндік
редакторымен
жұмыс
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
5 апта
Өзіндік
жұмыс №4
Ондық сандарды
кодтау
СӨЖ орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
6 апта
Лабораториялы
қ жұмыс №3
EXCEL кестелік
процессоры.
Кестемен жұмыс
деректер
базасындағыдай
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
7 апта
Өзіндік
жұмыс №5
ЭЕМ – де
ақпараттың берілуі
СӨЖ орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
8 апта
Лабораториялы
қ жұмыс №4
EXCEL кестелік
процессоры.Кестел
ер байланысы.
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
9 апта
Өзіндік
жұмыс №6
MS DOS
жұмысының
принциптары мен
құрылымы
СӨЖ орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
10 апта
Лабораториялы
қ жұмыс №5
Access реляциялық
деректер қоры.
Деректерді
ұйымдастыру
принциптары
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
11 апта
Өзіндік
жұмыс №7, №8
MS DOS – тың
файлдық
құрылымы. MS
DOS – тың негізгі
командалары
СӨЖ орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
12 апта
Лабораториялы
қ жұмыс №6
Access реляциялық
деректер қоры.
Таңдаулар мен
сұраныстар
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
13 апта
-
Лабораториялы
қ жұмыс №7
Іnternet. Іздеу
жүйелері. Іnternet –
те іздеуді
ұйымдастыру.
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
14 апта
Лабораториялы
қ жұмыс №8
Іnternet Explorer.
Мәтіндік
ақпаратты
көркемдейтін
тегтермен жұмыс.
Лабораториялық
жұмыс орындауға
арналған әдістемелік
нұсқау
15 апта

7
Қорытн
ды
бақылау
Емтихан
(Тестілеу)
Пәннің барлық
оқылған
тақырыптары
Сессия
1.7 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Информатика. Базовый курс. Учебник для ВУЗов. Под ред.С.В.
Симоновича.-СПб.:Питер, 2002-638 с.
2. Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Практическая информатика. –
М.:ТЕХНОЛОДЖИ-3000, 2002 – 432с.
Қосымша әдебиеттер:
3. Нортон  П. Программно-аппаратная  организация  компьютера  ІBM-PC.
Киев, 1997 г.
4. Фигурнов  В.Э. ІBM-PC для  пользователей. М.: Финансы  и  статистика,
1997
5. Левин И.Н. ПК для пользователей. Киев: Диалектика, 2000 г.
6. Д.Лоу   Секреты WORD для WІNDOWS’ 95. Киев: Диалектика, 1999
7. Mіcrosoft Excel 97. Шаг за шагом: пер. с анг. – М.: Эконм,1998 г.
8. Лавренов  С.М. Excel. Сборник  примеров  и  задач. М: Финансы  и
статистика,2001 г.
9. Золотова С.И. Практикум по Access, М.: Финансы и статистика, 2001 г.
10. Олифер. «Компьютерны сетиң, М: Финансы и статистика, 2001 г.
11. Биллинг  В.А. VBA  и Offіce 97.Офисное  программирование.
М.:”Channel Tradіng Ltdң, 1999г.
12. С.Спейнаур, В.Куэрсия. Справочник Web-мастера. – Киев, BNV, 1998 г.
13. С.Пек, С.Арратс. Web – сервер WebSіte. Киев, BNV, 1998 г.
14. К.Джамса, К.Коуп. Программирование  для  Іnternet в  среде Wіndows. –
Питер, 1996 г.
15. Httl: //www. Pіter – press.ru.
16. HTML с самого начала. – Питер, 1998 г.
17. Под  редакцией  С.В. Симоновича  ИНФОРМАТИКА  Базовый  курс.
Питер 2001
18. В.А.Острейковский Информатика «Высшая школаң 1999. М.
19. А.П.Алексеев Информатика 2002. Москва 2002г.
20. Автоматизированные  тесты  по  темам: операционная  система MS-DOS,
NC, архиваторы, компьютерные вирусы.АОС
21.“Студент” - операционная система MS-DOS
22.АОС “Архиваторы”
23 АОС « Компьютерные вирусың
24 Электронный учебник «База данных Access»
25 Электронный учебник «Excelң

8
26 Электронный учебник « Разработка Web- страниц»
1.8 Білімді бақылау және бағалау
Қ.И. Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ –дың  барлық  курс  пен  барлық  пәндері
бойынша  студентердің  білімін  тексеруге  рейтінгілік  бақылау  қолданылады.
Балдық – рейтінгілікжүйеде  іске  асырылатын  білімді  бағалау  туралы
мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.
Қорытында  бақылау  кезінде  мамандық  бойынша  жұмыс  оқу  жоспарымен
сәйкес балды бөлудің (3-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалынып алынады.
Мамандық  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарына  енгізілген  әрбір  пәннің
рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады.
Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық
бақылау, қорытынды бақылау.
Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма,
коллоквиум, лабораториялық  жұмыстарды  орындау  және  басқалар  жатады.
Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрінің балдық көрсеткіштері
қолданылады (3-кесте).
3-кесте
Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік пайызы
Семестр№ Қорытынды  бақылау
түрі
Бақылау түрлері
%
2
Емтихан
Қорытынды бақылау
Аралық бақылау
Ағымдық бақылау
100
       
Ағымдық  бақылау  қорытындысын  өткізу  мерзімі  пән  бойынша  оқу
процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленеді (4-кесте). Ағымдық бақылау саны
пәннің оқу  әдістемелік  кешенінде  көрсетілген  пәннің  мазмұнымен  және  оның
көлемімен анықталады.
4-кесте
Оқу процесінің күнтізбелік кестесі
“Ақпараттану” пәні бойынша
Апталар
1
2
3 4 5
6
 7
8
9 10
І1  12 13
14
15
Бақылау
түрлері
ӨЖ-1 ӨЖ-2
З.Ж-
1
ӨЖ-
3
З.Ж-
2
ӨЖ-4
ӨЖ-5
З.Ж
-3
АБ-1
З.Ж-
4
ӨЖ-6 З.Ж-5
ӨЖ-7
ӨЖ-8
З.Ж-
6
З.Ж-
7/8
АБ-
2
Максим.
балл
2
2
3 2 3
2
2
3
10 3 2
3
2
2
3
3
3
10
Бақылау түрлері: ӨЖ-өзіндік жұмыс, АБ-аралық бақылау, Б-бақылау.

9
5-кесте
Студеттердің білімдерін бағалау жүйесі
Баға
Әріптік эквивалент 
Пайызбен берілуі
Баллмен берілуі
А
95-100
4
Өте жақсы
А-
90-94
3,67
В+
85-89
3,33
В
80-84
3,0
Жақсы
В-
75-79
2,67
С+
70-74
2,33
С
65-69
2,0
С-
60-64
1,67
 D+
55-59
1,33
Қанағаттанарлық
D-
50-54
1,0
Қанағаттанарлық емес
F
0-49
0
2. НЕГІЗГІ  ТАРАТЫЛАТЫН  МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
Курстың тақырыптық жоспары.
Ақпараттану  пәнін  оқу  міндетті  түрде  лекциялық (2 кредит) және
лабораториялық (1 кредит) сабақтарынан, сондай –ақ  студенттердің  өзіндік
жұмыстарынан  тұрады. Мұндай  кешендік пәнді оқу студенттердің ақпараттық
технология курсынан білімді фундаментельді меңгеруіне ықпал етеді.
Пәннің тақыраптық жоспары тақырыбы мен осы тақыраптарға байланысты
академиялық сабақтардың саны  келесі кестеде (6-кесте) көрсетілген.
6-кесте
Курстың тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттар саны
Тақырып атаулар
Дәрісте
р
Лаборатория-
лық
СОӨЖ
СӨЖ
1. Негізгі түсініктер:
сигналдар мен деректер,
деректер мен әдістер,
аппараттық қамтама,
программалық қамтама,
ақпарат,  ақпарат саны,
ақпаратты өңдеу, файлдар
мен файлдық құрылым.
Информатика пәні мен
есептері. Дерек
тасымалдағыштар.
Деректермен жүргізілетін
операциялар. Ақпаратты
кодтау.
2
1
1
2

10
2. Санау жүйелері.
Екілік кодтармен
жүргізілетін операциялар.
Бір санау жүйесінен екінші
санау жүйесіне ауысу.
2
1
1
2
3. Компьютер. Құрудың
магистральды-модульдік
принципі. Архитектура
түсінігі. Компьютер
құрылымы,  негізгі
желілердің тағайындалуы.
2
1
1
2
4. Сырқы құрылғылар.
Ақпаратты сақтау
принциптары. Компьютер
жадысының негізгі
сипаттамалары мен
ұйымдастырылуы. Жедел
жады.
2
1
1
2
5. Программалық
қамтама сипаттамасы.
Деректер құрылымы.
Файлдар және олардың
аттары. Файлдармен
жұмыс. Қоршау -
прогаммалары.
2
1
1
2
6. Компьютердің
операциялық жүйесі:
керектігі, құрамы,
жүктелуі. Жұмыс режимі.
ОЖ эволюциясы.
2
1
1
2
    7. Құжаттарды дайындау
және редакторлау жүйесі.
Формулалар және мәтіндер
редакторлары.Word-та
мәтінді форматтау.
Кестемен жұмыс.
Құжаттағы безендірулер.
2
1
1
2
8. Компьютерлік
графика негіздері.
Графикалық редакторлар.
Wіndows-тағы
бейнелермен жұмыс.  Paіnt
графикалық редакторы.
2
1
1
2
9. Сандық ақпаратты
өңдеу. Кестелік
процессорлар. EXCEL-де
электронды кесте құру.
Электронды кестелерді
редакторлау.
2
1
1
2

11
10. Деректер қорын
басқару жүйесі. Деректер
қорының құрылымдық
элементтерінің негізгі
түсінігі. Деректер
моделдерінің түрі.
Инфологиялық модель
құрудың реляциялық
әдістемесі. ДҚБЖ
кестелерінің
функциональды
мүмкіндіктері. ДҚБЖ –мен
жұмыс істеудің негізгі
технологиялары.
2
1
1
2
11. Мультимедиялық
технологияның негізгі
ұғымдары. Мультимедиа
аппараттық құралдары.
Мультимедиапрограммалы
қ құралдары. Мультимедиа
технологиясы.
2
1
1
2
12. Мультимедиа
стандарттық құралдары.
Дыбыс реттеуіші. Лазерлік
ойнағыш. Әмбебаб
ойнағыш. Дыбыс жазғыш
программасы.
2
1
1
2
13. Жүйелер туралы
жалпы мәліметтер,
компьютерлердің өзара
жүйелі жұмыс істеу алғы
шарттары мен қажеттілігі.
Глобальді және локальді
жүйелер. Локальді
жүйелердің негізгі
технологиялары, протокол
және стандарттары.
Байланыс жүйесінің
аппаратуралары және
сипаттамалары.
Мәлімметтерді беру
тәсілдері (асинхронды,
синхронды, симплексті,
дуплексті).
2
1
1
2
14. Локальды жүйенің
негізгі технологиясы,
протоколдары мен
стандарттары. Жүйені
басқарудың бағдарламалық
компонентері. Интернет.
Электронды почта.
2
1
1
2

