Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет319/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   963
№ 3 (106) 2015

191


Араз болсаң алты ауыз

Еліңе кірген әреке… 

[1, 67]


.

 

Ақтамбердінің жырлап кеткен өсиет сөздері бүгінгі таңда өзіндік құндылығымен ерекшелене 



түседі. Бүгінгі жаһандану дәуірінде тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақ елі үшін бірлігін сақтауға, 

мемлекеттілігінің  тұтастығын  қамтамасыз  етуге  жыраулар  поэзиясының  беретін  тәлім-тәрбиелік 

жақтары ұшан теңіз.

Жыраулар – Қазақ хандығы мемлекетіндегі халқымыздың барлық жастағы адамдарының асыл, 

саналы қасиетті болуын мұрат еткен нағыз тәрбиешілер. Жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнеріндегі 

шынайы  ұлттық  сипаттың  негізгі  көркемдік  іргетасы.  Сондықтан,  халықтық  тәрбие  дәстүрін 

жыраулар  поэзиясы  арқылы  тереңдете  ұғындыру  өмір  талабынан  туындаған  мәселе.  Себебі 

бүгінгі буыны қатаймаған Қазақ мемлекетінің іргетасының шайқалмай дамып өсуі үшін жыраулар 

поэзиясының беретін тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор.

Қорыта  айтқанда,  Қазақ  хандығы  дәуірінде  жыраулар  поэзиясының  басты  тақырыбы  – 

тайпалардың  топтасқандығы  мен  бірлігі,  мемлекетті  және  оның  әскери  күш-қуатын  нығайту 

мәселелері болды. Сондай-ақ жыраулар шығармаларында әміршіге тікелей арнау да, мадақ өлеңдерде, 

болмыс туралы философиялық толғаныстар да, халық туралы, билеуші туралы және өздері туралы 

ойлар да, ізгілік пен зұлымдық туралы, жақсы мен жаман туралы, достық пен дұшпандық туралы 

дидактикалық  толғаулар  болды.  Жыраулар  өз  туындыларын,  толғауларын  кейінгі  ұрпақтарына 

мәңгілік  мұра  етіп  қалдыру  жолында  көркемдігі  жоғары  поэзия  тілімен,  таптырмас  теңеулер, 

жарқын  метафоралар,  синтаксистік  және  психологиялық  параллельдер  арқылы  баяндаған.  Бұл 

туындылардың болашақ Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына тигізетін ықпалы орасан зор.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. / Құрастыр. М.Мағауин, М.Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 

1. – 384 б.

2 Егеубай А. Құлабыз. – Алматы: Жазушы, 2001. – 164 б.

3 Мағауин М. Алғы сөз // Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматиялық оқу құралы (Құрастырған 

М.Мағауин). – Алматы: Ана тілі, 1993.

4 Мағауин М. Қобыз сарыны (ХV–ХVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары). Монография. – 

Алматы: Жазушы, 1968.



REFERENCES 

1 Bes ghasir jirlaydi. 2 tomdi’q / Qurastir. M.Maghawin, M.Baydіldaev. –Almati, Jazwshi, 1989, T. 1. – 384 b.

2 Egewbay A. Qulabiz. – Almati: Jazwshi, 2001. – 164 b.

3 Maghawin M. Alghi soz // Qazaq handighi dawіrіndegі adebiet. Hrestomatiyaliq oqw qurali (Qurastirghan 

M.Maghawin). – Almati: Ana tіlі, 1993.

4 Maghawin M. Qobiz sarini (HV–HVІІІ ghasirlarda jasaghan qazaq aqin, jirawlari). Monografiya. – Almati: 

Jazwshi, 1968.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет