Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №3 (82) 2011



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#8968

      

    90


      

    91


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

№3 (82) 2011

бос орындар пайда болатыны байқалады. Алайда бұл арқылы ертегі мәтіндерін қабылдануы қиын, бос 

қайталауларға құрылған деуге келіңкіремейді. Себебі толымсыз конструкциялардың толымдыға қарағанда, 

жеңіл әрі кедергісіз қабылдануы қазіргі кездегі адам санасы мен дүниетанымының заман ағымымен қоса 

дамып, жетілгендігімен тығыз байланыста. Мұның өзі – қабылдаудағы заманауилықтың бір көрінісі. Ал 

ертегі  мәтіні,  біріншіден,  ертедегі  ауыз  әдебиетінің  сол  күйінше  өзгеріссіз  жетіп,  хатқа  басылған  түрі 

болса, екіншіден, ол – қабылдауы мен таным түйсігі әлі де қалыптаса қоймаған бала санасымен қашан да 

деңгейлес құрылады. Бұл – ертегі мәтініне қойылатын бірден-бір талап. Оның үстіне бала дүниетанымы 

барынша дәлдікті, нақтылықты талап етеді. Ал ересектердегі пайымдау мен ықтималдықпен болжамдау 

механизмі  бұл  арада  әмбебаптығымен  ерекшеленеді  де,  мұндай  қайталаулар  керісінше  түсінбеушілікке 

соқтырып, окказионалдық сипат алады. «Бір сөйлемнің ішінде бір сөзді, егер ол мақсатты түрде немесе 

арнайы  түрде  қолданылмаған  болмаса,  бірнеше  рет  қайталаудың  стильдік  орашолақтық  болып  табылу 

себебі  кейіннен  осы  «артық  болу»  заңдылығына  аналогия  бойынша  туындаған»  [2,  13].  Демек,  ертегі 

мәтіндеріндегі қайталаулар – белгілі бір мақсаттылыққа негізделген қайталаулар. Олар бала қабылдауының 

мүлтіксіздігі тұрғысынан қарағанда маңызды.

Сонымен,  қабылданатын  ақпаратта  бар  деп  танылатын  сөйлемнің  тұрлаулы  не  тұрлаусыз  мүшелері 

болсын  айтылыстағы  актуалсызданудың  салдарынан  түсіріледі.  Алайда,  сайып  келгенде,  синтаксистік 

конструкция  мен  актуалсыздану  құбылыстары  өзара  тең,  бірдей  деп  танылуға  тиіс  емес.  «Толымсыз 

сөйлемдер  толымды  сөйлемдерден  ажыратылып,  айтылымның  бір  түрі  ретінде  танылатын  болса, 

актуальсыздану бұл тіл – сөйлеу жүйесіндегі кең таралған құбылыс ретінде танылады. Толымсыз сөйлем 

ойға керекті сөйлем мүшелері толық қатыспаған контекстік сөйлемнің түрі болса, актуальсыздану құбылысы 

маңызсызданған компоненттердің сөйлем құрамынан түсірілуі болып табылады» [2, 11]. Зерттеуші бұл 

екеуін ажыратып түсіндіруде белгісіз жақты сөйлемдерді талдаған. Алайда, біздіңше, бұл екеуі екі басқа 

құбылыс  бола  тұрғанымен,  толымсыз  конструкцияның  жасалуына  қашан  да  актуалсыздану  құбылысы 

себеп болады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл екеуі бірінен-бірі туындап, біріне-бірі себепші болатын тығыз 

бірліктегі құбылыс ретінде танылады.

Сонда жоғарыдағы пікірлерден шығатыны – оның (бастауыштың) сөйлемнен түсірілуі (есімдіктердің 

орын  басу  қызметін  есепке  алмағанда)  хабарланатын  ақпарат  көлемінде  маңызсыздануына  тікелей 

байланысты. Ол контекстен немесе жағдаяттан белгілі болып тұратын болғандықтан, соған сай құрылған 

конструкциялар ой екпінін қабылдай алмайды. Солай бола тұрғанымен де қабылданатын ақпарат қашан да 

мүлтіксіз, қашан да толымды. 

Ал бастауыш қызметіндегі есімдіктердің жөні бір басқа. Айталық, жіктеу есімдіктерінің қазақ және орыс 

тілдеріндегі қолданысының өзі біршама жайтты аңғарта алады. Қарапайым тілмен айтқанда, орыс тілінде 

жіктелу дәрежесін танытарлықтай арнайы жіктеу формасы жоқ. Мәселен, қазақ тілінде түсіндім, түсіндің, 

түсінді мысалдары әрекеттің субъектісін қоса көрсете алса, орыс тіліндегі понял сөзіне қатысты бұлай 

деуге келмейді. Кеше түсіндім, бүгін түсіндім немесе сенің айтқаныңды түсіндім, оның айтқанын түсіндім 

сияқты  пропозицияларға  қарағанда,  түсіндім  сөзінің  І  жақ  жіктеу  есімдігі  қатысқан  пропозициясының 

контекске  тәуелді  еместігі  аңғарылады,  яғни  бұл  тұста  қазақ  тіліндегі  жіктік  жалғауларының  дербес 

сипаты айқындалады. Тіл-тілдегі толымсыз құрылымдардың оны қолданатын халықтардың танымы мен 

психикасына тікелей байланысты болатындығына келтірілген осы сияқты мысалдар қарапайым толымсыз 

құрылымдардың әрдайым контекст ықпалында тұра бермейтіндігіне дәлел бола алады. 

Сөйлем  құрылысынан  шеттеліп,  тыс  қалған  осы  сияқты  тілдік  элементтердің  орны,  әдетте,  қарым-

қатынас  үдерісі  кезінде  оншалықты  назар  аударта  қоймайды  немесе  олардың  орны  ойсырап,  арнайы 

толықтырып  жатуды  қажет  етпейді.  Сондықтан,  бір  қарағанда,  сөйлемде  ойға  қатысты  белгілі  бір 

грамматикалық мүшенің қатысып тұрғаны немесе қатыспай тұрғаны байқала бермейді.

Мұндай сөйлемдер құрамында маңызсыздану салдарынан арнайы айтылмай қалған тілдік элементтердің 

орны өте солғын, күңгірт сипатта келеді. Алайда тікелей көзге көрініп немесе құлаққа естіліп тұрмайтын 

мұндай тілдік элементтер орны адресаттың сөз қабылдау үдерісі кезінде бос қалады дей алмаймыз. Себебі 

сөйлеушінің сөйлеудегі интенциясы оған ырық бермейді. Бір сөзбен айтқанда, адресанттың өзі жарыққа 

шығарған сөйлем құрылысына негізгі жоспардағы айтылмақ ойды беруге арналған тұлғалардың қайсысы 

қатысып, қайсысы қатыспай тұрғаны оның сөйлеу интенциясынан (ниетінен) аңғарылмақ, ал интенцияның 

аңғарылуына белгілі бір деңгейде ұлттық грамматика заңдылықтары да ықпал етіп жатады. Анығында, 

грамматиканың  өзі  халық  тілінің  даму  тарихынан  тыс  тұра  алмайды,  яғни  ондағы  заңдылықтарды 

орнықтыратын да – сол халықтың дүниетанымы мен психикасы. 



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1993. -446 б.

2.  Елеуова  А.С.  Қазақ  тіліндегі  актуальсыздану  құбылысы  және  оның  сөйлем  құрылымында алатын 

орны: филол. ... канд. дисс. автореф. -Алматы, 2007. -26 б.

3. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі синтаксисі жүйесіндегі норманың сипаты: филол.  ғыл.  канд. ... дисс. 

-Алматы, 2005. -161 б.

4. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері /оқулық/. «Мектеп» баспасы, -Алматы, 

1997. -92 б. 

5. Ардентов Б.П. Номинативные предложения в современном русском языке. -Кишинев, 1959. -154 с.

6. Бабайцева В.В. Односоставные предложения в современном русском языке. -Москва: Просвещение, 

1968. -160 с.

7.  Иванов-Смоленский  А.Г.  Пути  развития  идей  И.П.  Павлова  в  области  патофизиологии  нервной 

высшей деятельности // Правда. -1950. -№ 182. -С.4.

8. Потебня А.А. Мысль и язык. -Харьков: Мирный труд, 1913. -225 с.

9. Бреснев С.Д. Опыт сравнительного исследование избыточности разговорной речи и научного текста 

// Ученые зап. ГГПИИЯ им. Н.Д.Добролюбова. -Горький, 1972. -Вып. 49. -С.15.

10. Аманжолов С., Бегалиев Ғ. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. -Алматы, 1948. -280 б.

11. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Оқулық. -Алматы: Санат, 1994. -320 б.