12
15. Гипермәтіндік
технология. HTML тілі.
2
1
1
2
Барлық сағаттар
30
15
15
30
2.2 ДӘРІСТІК САБАҚ КОНСПЕКТІЛЕРІ
1 – Дәріс.  Дәріс тақырыбы: ИНФОРМАТИКАҒА КІРІСПЕ
1.1 Негізгі  түсініктер: сигналдар  мен  деректер, деректер  мен  әдістер,
аппараттық қамтама, программалық қамтама, ақпарат,  ақпарат саны, ақпаратты
өңдеу, файлдар мен файлдық құрылым. Информатика пәні мен есептері. Дерек
тасымалдағыштар. Деректермен жүргізілетін операциялар. Ақпаратты кодтау.
Дәріс конспектілері:
Деректер
– тіркелген  сигналдар.
Ақпарат
– бұл  мәліметтердің  өзара  әрекеттесуі  мен  олардың  әдістеріне
адеккватты  өнім.
“Информатика” – термині (франц. іnformatіque) француз сөзінің іnformatіon
(ақпарат) және automatіque (автоматика) шыққан  және  сөзбе – сөз
аударғанда “ақпараттық автоматика”.
Инфоpматика
 —  Бұл компьютерлік техниканы қолдануға негізделген пән,
ақпараттың  жалпы  қасиеттері  мен  құрылымын  оқытады, сондай-ақ  оны  құру
әдістері  мен  заңдылықтарын, сақтау, іздеу, өзгерту, беру  және  адам
қызметтерінің әртүрлі орталарында қолдануына негізделген.
Аппараттық  қамтама
 – аппараттық  конфигурация  құратын, техникалық
құралдар комплексі.
Ал программалық құралдарға Software (тікелей — “жұмсақ заттар”) сөзі өте
қоллайлы  таңдалған (дәлірек  айтқанда - құрылған), ол  программалық
қамтаманың  және  машинаның  өзінің  әттүрлілігін  көрсетеді  сонымен  қатар
программалық 
қамтаманың 
модификациясын, бейімділігін, даму
мүмкіншіліктерін де көрсетеді
.
Программалық  қамтама
 —  Бұл  компьютерлермен  қолданылатын  барлық
программалардың  біріккен  түрі, сондай – ақ  әрекеттердің  оларды  құру  мен
қолдану бойынша барлық аймағы
.
“Ақпарат” - термині  латынның “іnformatіo” сөзінен  шыққан, яғни
түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарын білдіреді
.
Ақпарат – бұл  жалпы  және  терең түсінікте  айтылған, яғни  оны бір  сөзбен
түсіндіруге болмайды. Бұл сөзге әртүрлі мағынадағы техникадағы, ғылымдағы
және тұрмыстық жағдайдағы мәндер алынады.
Ақпарат
— қоршаған  ортаның  обьектері  мен  құбылыстары , олардың
параметрлері, қасиеттері  және  күйлері  жайлы  деректер, олардың  өміршеңдігі
мен жұмысы  процесінде қабылданатын ақпараттық жүйелер (тірі организмдер,
басқарылатын машиналар және т.б.).
Компьютерлік өңдеу кезінде ақпарат деп компьютерге түсінікті түрде беру
үшін, тізбектелген символдық белгілеулер (әріп, цифра, кодталған графикалық

13
бейнелер  мен  дыбыстар  және  т.с.с.) жиынтығын  айтамыз. Әрбір  бұл  тізбекте
жаңадан кездесетін символ ақпараттық көлемін үлкейтеді.
Ақпарат әртүрлі формада болуы мүмкін:
· мәтін, сурет, фотобейне түрінде;
· дыбыстық немесе жарық арқылы берілетін сигналдар түрінде;
· радиотолқын түрінде;
· электрлік немесе нервтік импульстар түрінде;
· магниттік жазбалар түрінде;
· мимика немесе дене қимылы түрінде;
· дәмдік сезіну немесе иіс түрінде;
· хромосома  түрінде, организмдердің  қасиеттері  мен  нышандары мұраға
қалдырылу арқылы беріледі.
Ақпарат  көлемін  обьективті  өлшеуге  бола  ма? Ақпарат  теориясындағы
керекті қорытынды бұл шығу деректері:
Әртүрлі  топтағы  деректерде  болатын  ақпарат  көлемін  салыстыру  үшін
ондағы  символдардың  санын, сапасын  өсіре  отырып  үлкен  шартарды
орындауға болады.
Ақпараттың бірлігі түрінде бір бит алынған (ағыл. bіt — bіnary, dіgіt —
екілік сан).
Ақпарат теориясында бит
 — екі әртүрлі мағынадағы деректерді айыру үшін
ақпарат саны. Ал есептеу техникасында  бит деп машина ішінде берілетін
деректер мен командаларда қолданылатын “0” немесе “1” белгілерін сақтау
үшін керек , жадының ең кіші бөлігін айтамыз.
Бит — өлшеудің  ең  кіші  бірлігі. Практика  жүзінде  одан  үлкен  бірліктер
қолданылады  ол — байт,  ол  сегіз  бит. Кез – келген  компьютер
клавиатурасындағы 256 алфабит  символдары  осы  сегіз  битпен  кодталған
(256=28>).
Кеңінен қолданылатын байттан де үлкен ақпарат бірлігінің түрлері:
· 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210> байт,
· 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220> байт,
· 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230> байт.
Кейінгі  кезде  өңделетін  ақпарат  көлемінің  өсу  ретіне  байланысты
келесідегідей де бірліктер қолданылады:
· 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240> байт,
· 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250> байт.
Ақпаратты  өңдеу
 – кейбір  алгоритмдерді  орындау  арқылы  бір  ақпараттық
обьектілерді екінші ақпараттық обьектілерден алу.
Өңдеу  ақпараттармен  орындалатын  және  ақпараттың  әртүрлілігі  мен
көлемінің өсуіне негізделген негізгі операциялардың бірі болып табылады.
Ақпаратты  өңдеу құралдары
 — адаммен  құрылған  құралдар  мен  жүйелер,
және  бірінші  кезекте, компьютер — ақапартты  өңдеу  үшін  арналған
универсалды машина.
Компьютерлер ақпаратты кейбір алгоритмдерді орындау арқылы өңдейді.

14
Файл
 – бұл өз аты бар, тізбектей алынған байттар саны.
Файловая  структура
 – бұл  файлдарды  сақтау  үшін  ұйымдастырылған
иерархиялық құрылым.
1.2  Санау  жүйелері. Екілік  кодтармен  жүргізілетін  операциялар. Бір  санау
жүйесінен екінші санау жүйесіне ауысу.
Дәріс конспектілері:
Санау  жүйелері

  сан  деп  аталатын, символдар  көмегімен  бейнеленетін
атаулар  тәртібінің  жиынтығы. Санау  жүйелері
позициялық
  және
позициялық
емес
болып  екіге  бөлінеді
.
  Позициялық  емес  санау  жүйесіне  мысал — рим
сандары: бірнеше  сандар  негізгі  болып  алынған (мысалы, І, V, X), ал
қалғандары  осы  негізгі  сандарды  қосу  арқылы  алынады ( VІ, VІІ  сияқты)
немесе  алу ( ІV, ІX сияқты). Ал
позициялық
 санау  жүйелеріне  екілік, ондық,
сегіздік, оналтылық  сандар  жатады. Мұндағы  кез – келген  сан  сәйкес
алфабиттің  цифрлары  арқылы  жазылады, және  де  әрбір  санның  мәні  осы
тізбекте  орын  алатын, оның  орнына  тәуелді (позициясына). Мысалы, ондық
санау  жүйесінде  жасалған, 555 жазбасында, 5 саны  ғана  қолданылған, бірақ
оның орын алу ретіне байланысты ол әртүрлі сандық мәнге ие бола алады — 5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет