№ 3 (106) 2015
179
Кезінде М.Дулатов тіл тазартудың үлгі көрсететін орны – газеттеріміз дегенді айтқан болатын.
Ол: «Кітаптан да газет жағына мықты болуымыз керек. Өйткені кітап жазушы кісі тегінде көп
болмайды. Газеттер болса, күн сайын пәлен мыңнан шығып, тарап тұрады. Газетке неше түрлі
адам жазады. Газеттің бір нөмірін алып қарасақ та, онда кемінен 20-30 адамның жазған хат-хабары
басылып отырады. Оның бәрі тілге шебер адамдар бола бермейді, бір өзі бұтып-шатып үйренген
әдебімен, иә өзгеге еліктеумен тілдің басын жарып, көзін шығарып жазады. Газеттер ондай
адамдардың сөзін тілі үшін емес, хабар үшін басады. Бірақ газет басқармаларының көбі ондай
теріс, ерсі сөздерді түзетпей, тезіне салмай, шикі күйінде жіберіп қояды» [1,239].
Баспасөз тілі – тіл тазалығын сақтау үшін маңызды құралдың бірі. Баспасөз тілінде қолданылған
сөздер мен сөз тіркестерін бүгінгі еліктегіш жұрт үлгі етіп алуға ұмтылатыны тағы бар. Сондықтан
технологияның дамуына, өзге тілдің кірігуіне жол берген баспасөз тілі өз оқырмандарының берілген
үлгілердің дұрыс-бұрыстығын айырмай пайдалануға әрекет етеді. Бұл тіліміздің әдеби нұсқасына
нұқсан келтіруі де мүмкін.
Терминдердің жазылу мәселесі де өз алдына бір проблема. Мұнда да кейбір ақпарат құралдары
пошта, минөт, тауар, кілә, зауыт, т.б. кірме атауларды жазу ережелерімізге қайшы келетін, сөздерді
айтылуынша, естілуінше жазу тәжірибесіне көшіп алды. Егерде біз осы үлгіні басшылыққа алып
аутомат, уагон, уелесипет, уалейбол деп жазатын болсақ, терминдерді қолдану берекетсіздігіне
(анархияға) тап болып, жазу принциптерімізден айырылып қаламыз, -дейді Ш.Сарыбаев [2,185].
Міне осы айтылғандарға сай соңғы кездері баспасөз тілінде орын алған осындай бірнеше
терминдердің қолданысын кездестіріп жүрміз. Алайда оған аса мән бермей келетініміз де жасырын
емес. Мысалы, «Астана ақшамы» газетінде (28 қыркүйек №110, 2013ж. 5-б.) «Қазіргі таңда
Достарыңызбен бөлісу: |