Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
304
қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс
арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды.
І-ші Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанда 1906 жылдың көктемінде басталды. Сайлау
науқанының ең қызған кезі сәуір-маусым айларына тұстас келді. Дала өлкесінде жарияланған
әскери жағдайдағы сайлау өткізуге және оған қалың бұқараның қатысуына көп қиындық келтірді.
Дала өлкесінде жарияланған әскери жағдайдағы сайлау өткізуге және оған қалың бұқараның
қатысуына көп қиындық келтірді. І-ші Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан Ахмет Бірімжан,
Уфа губерниясынан Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан Алпысбай Қалменұлы, Астрахан
губерниясынан Бақтыгерей Құлман мен Дәуіт Ноян-Тұндұт, Ақмола облысынан Молда Тайынұлы
және Семей облысынан Әлихан Бөкейхан сияқты халық қалаулылары депутат болып сайланды.
Бірақ І-ші Думаның ғұмыры ұзақ болған жоқ. Демократиялық өзгерістерден қорыққан патша өкіметі
1906 жылдың 8 маусымында оны таратып жіберді. Жүздеген жыл елді жеке-дара билеп-төстеп
үйренген, жұртшылық пікірімен санасып, ел адамдарының ақылын құлағына ілмеген патша ағзам
үшін демократиялық өззгерістердің аздаған нышанының өзі төзгісіздей боп көрінді. Дей тұрғанмен
ол Думадан мүлде қол үзе алмады. Жаңа Дума сайлауын өткізуге мәжбүр болды [6].
ІІ Мемлекеттік Дума өз жұмысын 1907 жылғы 20 ақпанда бастады. Оның құрамына Ақмола
облысынан Ш: Қосшығұлұлы, Торғай облысынан А.Қ. Бірімжан, Семей облысынан Т.Нұркен,
Жетісу облысынан М.Тынышбайұлы, Сырдария облысынан Т.Алдабергенұлы, Орал облысынан
Б.Қаратай, Астрахан губерниясынан Б.Құлман сияқты қазақтар депутат болып сайланды. 1907
жылғы 3-маусымда ІІ-ші Мемлекеттік Дума да таратылды. Патшаның осы жарлығы бойынша кейінгі
Мемлекеттік Думаларға қазақ елінен депутаттар сайланбайтын болды. Ресейдің І-ІІ ші Мемлекеттік
Думаларына депутат болған Ә.Бөкейхан, Б.Құлман, А.Бірімжан, Ш.Қосшығұлұлы, А.Қалменұлы,
М.Тайынұлы, С.Жантөре, Б.Қаратай, М.Тынышбайұлы, Д.Ноян-Тұндұт, Т.Алдабергенұлы,
Т.Нұркен сынды аға буын өкілдерімен бірге қазақ зиялыларының қаншама даңқты есімдерін ел
жадынан өшіруге кеңестік идеологияның барынша күш салып баққаны әлеумет қауымға құпия
емес. Соның нәтижесінде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Сералин,
М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Меңдешұлы, С.Қожаұлы, С.Сәдуақасұлы, Ж.Мыңбайұлы басқа
да дарынды тұлғалардың есімдері соңғы кезге дейін аталмай келді.
ХХ ғасырдың басындағы алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық,
сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына
тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды,
әрбір адамның және әрбір халықтың жеке бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің
жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті.
Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап, осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ
зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге
деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл
қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап»,
«Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті
дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға
шақырды.
Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінің дамыту
проблемалары жөнінде араб графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы,
«Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби»(1928) атты қазақтың тіл ғылымында
емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналған еңбектердің авторы
А.Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» бетеріндегі еңбектерінде А.Байтұрсынов
балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ
және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды
міндетті түрде екі жылдық қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік
саясаттан тыс болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет
екенін атап өтеді [7].
М.Дулатов «Оян қазақ» деп қазаққа дабыл қаққан кейін, М.Сералин демократияшыл
зиялыларды, либерал ниеттегі студент жастарды іс жүзінде топтасырып, олардың назары мен
жігерін жалпы ұлттық проблемаларды шешуге шоғырландыра білген. «Айқап» патша өкіметінің
реакциясынан кейін қазақ қоғамын оятты, «Қазақ» газеті оның жақсы дәстүрлерін жалғастырып
жаңа биікке көтерілді. М.Сералинмен қатар, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров журналдың
|