Поступила в редакцию 05.12.2010.

Ж.Ү. БАЙМБЕТОВА

      

ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ ТІЛДІК-ПОЭТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

Devices of including the repeotitions promoting fo mahe a specifie аnd rythms in Kazakh poetry is considered 

in this article.

Танымдағы барлық құбылыстың, адам санасындағы сан қырлы сезім мен ойдың бәрі тек сөз арқылы ғана 

жеткізілетіні белгілі. Осы аталған құбылыс, сана, ойды көркем, мәнерлі жеткізудің тәсілдері көп. Көркем 

тілде  көркемдіктің  белесін  танытатын  сондай  тәсілдердің  бірі  –  қайталамалар.    Қайталамалар,  әсіресе, 

поэзия жанрында өзінің бар мүмкіншілігімен айшықтала түсетіні белгілі. Жалпы, поэзия жанрында бол-

сын, прозалық шығармаларда  болсын, қайталамаларды белгілі бір стильдік мақсатта қолданбаса, орын-

сыз жиі жұмсалған қайталамалардың көркем тіл мазмұнына нұқсан келтіретіні анық. Ғалым Н.Уәлиұлы: 

«Сөзді орынсыз қайталау тілдің коммуникациялық қызметін күрт төмендетеді, ойды дәлме-дәл, мазмұнды 

жеткізуге  кедергі  болады.  Аз  сөзбен  көп  мағына  беру  принципі  бұзылады.  Өйткені  айтылатын  ойға  әр 

сөздің қосар мағыналық, эмоциялық, эстетикалық, т.б. информациясы болады. Ал бір рет айтылған сөздің 

сөйлем сайын мақсатсыз қайталана  беруінен текстің  информациялық   мазмұны  кемиді», - деп,  қайталама 

сөздерді орынсыз  қолданудан  айтылар  ойдың  жұтаңдайтынын ескертеді [1, 53]. Көркем шығарма тіліндегі 

қайталамалардың лингвостилистикалық табиғатын талдап, зерттеуде ғалымның бұл айтқан  ескертпесін 

ескерудің маңызы зор.

Әрине, өлең тілінде олардың қолданылу жиілігі бірдей деуге болмайды. Мысалы, поэзияда анафора 

құбылысынан гөрі эпифора амалының көрінісі анағұрлым белсенді болып келеді. Біз зерттеу нысаны етіп 

алып отырған ақын Ә.Тәжібаевтың поэзиялық шығармаларының бейнелі қабатында да өрісті жұмсалған 

тәсілдердің бірі - осы қайталама сөздер. Олардың стильдік мүмкіндіктерінің молдығын ақын тілі арқылы 

анық  танып,  танытуға  болады.  Ә.Тәжібаевтың  шығармаларында  тілдің  ішкі  деңгейіне  сәйкес  бөлінетін 

қайталамалардың дыбыстық, лексикалық, синтаксистік түрлерінің барлығы дерлік қолданыс тапқан. 

Ақын  тіліндегі  қайталамалардың  тілдік-поэтикалық  табиғатын  тану  үшін  алдымен  дыбыстық 

қайталамаларға тоқталған жөн. Себебі өлең өзі үнділік пен әуезділікпен дыбыстардың үйлесімді, ырғақты 

әдемі  тіркесуінен  құралған  әсемдіктің  әлемі  екені  аян.  Яғни,  дыбыс  пен  мағына  арасындағы  үйлесім  - 

көркем поэзия айшығын аша түсетін амал. Поэзиялық шығармалардағы дыбыстар жүйесінің орналасуы 

мен  сөз  мағынасының  көркемдік  қызметі  арасындағы  байланыс  лингвистикалық  поэзияның  негізгі 

мәселелерінің бірі.

Өлең  сөзінiң  құрылымдық  ерекшелiктерi  әдебиеттанушы  ғалымдардың  еңбектерінде  жан-жақты 

зерттелдi.  Ғалым  З.Ахметовтің  “Өлең  сөздiң  теориясы”  деп  аталатын  еңбегiнде  қазақ  өлеңдерiнiң 

құрылымы және осыған орай оның түрлерi, жекелеген сөз шеберi өлеңдерiнiң құрылыс ерекшеліктерi жан-

жақты қарастырылған. Ғалым қазақ өлеңiнiң просодикалық құрылымына сипаттама берiп, ондағы кейбiр 

фонетикалық құбылыстарға да тоқталып өтедi. Мәселен, қазақ  поэзиясында ең көп қолданылатын өлең 

өлшемдерi — жетi буынды, жетi-сегiз буынды, он бiр буынды. Алты буынды өлең, одан да қысқарақ төрт 

буынды  өлең сиректеу кездеседi. Он төрт, он бес буынды екi тармақтан, не жетi, сегiз буынды екi тармақтан 

құралған болады” - деп автор қазақ  өлеңi тармағының буын санын анықтайды [2, 132]. Сонымен қатар, 

ғалымның бұл зерттеуiнде қазақ өлеңiнде кездесетiн фонетикалық  құбылыстарға да назар аударылады. 

Автор өлең сөздерiндегi ы, і, ұ, ү дыбыстарының өлең ырғағына қарай бiрде түсiп қалып, бiрде қосылып 

айтыла беретiнін мысалдармен көрсетедi [2, 139-140].

Ә.Тәжібаев шығармалары тілінің дыбыс үйлесімділігін тудыратын тәсілдер деп, ең алдымен, аллитерация 



      

    92


      

    93


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

№3 (82) 2011

мен ассонанс құбылыстарын айтамыз. «Аллитерация микротексті бірыңғай (бірдей немесе ұқсас) дауыссыз 

дыбыстары қайталанып келетін сөздермен құру болса, ассонанс бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталап 

келтіруде қолданылатын тәсіл болып табылады» [3, 130-131]. Ақын шығармаларындағы аллитерациялық 

тәсілдің  жұмсалуы  жыраулар  поэзиясы  тілінің  дыбыстық  үйлесімділігімен  астарласып,  үйлесіп  келіп 

жатады. 


Ә.Тәжібаевта:                                                                 Қазтуған жырауда:     

Желбіреген жібек ту,                                                       Жабағылы жас тайлақ,

Жиырылып барып құлады.                                            Жардай атан болған жер.

Жер тебіренткен ұлы шу                                                Жатып қалған бір тоқты

Жел тынғандай тынады.                                                 Жайылып мың қой болған жер.

Жалынды батыр жаралы,                                               Жарлысы мен байы тең,

Жоғалды сөніп шырағы.                                                Жабысы мен тайы тең,

Жүрегінен атылып,                                                         Жары менен сайы тең,

Жосыды қанның бұлағы.                                               Ботташығы бұзаудай,

Жәрдем етер дәрмен жоқ,                                              Боз сазаны тоқтыдай,

Жылады жұрт, жылады.                                                 Балығы тайдай тулаған,

(«Арман» поэм., І т., 575-576 бб).                                 Бақасы қойдай шулаған... 

Екі  кезең  қаламгерлерінің  дауыссыз  дыбыстарды  үндестірулері  өте  ұқсас.  Ә.Тәжібаевта  ж  

дыбысының біркелкі қайталануы кездессе, Қазтуған жырауда ж  және б дауыссыздары әр жол басында 

бірыңғай  қайталанып,  өлеңді  ерекше  екпінмен,  үйлесіммен,  сазбен  жеткізіп  тұр.  Жалпы,  авторлы 

қазақ  поэзиясындағы  дыбыс  үндестігінің  берілуі  жөнінде  Р.Сыздықова:  «ХҮ-ХҮІІ  ғасырлардағы  қазақ 

поэзиясының тармақ басындағы ассонанс пен аллитерацияға құрылған анафораға кеңірек баруына өлеңнің 

оқуға емес, таңдауға арналғандығы да себепкер болса керек. Бұл, бір жағынан, екіншіден, аталған кезеңде 

ертедегі түркі поэзиясының жасалу техникасында дыбыс ырғағының көбірек сақталғандығынан болар», 

- деген болжам жасайды. [3, 133]. Ал Ә.Тәжібаевтың шығармасындағы  аллитерацияның бұл қолданысы 

да өлең саздылығын берумен байланысты. Себебі, ақынның «Арман» поэмасы - ерте өткен кезең тарихын 

суреттеуге арналған шығарма. Сондықтан да ақын өлең шығаруда жыраулар поэзиясы үлгісін ұстанған 

деуге болады. 

Өлең  бойында  бірыңғай  дауыссыз  дыбыстың  жиі  үндесе  келуі  оның  поэтикалық  экспрессивтілігін, 

адамға әсер етер күшін күшейте түседі. Мәселен, «Төтелер туралы» атты өлеңінде ақын әр жолдың басын 

т дауыссызының аллитерациялануына құрған: 

Төтелер көп қой, төтелер,

Тікелей тартып жетелер.

Тозбасын десең табаның,

Төтемен тарт та кете бер.

Төтелер көп қой, төтелер,

Оңайға кілең жетелер.

Озайын десең ертерек,

Төтелей  тарт  та  жете  бер.  («Төтелер  туралы»,  214-б).  Мұнда  әр  жол  басының  т  дауыссызынан 

басталуы, біріншіден, өлең атының т дыбысынан басталуы болса, екіншіден, өлең тақырыбына қатысты 



«төтелер» ұғымын ашу мақсатында жиі қолданған болса керек. 

Ақынның  «Толғау»  поэмасының  дыбыстық  үйлесімділігі  қайталама  құбылысының  ерекше  қабатын 

құрайтыны байқалады. Поэманың өн бойын автор е және а дыбыстарын ассонанстық үндестікке құрып, 

айтпақ ойының саздылығын, мәнерлілігін күшейте түскісі келеді. Мысалы, 



Елеулі елім тегім бар,                                                     Ақбоз атты ойнатып,

Егескенге кегім бар,                                                        Ауыр гүрзі қолға алды.

Елмін десем еңселі                                                          Алтынды күмбез ордасын

Ескергісі келместей.                                                       Алты рет батыр айналды,

Ексімдеп келіп тиген жау                                              Алдырмасқа қорғанды,

Есемді тегін берместей.                                                 Аттан деп халқым жар салды...

Егесе келіп соқтықты                                                     Алды жауын жағадан

Өліспесе көнбестей...                                                     Асырмаққа қайратты.



Ертемен тұрған ақ боран,                                              Алыстырмай көп ұзақ

Ексімдеп ызғар шашқандай,                                         Аударғандай бір төбе,

Екі теңіз толқыны,                                                         Атынан жерге аунатты.

Екі жақтан тасқандай,                                                   Аунап бара жатқанда

Екі жақтан қалың бұлт,                                                 Ұлы жүзді қанжарын

Егесіп араласқандай...                                                   Қақ желкеден орнатты...

Екі бағанның өлең әуезділігі де е және а дыбыстарының үйлесімді үн тапқандығында деуге болады. 

Бірінші  бағандағы  дыбыстар  үндестігі  жіңішке  мәнермен  өрнектелсе,  екінші  бағанның  әр  жолы  жуан, 

айбынды сазға құрылған. Алғашқы өлең үзіндісінде е дауыстысы әр бунақ сайын қайталанып, нәтижесінде 

он төрт жолдық өлеңнің бойында 47 рет кездеседі, ал келесі бағанда а дыбысының бунақ сайын кездесуі де 

алғашқыдағыдай, мұнда а дыбысының үндестіп келуі 52 рет қайталанып келіп отырғандығынан. Бұл жерде  



е  және  а  дыбыстарының қайталануы сандық көрсеткішті өсіруге қызмет етіп отырған жоқ, керісінше 

дауысты дыбыстардың үндесуі арқылы жырға айтарлықтай мөлшерде әсемдік, саздылық, әуенділік сыйлап 

тұр деуге болады.

Ә.Тәжібаевтың тілінде дыбыстық қайталамалардың ерекше бір түрі – паранимикалық аттракция тәсілі 

де қолданылады. Бұл тәсілге ақын көп бармайды, дегенмен мағыналы, мазмұнды түрі кездеседі. Мысалы, 

«Оралдым ұзақ жолдан мен» атты өлеңінің мына жолдары паранимикалық аттракция жасап тұр: 



Жасырып жұрттан жыладым,

Жоғалтқанымды жоқтадым.

Жоғалтқанымды жоқтадым,

Жоқтадым, іздеп таппадым.

Жоқтаған зарлы үнімді 

Ішімде  ғана  сақтадым.    («Оралдым  ұзақ  жолдан  мен»,  145-б).  Мұндағы  жоғалтқан  –  жоқтадым  – 



жоқтаған түбірлес сөздері жоқ сөзінен өрбіген немесе мұнда жо буынының қайталанып келуі арқылы 

мәтінде әдемі түбірлестік, үндестік пайда болған. 

Қайталамалар  түрлерінің  ішіндегі  толымдысы,  қызмет  аясының  кеңдігі,  әдеби  тілдің  функционал-

ды  стильдерінің  бәрінде  дерлік  қолданылатыны  -  лексикалық  қайталамалар.  Ақын  тілінде  лексикалық 

қайталаманың  анафора  және  эпифора  сынды  түрлері  еркін  және  аса  өнімді  жұмсалады.  «Қайталау  – 

көп  сөзділікке  ұрынғандықтың  салдары,  не  сөз  таба  алмағандықтың  белгісі  емес,  қайталанып  отырған 

сөз білдіретін ұғымның, заттың сол ситуация үшін маңыздылығын күшейте көрсетудің, оқушы назарын 

аударып,  оның  ой-сезіміне  әсер  етудің  көркемдік  тәсілі»  [4,  136].  Ә.Тәжібаев  сөз  бірліктерін  қайталау 

арқылы  оқырманның  есінде  белгілі  бір  бейнені  тереңдете  жақсы  қалдыру  мақсатын  көздейді.  Автор 

шығармаларында  анафора  тәсілі  тек  өлең  саздылығы  мақсатында  ғана  емес,  айтылмақ  ойды  күшейте 

жеткізу стилінде көп жұмсалған. Оған келесі жолдар дәлел болады: 

Қызық дүние тұнығында жүздім мен,

Қыздар үшін қызыл алма үздім мен,

Қыздар үшін қан төгердей қыздым мен,

Қаймықпастан қанжарластым құзғынмен.

Қыздар үшін қызыл маржан тіздім мен,

Қыздар үшін қызыл алма үздім мен,

Қыздар үшін қанжарластым құзғынмен,

Жігіт-ақ ем, айрылмадым тізгіннен. («Мен сендердің біріңнен...», 174-б). «Мен сендердің біріңнен кем 

емеспін» деп басталатын өлеңінен алынған бұл шумақтарда �қыздар� сөзін бірнеше рет әдейі стильдік 

мақсат  үдесінде  пайдаланған.  �Қыздар�  сөзін  анафоралық  қатарға  шығара  отырып,  автор  өмірдің 

нәзік бөлшегі - қыз балалардың рөліне, олардың дүниедегі орнына аса мән берілу керектігін пайымдай 

түседі. Және ақынның бұл өлең жолдарындағы тағы бір сөз жұмсау ерекшелігі – мұнда ол лексикалық 

қайталаманың эпифоралық түрі, сонымен қатар дыбыстық қайталаманың аллитерациялық түрі де қатар 

қабат  көрініс  табады.  Эпифора  –  көркем  шығармада  әр  жол  соңының  бірдей  сөз  тұлғаларына  немесе 

бірдей сөз тіркестеріне аяқталуы болса, ақын бұнда �мен� сөзін әр жолдың соңында келтіріп отырады. Ал 

аллитерациялық тәсілдің қолданысы, яғни қ дауыссыз дыбысының жиі кездесуі өлеңде �қыздар� сөзімен 

саздылықты, әуенділікті, үндестікті бұзбай, қайта дыбыс үйлесімілігін сақтау мақсатынан туындаған болса 

керек.


Ә.Тәжібаев  анафоралық  қайталаманың  қатарында  эпифоралық  қайталаманы    да    жиі    басымдықпен  

қолданады. Эпифораның ең қарапайым түрі  – өлең жолдарының соңғы сөзінің қайталанып келуі болса, 

ақын тілінде бұл тәсіл поэтикалық құрал ретінде сәтті жұмсалады. Мысалы, «Күй  атасы» поэмасында 

�күн  болар� тіркесі әрбір екінші жолдың  соңында қайталанып келіп отырады:

Қыс арылып жаз келіп,

Жайнайтұғын күн болар,

Азап кетіп, бақ келіп,

Қайнайтұғын күн болар,

Өмір орнап, өлімді

Айдайтұғын күн болар.

Ән менен күй ағылып,

Сайрайтұғын күн болар,

Домбыраның құлағын

Шын бұрайтын күн болар. («Күй атасы» поэм., І т., 388-389 бб). Поэмадан алынған бұл үзінділердегі �күн 

болар� эпифоралық қайталамасы өлеңнің ұйқас жасауына қатысып тұрған жоқ, ұйқасты оның алдындағы 


      

    94


      

    95


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

№3 (82) 2011

сөз бірліктері (жайнайтұғын, қайнайтұғын, айдайтұғын, сайрайтұғын, шын бұрайтын, деп сұрайтын 

сөздер мен сөз тіркестері) жасап тұр. 

Лексикалық  қайталамаланың  үздік  үлгілері  ақынның  өлең  шумақтарынан  гөрі  поэмаларында  жиі 

кездеседі дедік. Эпифоралық тәсілдің осындай бір үлгісін  «Толғау» поэмасынан тағы да табуға болады. 

Мысалы, 


Ежелден жаумен – ел болып,

Дес бермеген халықты.

Албасты сынды патшаны.

Тымақтай жұлған халықты,

Ашылмастай тұманды,

Түбіттей жыртқан халықты,

Отанына бақыттың

Ордасын салған халықты,

Ордадағы досына

Олжасын салған халықты,

Ойсыратып салам деп,

Өткеннің кегін алам деп,

Жалмауыз Гитлер жанықты!   («Толғау» поэм., І т., 585-596 бб). Мұнда автор ұлы Отан соғысының 

қанды бастаушысы – Гитлердің жауыздығын авторлы қазақ поэзиясы сарынында жырлайды. Жыраулар по-

эзиясы үлгісінде жазылған бұл жырда �отанына бақыттың ордасын салған халықтың� жасампаздығын 

суреттеуде  �халық�  сөзіне  ерекше  екпін  түсіру  мақсатында  оны  эпифоралық  қолданысқа  шығарады. 



�Халық� эпифорасы әрбір екінші жолды қайталанып, оның ерлік қасиеттерін санамалап, тәптіштеп толық 

жеткізуге көмектесіп тұр. 

Өлең тілінде жан-жақты әрі күрделі қызмет атқаратын қайталамалардың тағы бір түрі – синтаксистік 

қайталамалар.  Ақын  поэзиялық  шығармаларында  синтаксистік  қайталамалар  әр  шумақта  қайталанып 

келеді. Мысалы, «Иілме, жас...» деп басталатын өлеңінде былай беріледі:

Иілме, жас, иімпаздар игенге,

Өз ойыңды айт, айқайлап айт, именбе.

Үйрен бүгін сұмдықтарды сүймеуге,

Ертең төтеп берем десең күйреуге.



Иілме, жас, иімпаздар игенге,

Күштілерге сен де күш айт, именбе.

Бүгін үйрен жалаң аяқ шоқ басып,

Ертең өртке лақтырса да күймеуге. («Иілме, жас...», 161-б). Мұнда автор �иілме, жас, иімпаздар игенге� 

деген бір сөйлемге екпін түсіріп, шумақ басында қайталау арқылы жастарға шабыт, тайсалмас рух бергісі 

келеді.


Ақын өлеңдерінде кейде синтаксистік параллельдер шумақтың екі бірдей жолында қайталанып келіп, 

парцелляциялық тәсілдің әдемі өрнегін салады. Оны автор сөзі ретінде жұмсайды:  



Кемітеді Сырымды

Сарыарқалық былай деп:

- Жаңбыры жоқ, желі көп,

Тұра алмас ем бір ай, - деп.

Кемітеді Сырымды

Сарыарқалық былай деп:

Масасы көп, шаңы көп,

Сырдариясы ылай, - деп. («Сыр жырлары», 13-б).  

Ә.Тәжібаевтың синтаксистік қайталамаларды қолданудағы өзіндік бір стильдік ерекшелігі – өлеңде па-

раллель сөйлемдердің құрамын өзгерте, өзара алмастыра келтіруі болып табылады. Мысалы, «Қанжарым 

жатыр қынапта» деген өлеңінен үзінді алайық: 

Қанжарым жатыр қынапта,

Жатырмын өзім төсекте.

Қиялым қалды жырақта,

Өзім де жоқпын есепте.



Жатырмын өзім төсекте,

Қанжарым жатыр қынапта. («Қанжарым жатыр қынапта», 76-б) – деген өлең үзіндісінің алғашқы 

екі жолын автор �қанжарым жатыр қынапта, жатырмын өзім төсекте� деп келтірсе, екінші шумақ 

басында  бұл  жолдарды    �жатырмын  өзім  төсекте,  қанжарым  жатыр  қынапта�  деп  инверсиялап, 

параллель сөйлемдердің өзгеше құрылымын жасайды. Өлеңге өзгеше әуен, өзгеше саз береді. 

Өлең  тіліндегі  қайталамалар  қолданылу  жиілігі  жағынан  да,  стильдік  бояуы  жағынан  да,  мәтін 

құрау  мүмкіншілігі  жағынан  да  прозадағы  қайталамаларға  мүлдем  ұқсас  келмейді.  Бұның  өзі 

қайталама  құбылысының  әдебиет  жанрларында  қолданылу  сипатына  орай  жанрлық  ерекшеліктерге 

ие  бола  алатындығын  көрсетеді.  Поэзиялық  шығармаларда  қолданылып,  стильдік  қызмет  атқаратын 

қайталамалардың өлең шумақтары мен тармақтарында келуі де бірізді болып келеді. Олардың кейбірі бір 

тармақ  көлемінде  қолданылса,  екінші  біреулері  түрлі  тармақтарда,  кейде  тіпті  шумақтарда  келе  береді 

екен. Ақын қайталаманың қай түрі болса да, олардың өлең тілінде еркін де дамыта пайдаланудың орынды 

әрі тиімді тәсіл екендігін таныта түседі.     



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. -Алматы, 1998.

2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. -Алматы: Ғылым, 1973. -212 б.

3. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. -Алматы: Арыс, 1995, -207 б.

4. Кәрiмов Х. Қанатты тiл. -Алматы: ҚазҰУ, 1995. -144 б.

Редакцияға 28.12.2010 қабылданды.



Б. ЖЫЛҚЫБЕКҰЛЫ

АҚЫНДЫҚ ӨЛЕҢ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ

Based on the continuation of traditions of the author in his paper described the internal features of the author’s 

poetry in the context of the modern Kazakh poetry. And also gives examples of modern Kazakh literature and clas-

sical literature from the perspective of scientific theory.

Қазіргі қазақ өлең өнерi өз алдына өркен жайып, жаңалану үрдiсiнде өзгеше жасампаз iзденiстерге бет 

бұрып келе жатқандығы бәрiмiзге белгiлi. Алайда оның күн санап өз абыройын өрге көтеру барысындағы 

артықшылықтары мен кемшiлiктерiн сарапқа салып, асылы мен жасығын айқын айыру жұмысы тыңғылықты 

қолға алынбай келедi. Қолға алынған күннiң өзiнде де жалпылама, жадағай пiкiр-көзқарастар әлi де үстем 

орынды иелеп тұрғандығы жасырын емес. Сағат сайын адамдардың дүниеге көзқарасы, эстетикалық талап-

талғамы және рухани қажеттiлiгi үздiксiз жаңаланып отырған бүгiнгi күнде, оқырмандардың да өлеңге 

деген ынта-назары жаңашылдыққа бет бұрып, жаңа дәуiр талабына үйлесетiн тың жасампаз туындыларға 

мұқтаж болып отыр. Бұл бiрiншiден - дәуiр талабының сөзсiз қажеттiлiгi болса, екiншiден - қазіргі қазақ 

өлең өнерiнiң киелі қара шаңырағын Абайдан соң одан ары биікке көтеруге ат салысқан алаш ақындары мен 

оның уығын қадаған аға буын ақындарымыздың және бұл күндерi сол “Ақ орданың” бой көтеруi үшiн отты 

ой кешiп жүрген қаламгерлерiмiздiң еңбектерiн таразылап-бағалап, болашақ өлең сүйер ұрпақ үшiн нағыз 

өлеңге өрнекті жол ашу кезектегi көзi ашық, көңiлi ояу өлеңтанушылар мен дарынды ақындарымыздың 

ауыр  мiндетi  екендігі  шындық.  Осындай  кезек  күттiрмейтiн  қажеттiлiк  алдында  қазіргі  қазақ  өлеңiнің 

дәстүр жалғастығы мәселесінің ішкі иіріміне үңілу біздің алдымыздағы көкейкесті түйіндердің бірі болып 

отыр.


Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айрылдым елімнен,

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған –

Хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып-айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой

Махамбеттің көп күні! [1, 192 б.] 

Біз бұл өлең жолдарының бойынан Шалкиіз жырындағыдай дидактикалық сарынды байқай алмаймыз. 

Бұнда  ақынның  қызғыш  құспен  “Исатайдан  айрылып,  жалғыздықпен  болдым  дос”,  “Ел  қорыған  мен 

едім, мен де айрылдым елімнен, көл қорыған сен едің, сен де айрылдың көліңнен” деп сырласа отырып, 

қызғыш құстың көлден айрылу себебін лашынның тепкісінен көру мен өзінің елден айрылу себебін “Хан 

Жәңгірдің екпінінен” іздеу арқылы, өзінің көңіл-күй иірімінің ішкі арпалысын көрсетуге тырысқандығын 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет