8 секция. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
Секция 8. ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ
ƏОК 81'373.21
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абдуллина А.Г., Тлеумбет Д.
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті)
Топонимдердің жіктелу принциптері туралы Э.М. Мурзаев, Ғ. Қоңқашбаев,
Ə.С. Бейсенова, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, А. Əбдірахманов, С. Əбдірахманов,
К.Д. Каймулдинова, А.С. Омарбекова жəне т.б. еңбектерінде теориялық жəне
практикалық жағынан əр түрлі аспектіде қаралып отырды.
Ақтөбе облысының топонимдерінің жіктелу принциптері жөніндегі мəліметтер:
Б. Уразаева, Ж.Т. Уталиеваның «Топонимия жəне топонимика», «Ақтөбе облысы
топонимикасының
тарихнамасы»,
Р.
Бекназаровтың
«Ақтөбе
аймағы
топонимикасының тарихи-мұрағаттық аспектісі», К.Б. Уразаева, Ж.Т. Уталиева,
Р. Бекназаровтың «Топонимдердің этимологиясы мен жіктелуі жəне атауларды өзгерту
тарихы» т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [1].
Географиялық негізде Қазақстан топонимдерін жіктеу мақсатында бірнеше
семантикалық топтарды ажыратуға болады. Олардың арасында мысал ретінде табиғат
жағдайларын бейнелейтін атаулар алынады. Мұндағы бірінші топты аумақтың жер
бедерін сипаттайтын атаулар тобы құрайды. Осы бай мұрадағы метафоралық сөздер
бірнеше семантикалық топша құрайды:
1. Жалпы адам мен жануарларға ұқсату.
2. Адам мен жануарлардың дене мүшелеріне ұқсату.
3. Баспана бөліктеріне тұрмыстарға ұқсату.
4. Іс қимыл əрекетті білдіретін сөздермен əсірелеу.
5. Мифологиялық сакральды мазмұны бар бейнелі атаулар.
Екінші топтағы атаулар қатарына аумақтың геологиялық құрылысын
сипаттайтын топонимдер жатады. Мұндағы атауларды жіктеу жыныстардың құрамы
мен құрылысына, ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады. Топонимдерде
геологиялық жыныстары құрамы туралы ақпарат тура мағанасында беріледі.
Жыныстардың түсіне байланысты атаулар қазақ топонимиясында жиі кездесетін
топшаны құрайды.Топонимикалық белсенділігі жөнінен Қазақстанның барлық
аймақтарында ақ, кара, қызыл, сары, көк лексемалары (сөздері) басымдылық көрсетеді.
Бұл түс атауларының қатысуымен жасалған топонимдердің геологиялық жыныстарға
қатыстылары негізінен оронимдерге жатады. Пайдалы қазбалармен байланысты
топонимдерде геологиялық ақпарат нақты немесе жанама түрде беріледі.Нақты ақпарат
қатарына Алтынды, Жезді, Күмісті,Темірші, ал жанама ақпарат бар топонимдер
қатарына тотыққан мыс минералдары таралған аудандарға Көктас,байырғы мыс
өндіріс болған аудандарға Бақыртау (Ақтөбе облысы), қорғасын кен орны бар Күйетас
атауларын жатқызуға болады.
Үшінші топтағы атаулар климатты жəне гидрографияны сипаттайтын
топонимдерді біріктіреді. Табиғи нысандарды номинациялау барысында климат пен
гидрографиялық жағдайды сипаттайтын атаулар тобының қалыптасуы ең алдымен бұл
4
факторлардың шаруашылық маңызымен түсіндіріледі. Климаттық жағдайды
сипаттайтын атаулар көбінесе оның басты белгілерін бейнелейтін суық-ыстық, салқын,
жылы, жаурау, шуақ, жел, қырау лексемаларының қатысуымен жасалады. Мысалы,
Желтау, Жақсы Қарғалы, Жаман Қарғалы.
Төртінші топты атауларды төсеніш бетті сипаттайтын атаулар құрайды.Бұл
атаулар тобына кейбір жайылымдық терминдер (құм, шақат жəне т.б.) негізінде
қалыптасқан атаулар, яғни оронимдердің шағын тобы төсеніш беттің түсі, ылғалдануы
мен сортаңдану деңгейін бейнелейтін топонимдерді жатқызамыз. Бұл топтамадағы
топонимдер арасында оронимдер мен қоныс, жайылымдық жерлер атауларының басым
болуын осымен түсіндіруге болады. Осы ретте қазақ халқының төсеніш бетті
сипаттайтын терминдерінің көпшілігі қазіргі ғылыми айналымға кеңінен енгендігін
атап өтуге болады.
Бесінші топқа өсімдік жəне жануарлар дүниесін сипаттайтын атаулар
топтастырылған. Жалпы алғанда фитонимдердің географиялық атаулар құрамында жиі
кездесуін өсімдіктердің шаруашылық маңызымен түсіндіруге болады. Географиялық
атаулар құрамында ағаштар жəне пайдалы өсімдіктердің де атаулары кездеседі.
Олардың көпшілігі шаруашылық жəне күнделікті тұрмыста пайдалы өсімдіктер болып
табылады.
Алтыншы топқа зоонимдердің қатысуымен жасалған атаулар төрт түлік малдың
Қазақстанда жабайы жануарлардың жəне метафоралық теңеу сөздер ретіндегі жануар
атауларымен байланысты болады .
Жетінші топқа этнонимдер негізінде қалыптасқан топонимдер. Халықтың,
ұлттың немесе тайпа, ұлыстың атауы болып табылатын этнонимдер көптеген
географиялық атауларға негіз болған.Топонимдер құрамындағы этнонимдер арқылы
бұрын мекен етіп,қазіргі кезде жойылып кеткен халықтар туралы, олардың
қоныстанған, көшкен аудандары туралы мəлімет алуға болады.
Қазақстандағы географиялық атауларда біздің жерімізді бұрын-соңды мекен
еткен, көшіп-қонған халықтардың атауларымен қатар, қазақ руларының аттары да
көрініс тапқан.
Сегізінші
топқа
түстермен байланысты топонимдер. Біздің қоршаған
географиялық атаулардың түстермен байланысты қойылғандары айрықша топты
құрайды.Тіл маманы Қ.Рысбергенованың соңғы зерттеулері қазақ топономиясында 10
негізгі түс (ақ, қара, қызыл,сары, көк,қоңыр, боз, ала, сұр, жирен) атрибутталғанын
көрсетеді.
Қазақстанның аймақтары бойынша ірі объектілердің атаулары мысалында осы
топтың ерекшеліктерін қарастыратын болсақ:
Ақ – бұл түспен байланысты атаулар географиялық нысандардың барлық дерлік
түрлеріне берілген атауларда кездеседі.
Ала – бұл топтағы топонимдер арасында Алатау оронимі көне деп есептеледі.
Қара - құрамында қара анықтауышы бар топонимдердің басым көпшілігі түспен
байланысты болып келеді. Көбінесе географиялық объектінің түсін қара деп қабылдау
қоршаған ортадағы басқа нысандармен салыстыру негізінде жүргізілгендіктен қара деп
аталған бъектінің барлығы бірдей дəл сондай қара болмайды.
Қарақұм шөл типін білдіретін ландшафтылық термин ретінде өсімдікпен бекіген
құмдарға қатысты қолданылады.
Сары - бұл түспен байланысты атаулар гидронимдерде су түсін ал оронимдерде
көбінесе тау жыныстарының түсін білдіреді.
Қызыл. Атауы қызыл түспен байланысты ірі объектілер қатарына Қызыл теңіз,
Қызылқұм жəне т.б. жатқызуға болады [2].
5
К.Д. Каймулдинованың топонимдерді жүйелеу принциптеріне сүйене отырып,
Ақтөбе облысының топонимдеріне жүйелеу жұмыстары жүргізілді:
Аумақтың жер бедерін сипаттайтын атаулар
Кілемжайған- баяғыда Кенесарыны хан етіп сайлағанда кілем жайып, қонақ
қарсы алған деген жорамал бар. Екінші қауесет, Патша өкіметі мен қазақ хандығы
қосылғанда (Əбілхайыр) орыс губернаторына кілем жайыпты-мыс.
Ноғайты жəне Ебейті ауылдары. Ноғайты аулы ауданның Ащы селолық
округінің орталығы, Ебейті елді мекені. Ноғайты атауының шығуы ертеде осы маңайды
мекендеген. Ноғайлы жұртының Ноғай руына байланысты. Ноғайты, Ебей рулары
қоныс еткен осы төңірек Ноғайты, Ебейлер мекендеген аймақ Ебейті аталып кеткен.
Құлын кеткен – Сарбие округіне қарасты орталықтан 3км жер. Айналасын 3.5км
ұзындықта орлап, малдан қорғап бір-бір ауыз жасаған, ортасынан айбар құдық қазып
мал суарған. Құдық суына құлын құлап кеткендіктен аталған. Ор сыртында Мұқаш
имам мешіт салдырған. Мешітке сол маңдағы балалар тартылған.
Бақай- өзінің үлгісімен ұсақ буын сүйектерін елестетеді. Жайлаусай тек қана жаз
жайлау орындарын ғана көрсетіп қоймай, сай, өзендерден тұратын жер бедерін де
білдіреді. Көптоғай- сандық ұғымда орманды алқап, тоғайлы жерді білдіреді
Аумақтың геологиялық құрылысын сипаттайтын топонимдер
Жақсымай- темір жол станциясының, елді мекеннің атауы. Темір жол
станциясынан 25-30км шамасында Ақсай ауылына жақын мұнай шыққан жерлер.
Ақтөбе облысындағы алғашқы мұнай табылған жер аты. «Жақсы май»- пайдалы май
деген сөзден шыққан. Осы жердегі алғашқы мұнай 1932-33 ж өндірілген.
Никельтау- селолық округ орталығы, елді мекен атауы. Осы жерден никель кен
орындарының табылуына байланысты жергілікті халықтың қойған атауы.
Климатты жəне гидрографияны сипаттайтын топонимдер
Сарыдүлек сөзі түсіндіруге күрделі. Бұл топоним Дүлей сөзінің бір мағынасы
боранның ұлуы түсінігін білдіреді. Түс эпитеті топонимдерде көріне отырып, боранның
күшімен салыстырылады. Жел мен боранның күші басқа да ауа райының құбылысы
көшпелі үшін апат, қара сөзімен білдіреді, ол көбінесе қара-черный сөзімен білдіріледі.
Егіндібұлақ топонимі топономикалық жүйеге, ландшафттың ерекшеліктерінің
байлығына гидронимдерге бұлақ-родник, ручей, источник формантының есебінен
кірігіп тұр. Сонымен бірге егін-уражай мағынасын да құрастырған. Егіншілікке
жарамды жерлер, егістікке жайлы жер орыс қоныс аударушыларын қызықтырып
отырған.
Қарасу топонимі Қазақстанның гидронимикалық жүйесі контекстінде тұтастай
алуға болады: топоформанттық ақ – белый семасына қарағанда қара семасы терең
жатқан жерасты суларын білдіреді.
Жағабұлақ топонимі бұлақтардың көптігімен түсіндіріледі, бұл уақытта
топонимді жағалай сөзін ұштастыру ретінде бұлақ сөзін қосып алуымыз керек. Алайда
жаға сөзі қазақша «берег» сөзін білдіреді, бұл түбірден əшекейінде жағажай, жағала
(брод) құрастырып жатамыз. Асылы, мұнда басқа этимологиялық түсіндерме көрінбей
тұрғаны болу керек. Ол бұлақты көзбен қарағанда жаға (воротник) формасын елестетіп
тұрған көзбе көз түбірден шығып тұрғаны болуы керек, сондай ақ өткелді жағалап
өтуді түсіндіретін болар. Топонимдерді қалыптастырудың ұлттық топономиясына
сипатты мұнда физикалық, заттық мағына да, метафоралық ұлттық топономиясына
сипатты мұнда физикалық, заттық мағына да, метафоралық мағына да тұр.
Бөгетсай селолық округі, өзінің орталығы болып тұрған кенттен атау алған, өзен
барлығын жəне онда дамбы салынып, бөгелгендігін білдіреді. Бөгетсай Хромтау
ауданының оңтүстік-батысында, Ор өзенінің оң жағасында орналасқан село. 1957 ж
мұнда Бөгетсай совхозы жəне селолық советі құрылған. Бұдан бұрын мұнда «Красный
6
октябрь», «Тикаша», «Шілітісай», «Миялы», «III Интернацианал» колхоздары болған
еді.Бөгет сөзі дамбы, бөгеу деген білдереді. «Красный октябрь», «Тикаша»,
«Шіліктісай», «Саталин», «Екі баз», «Жаркөл», «Жоса», «Үшқұдық», «Қарлау»,
«Тұщыайрық», «Миялы»,«III Интернацианал» атауларында қазақ топонимдері басым.
Сұның үстіне », «III Интернационал», «Красный октябрь», «Сталин», саяси фактордың
ықпалын білдіріп, идеологиялық тұрғыдағы топ құрса, «Тікаша», «Шілітісай»,
«Миялы», сияқты қазақ топонимдері қазақтардың топографиялық пайымдау
ерекшеліктері мен белгілерін: оның өсімдік əлемін, шаруашылық нысандарының
барлығын, топырақ түрлерін анықтайды.
Төсеніш бетті сипаттайтын атаулар
Жарлы ауылы қиылған, уақталған, жармақ сияқты мағынадағы омонимдік
бірнеше ұғымдардан шыққан ауыл аты. Топонимнің пайда болуына көзбен шолу белгісі
бойынша рельефтің, ландшафтың, бөлшек-бөлшек болуы жетекші болуы мүмкін. Бірақ
бұл тек гипотеза.
