Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет551/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   963
№ 3 (106) 2015

329


Ибн  әл-Факихтің  түріктер  туралы  мәліметтері:  Хузайфаның  сөзінен:  (1)  Ол  айтты 

«Түріктер  Куфаны  жаулап  алады»,  Хазарлар  әл-Жазираны,  византиялықтар  аш-Шамды.  Бізге 

пайғамбарымыздың мынадай сөздері жетті: Алла оған рахым етсін және өзі қуаттасын! «Түріктер 

ирақтықтарды елінен қуып шығады». Омардың айтқандарын жазған және айтқан, Оның істеріне 

Алла риза болсын! «Егер түрікті жараласаңдар оның сол жерде басын шауып тастаңдар, өйткені 

ол басын көтерсе сендерді аямайды». Пайғамбарымыздың сөзінен, Алла оған рахым етсін және өзі 

қуаттасын, айтты: Түркілер менің халқыма тарту етілгенді алатындардың алғашқысы болады. 

    Ибн  Аббас  (2)  айтты  «патшалық  немесе  халифат  менің  ұрпақтарымның  қолында  болады, 

олардың күш-қуатын қақталған қалқан сияқты қызыл бетті адамдар күйреткенше».

Абу Хурайраның сөзінен: «Оған Алла разы болсын, ол айтты: Беттері жалпақ, кішкене көзді 

және мұрындары жалпиған тайпа аттарын Тигр өзенінің жағасына байлауға келгенше қиямет күні 

тумайды».

Муавияның  (3)  сөзінен:  «Тыныш  жатқан  екеуді  ашуландырмаңдар,  олар  сендерге  тиіспесе 

сендер оларға тиіспеңдер: олар түріктер мен абиссиниялықтар». Пайғамбарымыздың сөзінен, Алла 

оған рахым етсін және өзі қуаттасын, айтты: «Түріктерге тиіспеңдер, олар сендерге тиіспесе»

Айтылуына қарағанда: түрік елінде қойлар төртеуден кем төлдемейді екен, мүмкін иттер сияқты 

бесеу немесе алтау төлдеуі.  Екеу және үшеу туатындары аз кездеседі және олар ірі болады екен. 

Оның құйрықтарының  үлкендігі сонша жерге сүйретіліп жүреді екен.

Ол айтты (4): «Түркілер елі: тоғызғұздар олардың елі түріктер еліндегі ең үлкені, олар Қытаймен 

(Синмен) және Тибетпен шектеседі. (Одан кейін) қарлұқтар, кимектер, оғыздар, шігілдер (жафар), 

печенегтер,  баскиштер,  азкиштер,  қыпшақтар  және  қырғыздар,  оларда  мускус  бар,  сондай-ақ, 

өзеннің бергі жағында орналасқан (қарлұқтар және халаждар бар).

Дәл осы мәтін Ибн Хордадбехте «Мервтен екі жол шығады бірі Шашқа және түркі еліне, келесісі 

Балх  пен  Тохаристанға  апарады»  деген  мазмұнда  қолданылады.  Әл-Йакубидің  (ІХ  ғ.)  «Елдер 

кітабы» (Китаб әл-булдан) деген географиялық шығармасында «Барлық түркі елдері Хорасан мен 

Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге бөлінеді» 

деп келтіреді. Ал Йақұт әл-Хамауидің «Муʻджам әл-булдан» еңбегінде бұл тарау«Түркістан барлық 

түркілер мекенінің атауы» - деп басталады.

Тоғызғұздар  туралы  Л.Гумилев  «Көне  түріктер  еңбегінде»  тоғыз-оғыздарға  байланысты 

«Түріктердің  ұйғырларға  үстемдік  жасауы  50  жылдан  астам  уақытпен  (688  ж.  741  ж.  дейін) 

айқындалады. Ұйғырлар көсемі өз әкесінен шад құрметті атағын алып, 742 ж. өзінің тоғыз-оғуз 

халқын жинаған және біріктірген» [6, 356-357 бб.] деп жазады.

К.Р.Аманжолов  «Көне  түркі  руна  жазбаларында  тоғыз-оғыз  этнонимі  тоғыз  сан  оғыздардың 

тайпасы  дегенді  білдіреді.  Осы  конфедерацияда  басшылық  еткен  –  ұйғырлар  тайпасы.  Араб, 

парсы деректеріндегі тоғыз-оғыз термині Шығыс Түркістан ұйғырларына тән деседі» [7, 22 б.] деп 

тұжырымдайды  .   

Ибн  Факихтің  Мешхедтік  қолжазбасының  фотокөшірмесімен  танысқан  В.Ф.  Минорский 

кейіннен пікірін өзгертіп, «тоғызғұз патшасының астанасы шығыстағы алыс... Орхон жерінде», .. 

ол (Тамим ибн Бахр – С.А) Қара Баласағұнға барған» [8, 127 б.] деп жазды. 

Мәселеге айқындық беру үшін «тоғызғұз» атауына түсінік бергеніміз жөн. Ибн Хордадбехтің 

тоғызғұздар  туралы  мәліметі  Шығыс  Түркістанды  басып  алған  ұйғырлар  туралы  қытай 

жазбаларындағы  мәліметпен  хронологиясы  сәйкес  келеді.  Орхон-Енисей  сына  жазуларының 

мәтінінде  тоғызғұз  этнонимі  тоғыз  (тайпа)  оғыз  екендігі  айқындалды.  Онда  «ұйғыр»  және 

«тоғызғұз» этнонимі синоним ретінде қолданылған. Бұл тайпалар конфедерациясында ұйғырлар 

басым  болатын.  Араб,  парсы  дерек  көздерінде  тоғызғұздың  Шығыс  Түркістандағы  ұйғырларға 

да қатысты қолданылуының осындай себебі болуы мүмкін. Ал әл-Истахри болса, тоғызғұздарды 

Туббет, хазладж, қырғыз жерлері мен Син патшалығының арасына орналастырады [8, 127-128 бб.].

Фараб қаласына келер болсақ, онда мұсылман қосындары мен түрік-қарлұқ қосындары бар. 

Түріктердің барлық қалалары он алты (5), [9]. 

Ғалым адамдар айтады: « Түріктер әр түрлі болып келеді: түрік-қарлұқтар Самарқанд төңірегінде 

мекен етеді, олар ежелгі түріктер. Базкиштер ұзын сақал қояды. Ғұздар, тоғызғұздар және кимектер 

олар  билеушілер.  Олар  өз  елдерінде  көптеген  жерлерді  бағындырған  ең  қуатты  түріктер  болып 

келеді. Печенегтер, шағарлар және тоғыз-оғыздар – түріктер арасындағы көшпелілер. Олар (әлде 

бір жерлерге) бірде көшеді, бірде қонады. Түркештер қалалар мен ауылдарда тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет