Кілтті сөздер: баспасөз тілі, терминдер, әдеби тіл, сөз тіркестері, бөгде сөздер, тіл тазалығы.
Бүгінгі жаңа заман, жаңа ғасыр ғылымның алдына жаңа міндеттер қойған шақта, тіл де жаңа
заманға лайық дамуды қажет етеді. Ол тілдің – жаңа тың қолданыстармен толыға түсуі, жаңа ғасыр
талабына сай ғаламдық ғылымның жетістіктері арқылы тіл тарихын жаңаша қалыптастыруы.
Бұл кезеңнің әлеуметтік әрі қоғамдық дамуының ерекшеліктері жаһандану (глоболизация)
үдерісінің қол жеткізген жетістіктерімен байланысты. Алайда ХХІ ғасыр мемлекеттердің бір-
бірімен байланысы, түрлі саладағы қарым-қатынастар халықаралық терминдердің орын алуына
жол ашады. Мұндай ынтымақтастықтар заман талабына сай қазақ тілінің лексикалық қорынан
халықаралық терминдердің көптеп қолданылғанын көрсетеді.
Өткен ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басында жарық көрген материалдардың ауқымы түрлі
саланы қамтыды: тәуелсіз қазақ халқының экономикалық жетістіктері, мәдениет саласындағы
жаңалықтар, руханият мәселелері, діни сенім бостандығы, жаңа технологиялардың пайда болуы,
т.т.
Осы бағыттардағы материалдарда публицистикада қазақ тілі сөздерінің жаңа мағынада
қолданыс тауып, жаңа терминдердің түрлі сөздермен тіркесіп, қазіргі технологияның, сондай-ақ
жаңа заман талабына сай мағынаға ие болғандығы тілдік қолданыста жаңа тіркестерді дүниеге
әкелді. Онда мағыналық сабақтастығы бар не болмаса бір-біріне мағыналық жағынан үйлеспейтін
сөздер мен сөз тіркестерін кездестіруге болады. Мұндай қолданыс бүгінде елімізден шығатын
баспасөз беттерінде жиі қолданылып келеді.
|