Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет62/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

35

– сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» сияқты туындыларын көркем 



шығарма ретінде ғана емес, өлең сөздің теориясы деп тануға әбден болады.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, 

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.

Осы жолдарда өлеңнің көркемдігіне, тіліне қойылатын негізгі талаптар айтылған. Ақынның 

«Теп-тегіс жұмыр келсін» деп отырғаны өлең мәтінінің өлшемге сай құрылуы ғана емес, құрылымдық 

жақтан  да,  мағыналық  жақтан  да  тілдік  құралдардың  өзара  үндесіп,  үйлесіп,  шашау  шықпай, 

жұмырланып,  тұтасып    тұруы  екені  күмәнсіз.  Абай  әсіресе  өлеңнің  «Бөтен  сөзбен  былғануын» 

кешірмейді. Бұл айтылған жайлар мәтін түзу мәселесімен  тікелей байланысты. 

 Қазақ филологиясында мәтін түзудің теориялық мәселелеріне тереңдеп бара қойған жоқпыз 

десек  те  болады.  Дегенмен  бұл  мәтін  түзу  туралы  ойларды  жекелеген  ғалымдарымыздың 

еңбектерінен  ұшырастырып  қаламыз.  «Абайдың  сөз  өрнегі»  атты  монографиясында  профессор 

Р.Сыздықова  бұл  мәселеге  арнайы  тарау  бөліп,  мынадай  пікір  айтады:  «Текст  түзілісінің  өзіне 

тән  шарттары  болады.  Кез  келген  көркем  шығармада  немесе  оның  кез  келген  тұсында  текст 

түзіле бермейді. Қазақ көркем сөзінде текст түзудің айқын көрінісі Абай өлеңдерінен басталады 

деуге  болады.  Текст  түзілісінің  бір  белгісі  –  шығарманың  бір  бөлігінде  немесе  бір  өлеңнің  өн 

бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңкі біртектес сөздерді шоғырлап беру.  

Модальдық реңк дегеніміз сөйлеушінің(жазушының, ақынның) айтылған ойға жағымды, жағымсыз 

көзқарасын білдіретін мағыналық реңк…» [3, 74б.]. Ғалым мәтін ішіндегі сөздер, тілдік тұлғалар 

қалай болса, солай алына салмай бір стильдік мақсатқа қызмет ететіндей таңдалып алынатынына 

назар аудартып тұр. 

Көркем мәтіннің түзілісі, тілдік ерекшелігі жөніндегі түйінді мәселелердің шешімін табуында 

профессор Б.  Шалабайдың мына бір пікірінің мәні зор деп білеміз: «Көркем шығарманың  тексі 

ондағы  барлық  элементтердің  органикалық  байланысты  болуы  себепті,  көпқырлы  қасиетімен, 

әртүрлі ендіктегі көптеген мағыналық қабаттасу, ұштасулармен ерекшеленеді. Сондықтан бір сөз 

не  бір  құрылым  бір  мезгілде  әрі  кейіпкердің(немесе  бірнеше  кейіпкердің),  әрі  оқырманның,  әрі 

автордың көзқарасын білдіре алады. 

Сөйтіп, көркем сөз зат, құбылыс, қимылды бір мезгілде әрі атайды, әрі көрсетеді, әрі бағалайды. 

Бұл оның ерекше, бейнелі түрде жалпылай алушылық қабілетіне байланысты. Көркем шығарманың 

тілі оқиға, құбылысты жалпылап беру арқылы біздің санамызда ондағы қатысқан сөздердің санынан 

анағұрлым көп түсінік туғызады. Көркем шығармадағы тілдің эстетикалық міндеті де осында. 

Тілдік  элементтер  осылайша  көркем  мазмұнның  компонентіне  айналады,  олар  көркем 

мазмұнның сыртқы формасы болып қана қоймайды, оның құрамына табиғи түрде еніп құрамдас 

бөлшегіне айналады. Ондай сөзді басқа сөзбен ауыстыру не көркем бейнені бұзуға алып келеді, не 

басқа бір бейне жасайды. Сөз бен бейненің тығыз байланысы осыдан көрінеді» [4, 37-38]. Ғалым 

көркем шығарманы ерекше заңдылықтары бар өзіндік жеке   эстетикалық құрылымға ие  деп санай-

ды. Эстетикалық құрылымға ие көркем мәтінде басы артық шашау шыққан бірде-бір сөз, бірді-бір 

тұлға болмауы тиіс. Тілдік тұлғалар бір-бірімен тығыз астаса келіп көркемдік мақсатқа қызмет етіп 

тұруы керек. Әрине бұл айтылғандар суреткердің шеберлігіне, өресіне байланысты болады. 

Абай мәтін түзуде осындай биік талап үддесінен шыға білген. Ақынның қай өлеңін алсақ та, 

ондағы тілдік құралдар ортақ көркемдік мақсатқа қызмет етіп тұрады.  Айтқанымыз дәлелді болу 

үшін мына бір шағын үзіндіге талдау жасап көрейік: 

Мал мен бақтың дұшпаны, 

Кеселді пысық көбейді,

Күшік иттей үріп жүр,

Кісіден кеммін демейді.

Қу тілменен құтыртып,

Кетер бір күн отыртып,

Қызмет қылған кісісін

Құртуға таяйды.

Қылып жүрген өнері:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет