Түйін сөздер: көркем мәтін, мәтін түзу, лексикалық мағына, коннотативтік мағына, экспрессия,
эстетикалық бүтін, Абайдың тілдік дәстүрі, көркем әдебиет тілі.
Қазақ жазба әдебиетін, ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Абайдың атқарған қызметі,
алатын орны ерекше екені белгілі. Абай өмір сүрген заманы артта қалғанмен, рухани мұрасы жалпы
адамзаттық құндылыққа айналды. Сан ғасырды артқа тастағаннан кейін де тарих тұңғиығына
батып жоғалмай, жаңарып, жаңғырып мән-маңызы арта түсері анық. Абай шығармашылығы
әдебиеттану, тіл білімі, философия тұрғысынан жан-жақты талдауға түсіп, лайықты бағасын алды.
Әйтсе де абайтанудың өрісі тарылып, көкжиегі көріне қойған жоқ. Керісінше, сан-салалы ғылым
ретінде зерттелуге тиіс күрделі мәселелерінің бағыт-бағдары енді ғана айқындалып келе жатқандай.
Ұлы Абай мұрасы, оның шығармашылығының қазақ халқы, әдебиеті, мәдениеті мен
дүниетанымы, әдеби тілі үшін қандай маңызы болғандығы жайында сан-алуан пікірлер айтылып,
жан-жақты зерттеліп жатыр. Қазіргі таңда абайтану ғылымы сан салаға тармақталып, өрісін
кеңейте түсті. Абайтанудың үлкен бір саласы тіл білімімен тамырласып жатыр. Абайдың қазақ
тілін дамытудағы қызметі жайлы М.О. Әуезов былай деген еді: «Қазақтың тіліне Абайдың сіңірген
еңбегінің арқасында бұл тілдің барлық байлығы, орамдылығы, өрнектілігі табылған. Абайдың
барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы
күнге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыры мен сымбатын көрсететін айнасы.
Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі» [1,230б]. Қазақ әдеби тілінің өркендеп дамуына
Абайдың қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес.
Абайтанудың өз зерттеушілерін күткен түйінді мәселелерінің бір шоғырын тіл білімінен
көреміз. Абайдың қазақ тілін дамытудағы қызметі жайлы М.О.Әуезов былай деген еді: «Қазақтың
тіліне Абайдың сіңірген еңбегінің арқасында бұл тілдің барлық байлығы, орамдылығы, өрнектілігі
табылған. Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы
қалың қазақтың осы күнге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыры мен сымбатын
көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі» [1,230]. Қазақ әдеби тілінің өркендеп
дамуына Абайдың қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес. Жалпыхалықтық тілді асылдың кені
деп қарасақ, Абай сол кенді қорытып, шын асылын айырып ала білді.
Осы ретте профессор Құдайберген Жұбановтың: “Абай біздің жазба әдебиеттің атасы болғанда,
өлеңін, қара сөздерін тек қағазға жазғандығымен ғана емес, жазба әдебиет пен ауыз әдебиеттің
осы айырмашылығын ашқандығымен де атасы болды. Қазақ әдебиетін ауыз әдебиеті дәрежесінен
шығарып, неше мың жылдай көнігіп, етке, қанға сіңіп болған ескі ауыз әдебиет дағдысынан
құтқарған адам – Абай. Ескі ауыз әдебиетіндегі артық қыстырмалардан алғаш тазартқан да Абай.
Абай сынаған “қазақтың ұзын сөзділігі”, “ескі бидің сөз қосарлап, бос мақалдайтындығы”, “ескі
ақынның жоқтан қармап, көр-жерді өлең қылатындығы” дегендер – осы басы артық, қыстырынды
әңгімелер болатын. Абай сөзінің “қиюынан қыл өтпейтін” ықшам, тығыз болатыны да осы басы
артықтан аман болғаннан келетін-ді,” [2,267] – деген пікірін елеусіз қалдыруға болмайды. Ғалым
жазба әдебиетінің негізін салушы ретіндегі Абай тілінің ауыз әдебиет тілінен басты ерекшеліктерін
дәл көрсетіп, саралап береді. Өз шығармашылығы арқылы Абай қазақ әдеби тілін жаңа сапалық
деңгейге көтерді.
Абай поэзияны еріккеннің ермегі емес, сөз өнерінің ең жоғары көрінісі деп санады. Сондықтан
да оған жауапкершілікпен қарап, өзіне де, өзгеге де биік талап қояды. Көркем өнер ретінде поэзия
қандай болу керек деген мәселені де өз өлеңдерінде жеріне жеткізе айтып кетеді. Абайдың «Өлең
|