Құмжарған кентінің дəстүрлі атауы сөзбе сөз аударсақ құмды жарған
«разбивший песок» мағынасын білдіреді. Мұғалжар ауданы үшін құм мен судың
молшылығы тəн. Бұл сөзтіркестің мағынасын бейнелеп айтсақ жергілікті ландшафтты
дəл сипаттап, құмның ағып шығып жатқан бұлақты дəл сипаттайды.
Біршоғыр селолық округі, көрсетілген əкімшілік орталығынан басқа, Сарысай
ауылын Алабас разъездерін біріктіреді, үш топонимде де жергілікті жерді атаудың екі
принципі анық байқалады. Алабас ландшафт туралы ақпараттың халықтық
принциптерін бейнелейді. Ландшафттың физикалық ерекшеліктерімен қатар мұнда
түстер палитрасын əсердің көзбен шолынуы жөнінде ақпарат білініп тұр, түс бұл жерде
жағырапиялық ақпаратқа бағыт, сары құм түсіне бейімділікті білдіреді.
Өсімдік жəне жануарлар дүниесін сипаттайтын атаулар
Жылантау - ескі Қарабұтақтың шығысында, шамамен 6 шақырымдай жерде,
қаратастың ортасын тесіп өскен екі қайың назарыңды еріксіз өзіне аудартады. Осы жер
«Жылантау» деп аталады. Ертеректе түс мезгілінде осы таудан төмен қарай шаңдатып,
жыландар суға құлайтын болған. Көтерілген шаңның көлемі өте зор болған дейді.
Жыландардың көп болуы, бұл жердің алтынның мол қоры бар деген жорамалға сəйкес
келеді.
Миялы - мия түбірі тұқымы ащы, ақ жəне қызыл түсті жемісті өсімдік. Басқа
сөзбен айтқанда, топоним осы өсімдіктің бұл жерде ну өсіп тұрғандығын көрсетеді.
Қыналы- топонимнің этимологиялық көрінісі ботаникалық өсімдік мотивімен де,
сондай ақ сандық өсім, молшылық идеология тұрғысынан айқындалады. Жердің
топономикалық көрінісі ботаникалық өсімдік мотивтері ғана емес, сондай ақ сандық
көбею, молшылық идеясы арқылы қалыптастырылатыны қызықты.
Сартоғай селолық округінің орталығы əуелде Сартоғай кенті болды, қазіргі
орталығы Алтай батыр кенті. Сартоғай топонимі жағырапиялық мекен атауларының
қазақ жүйесіне тəн: орман, орманды жер, тоғай деген мағынаны білдіреді.
Этнонимдер негізінде қалыптасқан топонимдер.
Жамбыл - топоним-антропоним. Бұл есім осы жерде туылмаған ұлы ақынның
есімі. Осы топонимді зерттеу советтік дəуір топономиясы үшін екі заңдылықты
көрсетеді. Біреуі – мекенді белгілілі адамның есімімен атау тенденциясы. Екіншісі -
антропоним топонимнің шығу уақытын көрсетеді.
Темір ауданының атауы осы жердегі өзеннің атауынан шыққан. Топоним
этимологиясы туралы екі пікір белгілі. Топонимнің пайда болуын Ақсақ Темір туралы
аңыздардан жəне Қобыланды батыр туралы эпостық жырымен байланыстырады,
өйткені екеуінде де бұл топоним кездеседі. Екнші жағынан темір-металлмен
7
Жабасақ – «Ақтөбе облысының топономикалық кеңістігі» кітабы авторының
пікірі бойынша өзінің атауын ауқатты, бай Жабасақтың атынан алды, (Қаратамыр
руынан), оның моласы ауылдан 12 шақырым жерде жəне Қарамола деп аталады.
Жабасақ тұрғанға дейінгі осы мекеннің аты Төбебасы болып аталатын, сөзбе сөз
алғанда төбенің басы, бейнелеп айтсақ: төбелердің төбесі.
Түстермен байланысты топонимдер.
Қарабұтақ - Əйтеке би ауданының оңтүстік-шығысындағы село. Сөзбе сөз алсақ
- қара бұтақ. Өсімдік əлемнің сүреңсіздігін, дала кейпінің аскеттік бейнесін,
жапырақсыз, құрғақ ағаш бұтақтарын білдіреді. Өсімдік əлемнің ерекшеліктері айқын
сезіледі.
Ақкөл топонимі қазақтардың санасында оазисті елестетеді, өйткені ақ көлдің
сөзбе-сөз аудармасы- белое озеро. Ақтөбелік зерттеушілердің пікірі бойынша, көлді
алыстан көргенде көз алдына ақтаңдық көрінеді. Біздің көзқарасымызша,
топономикасының пайда болуы қазақтардың ойлауының метофориялық табиғатында
жасырын тұр, түс семантикасын жоғарғы реттегі идея дəрежесіне көтерілуін ойға
оралтады. Қазақтардың өздері соншалықты ұнататын түстерін табиғи символ ретінде
қабылдауы ақтүсті ақынжандылықпен қабылдауында тұр.
Ақтасты- ақ тас ұғымын білдіреді. Əйтеке би ауданының батысында орналасқан
көлден басталады, барлығынан дұрысы, антропонимикалық шығу тегі болар. Сұлукөл
топонимі қызықты. Ақтөбе авторларының кітабында мынадай жергілікті аңыз
келтіріледі. Бұл жердің тұрғындары атаудың шығу себебін жетіру жағалбайлының бір
байының қызы кедейге жігітке ғашық болып, əкесінің ырқына қарсы шыққаны туралы
аңызбен байланыстырады. Қас сұлудың атымен, оның құрметіне қойылған тас жəне
көлдің ортасына тартылған тас жол, қайықпен жүзіп келе жатқанда қаза болған қыз
аңызы сыр шертеді. Уақыт өткесін көл тартылды, ал асқақтап тұрған тас əдемі
аңыздың, жас адамдардың сезім сұлулығының белгісі болып қалды.
Қаракөл-үлкен көлдің атауы. Оның мөлшері мен тереңдігі жағырапиялық
нысанның атын түсіндіреді. Көл түбі көрінбегендіктен қара болып көрінеді. Судық қою
қаралығы-көлеңкелі жердің сипаты.
Ақкемер өз атауын Елек өзенінің жағалауынан алады. Екі құрамды формант ақ
кемер мағынасын білдіреді. Кемер семасы өлкенің гидронимикалық көрінісін
сипаттайтын топонимдер құрамында жиі кездеседі. Түрлі түсті эпитетпен ұштастыра
қарасақ, көбінесе қарама қарсы контрастыда топырақ сипаты жөнінде ақпарат береді.
Қаратал топонимі осы жердің өсімдік əлемінің жұтаңдығын көрсетеді. Жергілікті
жердің көрінісі Үшқұрай топонимімен толықтырыла түседі, сөзбе сөз алғанда үш құрай
(осы жерде өсетін қамыс тектес өсімдік, бұта).
Қызылжар селолық кругінің атауы қазақ топономикалық жүйесінде тараған
топонимдері: Ақжар, Қаражар, т.б сөздерді қалпына келтіреді. Қазақтардың түрлі
түстік семантикасында қызыл түске ерекше орын беріледі- қызыл түс қыздың киінуінде
ең сүйікті мейрамдық түс, неміс философиясының мəжусилер арасында қызыл жəне
сары түстердің тəуір көріледі [3].
Əдебиет:
1. Оразаева Қ.Б., Сұлтанғалиева Г.С., Утəлиева Ж.Т. Ақтөбе облысының топонимиясы: тарихи-
этимологиялық сипаттама, атауларды өзгертудің жіктелуі мен стратегиясы. Ғылыми
монография.: 3 томдық. – Екінші томы. Ақтөбе, 2009.
2. К.Д. Каймулдинова. Топонимика: оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК « Дəуір», 2011
3. Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі (атаулардың пайда болу тарихы). Бас ред.
Күлімбетов С. Ақтөбе, 2007.
8
ƏОЖ 576.8
БАЛЫҚ АНИЗАКИДОЗЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
Абеуова Л.С., Кусаинова А.С., Сембаева Ж.П., Ашетова И.Н.
(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
Қазақстанның балық шаруашылығы су қорына бай, балықтар түрі көп жəне
балық өсiру мен аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған. Біздің
республикамызда жалпы көлемі 7 млн гектардан астам үлкенді-кішілі көлдер көп.
Соның ішінде, балық шаруашылығы қорының құрамына Каспий жəне Арал
теңiздерiнiң қомақты су айдыны, Балқаш көлi, Алакөл көлдерiнiң жүйесi, Бұқтырма,
Қапшағай, Шардара су қоймалары мен басқа да халықаралық, республикалық жəне
жергiлiктi маңызы бар су тоғандары кiредi. Балық түрлерінің саны барлық суларда
сан алуан болады. Қазақстанда жалпы балықтардың 147 түрі тіршілік етеді.
Республикаға балық жəне балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi.
Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия жəне Қытай жатады. Каспий теңізінде
97 кəсіби балықтардың түрі тіршілік етеді. Олар қаракөз, сазан, көксерке, табан,
балпан, тұқы, мөңке, бекіре, шоқыр, қортпа, пілмай, басқын, жайын, шортан, танабалық
сияқты азық-түлік ретінде қолданылады. Сонымен қатар балық молшылығына қолдан
өсіру əдісінің маңызы зор. Балық өсіретін зауыттар балық уылдырығын қолдан
ұрықтандырып өсіріп, көптеген шабақтарды өзен, көлдерге жіберу арқылы балық
санының артуына мүмкіндік жасайды. Алайда, балықтардың саны жыл сайын азайып
барады, оған себеп - ең алдымен экологиялық жағдайлар жəне көптеген аурулар.
Аурулардың ішінде инфекциялық, инвазиялық жəне жұқпалы емес аурулар балық
арасында кең тараған. Балықтың инвазиялық ауруларының қоздырушылары:
қарапайымдар, ішекқуыстылар, гельминттер, ұлулар жəне буынаяқты шаянтəрізділер.
Сонымен қатар антропогенді əсерлердің кесірі балықтың инвазиялық ауруларын туды-
рып, оның өсімін тежейді жəне қырылуға жол беретіні белгілі.
Балық арқылы адамдар мен жануарларға жұғатын аурулар
(Гельминтозооноздар)
№
Ауру атауы
Балық түрі
Балықтарда
орналасатын
орны
Адам жəне
жануарда
кездесетін орны
1. Описторхоз
Тұқы тұқымдас:
аққайран, табан, торта,
тарғақ, қарабалық,
қызыл қанатты шұбар
балық( красноперка)
жəне т.б.
Метацеркариилер
бұлшық етте
Өт қабы, ұйқы
безі жəне
бауырдың өт
жолдары
2. Псевдамфистомоз
Тұқы тұқымдас:
аққайран, табан, торта,
тарғақ, қарабалық,
қызыл қанатты шұбар
балық (красноперка)
жəне т.б.
Метацеркариилер
бұлшық етте
Бауырдың өт
жолдары
9
3. Меторхоз
Тұқы тұқымдастар,
қара жəне ақ амур,
дөңмаңдай
Метацеркариилер
бұлшық етте
Өт қабы
4. Клонорхоз
Сазан, мөңке,
дөңмаңдай, алабұға
Метацеркариилер
бұлшық етте
Бауырдың өт
жолдары
5. Дифиллоботриоз
Шортан, нəлім, таутан,
алабұға
Балаңқұрттар б/е,
асқазан-ішек
торабында,
уылдырықта
Жіңішке ішек
6. Метагонимоз
Тұқы, алабұға, ақсаха,
майшабақ тұқымдастар
Метацеркариилер
бұлшық етте,
теріде,
жүзбеқанаттарда,
қабыршақта
Жіңішке ішек
7. Нанофиетоз
Кета, таймень, мальма,
хариус
Метацеркариилер
бұлшық етте
жəне ұлпаларда
Жіңішке ішек
8. Эхинохазмоз
Шортан, жайын, торта,
қарабалық, сазан,
табан.
Метацеркариилер
желбезекте
Жіңішке ішек
9. Гнатостомоз
Жыланбас балықтар
Балаңқұрттар б/е
жəне ішкі
ағзаларда
Тері асты
клетчаткасы,
өкпе, көз,
орталық жүйке
жүйесі
10. Гетерофиоз
Тікенді балықтар
Балаңқұрттар б/е
жəне теріде
Ішек
11.
Апофаллез
(россикотремоз)
Алабұға, таутан,
көксерке, тұқы
тұқымдастар
Балаңқұрттар
теріде,
қабыршақта,
жүзбеқанаттарда
Жіңішке ішек
бөлігі
12. Анизакидоз
Майшабақ, ставрида,
камбала тұқымдастар,
ақмарқа, сазан, шортан
Балаңқұрттар б/е
жəне ішкі
ағзаларда
ішек
Осы инвазиялық аурулардың ішінде адамның денсаулығына аса қауіптілері:
анизакис, порроцекум, контрацекум, эустронгилидес жəне описторхис балаңқұрт-
тарымен (личинкаларымен) зақымданатын аурулар. Анизакидоздар қоздырғышының
балаңқұрттары каспийлік майшабақта, долгиндік майшабақта, үлкен көзді майшабақта,
беріште, көксеркеде, ақмарқада, қылышта, жайында, теңіз көксеркесінде, парсы
бекіресінде, орыс бекіресінде, шоқырда, табанда, балпанда, қаракөзде, шабақта, тікенді
балықта, айнакөзде, көктыранда жəне алабұғада кездеседі. Бұл паразиттердің ақтық
иелері итбалықтар мен балық жейтін құстар, ал аралық иелері шаянтəрізділер болып
табылады. Балықтар аралық иелерімен қоректенгенде залалданып, қосымша иесіне
айналады.
Анизакид тұқымдас нематодтар (Anisakidae) жер шарына кең тараған.
Анизакидоздар қоздырғышының балақұрттары теңіз жəне мұхит балықтарында
тоғышарлықпен өмір сүреді. Олар негізінен тынық мұхит майшабақтарында көп
кездеседі. Анизакидоз – нематоздар тобындағы асқазан-ішекті зақымдайтын тікенекті
биогельминтоз балақұрттары тобына жатады. Аурудың қоздырғышы негізінен
10
нематодтар
тұқымдастарына
жататын
Anisakidae,
Anisakis,
Contracaecum,
Pseudoterranova, Porrocaecum, Hysterothylacium балақұрттары болып табылады. Олар
бір-бірінен ас қорыту мүшелерінің алдыңғы бөліктері арқылы ерекшеленеді. Бұл
паразиттердің ересек жəне орташа түрлері теңіз сүтқоректілерінде, құстарда,
балықтарда, рептилиялар мен баурыменжорғалаушыларда, ал балаңқұртты түрлері –
балықтар мен омыртқасыздарда тіршілік етеді.
Адамдардағы анизакидоз ауруы алғаш рет 1955 жылы Голландияда тіркелді. Сол
кезден бастап адамдардың аталмыш ауруға шалдығуы туралы мəліметтер Еуропа,
Солтүстік жəне Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде жиі орын
ала бастады. Ресейде де бірен-саран ауруға шалдыққандар тіркелген. Жетілген
гельминттер негізінен киттұқымдас жəне ұсақ ескекаяқтылар мен шеміршекті балықтар
(акула,скат), балықпен қоректенетін құстарда (көкқұтан) тіршілік етеді. Гельминттердің
ұрықтанған жұмыртқалары негізгі тіршілік иелерінің нəжістері арқылы су шаяндары
тəріздес аралық иелеріне өтіп, екінші даму циклын бастайды. Анизакид
балаңқұрттарының үшінші даму сатысы балаңқұрттардың тіршілік көзі саналатын
бірінші аралық иеліктерден теңіз балықтары жəне кальмар сынды екінші қосымша
иеліктерге өтеді. «Анизакидоз» диагнозы шикі теңіз тағамдарды тұтыну туралы
мəліметтер алынғанда немесе клиникалық сипатына, биопсиялық метариалдарға
жасалған морфологиялық зерттеулерді негізге ала отырып қойылады. Анизакид
балаңқұрттарына қарсы рентгенография жасау жəне эндоскопия арқылы немесе
асқазан жəне ішектің бөліктеріне ота жасап жонып алынған бөлшегін зерттеу арқылы
көруге болады. Фиброгастродуоденоскопия жасау кезінде гельминттердің таралған
жерлерін көптеген эрозия нүктелері бар ісінген шырышты қабығы арқылы білуге
болады. Қанды зерттеу барысында бірыңғай лейкоцитоз бен эозинофилия
айқындалады. Ал копроскопия кезінде анизакид личинкалары мен жұмыртқалары
байқалмайды. Паразиттің біртектілігін балаңқұрттарды зерттеу арқылы ғана анықтауға
болады. Анизакидозды асқазан, ащы ішек, гастрит, панкреатит, холецистит жəне ісік
аурулары арқылы сəйкестендіріп саралауға болады. Ішек түрінде аппендицит,
дивертикулит, ісік, шаншу жəне энтероколит түрлерін шығарып тастау қажет.
Қазақстанда да бұл ауру жайлап орын алуда. Əсіресе Каспий теңізінде, себебі
ақтық иесі итбалықтар арқылы таралатындықтан осы теңізден ауланатын балықтардан
анизакидоз ауруы анықталуда. Сонымен қатар, шет елдерден келіп азық-түлік
мақсатында пайдаланатын балықтарда, соның ішінде майшабақ балықтарында көптеп
кездеседі. Сол себепті мемлекет тарапынан да бұл жағдайлар ескеріліп, зерттеу
тапсырыстары берілуде жəне ғылыми мамандардың қатысуымен экспедициялық
зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Біз жүргізген зерттеу жұмыстары бойынша Каспий балықтарының жəне
Қазастанға келетін шетелдік балықтардың 5 түрінен жүзге тарта балық зерттелді.
Зерттеу жұмыстары РМҚ «Республикалық ветеринариялық зертханасы» паразитология
жəне ихтиопатология бөлімінде балықтарға ихтиопатологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттелінген балықтар: ақмарқа (жерех) –10, қаракөз балық (вобла) – 10, майшабақ
(сельдь) – 55, мойва – 20, скумбрия – 10. Балықтардың: басы, денесі, желбезектері,
бұлшық еттері, ішкі ағзалары микроскоппен компрессорлық тəсіл арқылы жəне
визуальды түрде зерттелді.
11
Зерттеу жұмысының нəтижесі бойынша аталған балықтардан Anisakidae
тұқымдасына жататын Anisakis, Contracaecum, Porrocaecum балаңқұрттары табылды.
Балықтың ағзасында анизакид балақұрттары балықтың денесін жауып тұратын сірі
қабықтарында орналасқан. Сондай-ақ ағзаның ішкі мүшелерінің бетінде немесе
ұлпасында, бұлшық етіндегі жартылай мөлдір қабықта оралған спираль немесе
солылған күйінде кездеседі. Анизакид балақұртының түсі ақ-сары, кейде қызыл-қоңыр
болып келеді. Ұзындығы 1 см-ден 4 см-ге дейін, ені 0,2-0,5 мм-ге дейін, ал қабығының
диаметрі 3,5 милиметрден 5,5 милимтерге дейін жетеді. Төмендегі кестеде зерттелінген
балықтарда табылған анизакис балаңқұрттарының мағлұматы берілген.
№
р/с
Балықтың
атауы
Ауланым
ауданы
Зерттелге
н саны,
дана
Зерттеу нəтижесі
Anisakis
Contracaecum
Porrocaecum
ИЭ
(%)
ИИ
(дана)
ИЭ
(%)
ИИ
(дана)
ИЭ
(%)
ИИ
(дана)
1.
Ақмарқа
Солтүстік
Каспий
теңізі
10
60
1-6
30
1-12
-
-
2.
Қаракөз балық
Солтүстік
Каспий
теңізі
10
40
2-8
10
3
20
2-7
3.
Майшабақ
(тұздалған)
Норвегия,
Атлант
мұхиты
25
80
1-35
-
-
-
-
4.
Майшабақ
(тұздалма-ған)
Солтүстік
Каспий
теңізі
20
55
2-15
-
-
10
3
5.
Атлантика-
лық майшабақ
(консерві-
ленген)
Атлант
теңізі
10
90
3-12
-
-
-
-
6.
Мойва
(балғын
мұздатыл-ған)
Норвегия,
Атлант
теңізі
10
60
1-4
-
-
-
-
7.
Мойва
(кептіріл-ген)
Норвегия,
Атлант
теңізі
10
40
3-6
-
-
-
-
8.
Скумбрия
Норвегия,
Атлант
теңізі
10
50
2-7
-
-
-
-
Ескерту: ИЭ – инвазияның экстенсивтілігі (%), ИИ – инвазияның интенсивтілігі
(дана).
12
Анизакид балаңқұрттарымен зақымданған балықтар адамдар мен етқоректілер
денсаулығына қауіпті. Сонымен қатар жасанды өсірілетін бағалы мамық жүнді аңдарға
да тəн, мысалы, құрамында осы гельминттердің балаңқұрттары бар жаңа ауланған теңіз
балықтарымен қоректендірілетін қаракүзен жəне т.б. пайдалы жануарлар. Бұл
паразиттермен жоғары зақымдалған балықтар мен кəсіптік омыртқасыздардың
тауарлық сапасын шұғыл төмендетеді жəне оларды өңдеу мен өткізу кезінде теріс
салдар тудырып, айтарлықтай экономикалық шығындар алып келеді. Балаңқұрттар
залалалсыздандырылмаған балықтармен бірге асқорыту жүйесіне түскеннен кейін
ішектің қабырғасына өтіп, сонда түлейді. Бірақ жыныстық жетілу кезеңіне дейін
дамымайды. Балаңқұрттардың өмір сүруінен кейін қабыну процестері пайда болып
шаншып ауырады жəне ішек-қарын жүйесінің жұмысының бұзылуымен, уланудың,
аллергияның ауыр түрімен, кейде өліммен аяқталады.
Қорыта келе, балық шаруашылығымен айналысатын аумақтарда жəне үйлерде
заңды жəне жеке тұлғалар жұмыс істейтін адамдардың анизакид балақұрттарын
жұқтырмаудың алдын-алу шараларын қамтамасыз ету керек. Балықтарды өңдеуші
адамдар қорғану шараларын сақтауға тиіс. Нақтырақ айтсақ, балықтың шикі тартылған
етінің жəне басқа да балықтың шикі өнімдерінің дəмін татуға болмайды.Уақытында
қалдықтарды залалсыздандыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |