№ 3 (106) 2015
385
мыз үшін, шуақты Қазақстан үшін беретінімді мәлімдеймін. Менің анам Бәтен менің шешімімді
мақұлдады. Өтінішімнен бас тартпаңыз».
Осындай патриотизм мысалдары тым көп еді. Соғыстың алғашқы күндері Сарыағаш аудандық
әскери комиссариатына майданға өз еркімен бару туралы 58 өтініш қабылданған болатын.
Мұғалімдер даярлайтын институттың 12 оқытушысы мен қызметкері ұжымдық өтінім жасады.
Ол өтінімде былай деп жазылған еді: «Долданған фашисттердің арсыз шабуылына ызаланған біз
қолдарымызға қару алып социалистік Отанымызды қорғауға дайынбыз». Түркістан ауданында
әскери комиссариатқа 62 өз еркімен майданға жіберу туралы өтінім берілді, оның 16-сы әйелдерден
келіп түскен еді. Соғыс басталғаннан бастап 1941 жылдың 3 шілдесіне дейін Сайрам аудандық
әскери комиссариатына 47 арыз келіп түссе, оның 8-і қыз-келіншектерден түсіпті. Өз арыздарында
еріктілер өз Отанын қорғауға майданға жіберуді талап еткен [2, 13 б.].
Сайрам ауданы Манкент машина-трактор станциясының комбайншысы Степченко 1941
жылдың 24 маусымында 10 гектарлық норма кезінде 22 гектар бидай орса, Куро мен Бойко 20
гектар астық орды.
1941 жылдың тамыз айында республиканың барлық ұжымшарларында Семей облысы Үржар
ауданының «Қызыл Таулы қырандар» ауыл шаруашылық артелінің ұжымшаршыларының хаты
талқыланды. Аталған хатта олар Қазақстанның барлық ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін жау-
ды толығымен талқандағанға дейін стахановск вахтасына тұруға шақырады. Үржарлықтар хаты
облыстағы еңбеккерлердің патриоттық сезімінің жаңадан тулауын тудырды.
Созақ ауданы «Жұмысшы» ауыл шаруашылығы артелінің ұжымшаршыларының жиналысында
мынадай шешім қабылданған: «Жұмысты әскери бейінге өзгертіп, ұжымшар жұмыстарына барлық
ер кісілерді, қыз-келіншектерді, қарттарды, жасөспірімдерді тартып, сағат 5-тен кешкі сағат 10-ға
дейін жұмыс істейміз, жұмыс орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастырамыз. Аналардың
жұмыс уақытында уайымдамауы үшін балалар бақшасын ашып, комбайндар мен тракторлардың
тәулік бойғы жұмысын ұйымдастырамыз».
Пахтарал ауданының Мақталы ұжымшарының 70 жасар тұрғыны Әлшіров Тезекбай күнделікті
норманы 150%-ға дейін асыра орындады. Ұжымшаршылардың жиналысында ол былай деді: «Менің
жасым 70-те, соғысқа дейін ұжымшарда жұмыс істеген жоқпын, өзімді қарт деп есептедім. Біздің
Отанымызға адамзаттың жауы – Германиялық фашизм жау шапқан кезде, мен жұмысқа шығып,
1,5-2 атқарым нормасын орындап жатырмын. Мен сияқты егістік жерлерде жұмыс істеуге барлық
қарттарды жауды талқандағанға дейін өз күштерін аямастан жұмыс істеуге шақырамын». Келес
ауданындағы Чапаев атындағы ұжымшарда Үржар ұжымшаршыларының үндеуіне дейін 99 адам
жұмыс істесе, міндеттемені мойнына алғаннан кейін 150 адам жұмыс істей бастады.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Ащысай полиметал комбинатының таукеншілерінің
көпшілігін ерекше еңбек құлшынысы биледі. Кен өндіру тұрақты түрде өсіп отырды. Кадрлық
жұмысшы Бисенбай Шыналиев соғыстың алдында мүгедектіктен мейлінше жеңіл жұмысқа ауысып,
былай деп мәлімдеді: «Қазір кен беру керек! Забойда басқалардан кем түспестей жұмыс істеймін!»
Ол күнделікті 5 және одан да көп нормамен жұмыс істей бастады. Ол басқаларға үлгі бола алды.
Забойшы Бидайбаев шамамен 8 норма орындаса, Сансызбай Қарсақбаев жылдық кен өндіру
жоспарын 155%-ға орындады, коммунист-забойшы Б.Мұхамбетов жылдық кен өндіру бойынша
жоспарды 9 ай ішінде орындап шықты. Комбинатта 237 әйел жұмыс істеді, ал 1942 жылдың басында
олардың саны мыңнан асып жығылды.
Шымкент түрлі фабрикалардың жабдықтарын қабылдап алды. Осылайша, Краснополянск жіп
иіру фабрикасы Мәскеу (облысынан Оңтүстік Қазақстан облысының Пахтарал кеңшарына көшіп
келді. Олардың қатарында: 838 жанұялы жұмысшылар, атап айтқанда, 535 жұмысшы, 38 инженерлік-
техникалық жұмысшы, 37 қызмет көрсетушілер, 55 фабрикалық-зауыттық шәкірт бар еді. Олардың
барлығы Чимкент қаласындағы клубтар мен мектептерге орналастырылды. Харьковтан 232 шұлық
автоматы әкетіліп, 102 адам жанұясымен бірге көшірілді. Харьков шұлық фабрикасы 1941 жылдың
23 қарашасында әкелініп, 20 вагон әкетіліп, 150 жұмысшылар жанұяларымен көшірілді. Харьков
айна фабрикасы 1941 жылдың 17 қазанында көшіріледі. 20 мың жіп иіру ұршығы мөлшеріндегі
Запарск және Завидовск фабрикаларының жабдықтары мен Глуховск комбинаты мен Серпуховск
жаңа тоқыма фабрикасының 300 тоқыма станогы көшірілген. Осташковск былғары зауыты
құрамында 178 вагон мен 64 адаммен, 3-ші Полтава жіп иіру фабрикасы – 5 қазанда 14 008 ұршықпен
|