АЛҒАШҚЫ КРЕСТ ЖОРЫҒЫ
Бұл мақала тарих ғылымындағы маңызды оқиға крест жорықтарына арналған. Автор, крест
жорықтарының негізгі себептері мен алғышарттарын, оладың жаулап алуын қарастырады. Мақала
тарихшылар және осы саладағы мамандарға қызықты болып табылады.
Түйін сөздер: крест жорығы, рыцар, христиан, мұсылмандық, Шығыс, Батыс, Рим папасы, Иерусалим.
Әлемдік тарихтағы кез келген кезеңнің өзіне тән ерекше бір қадыр-қасиеті мен тартымдылығы
болады. Алайда қазіргі заманауи адам үшін романтизмнің өзіндік бір шыңы - «рыцарлық» орта
ғасырлар, дәлірек айтқанда Шығыс пен Батыс серілері қақтығысының айқын көрінісі ретіндегі
крест жорықтары заманындай тартымды кезең жоқ шығар.
Осыдан 9 ғасыр бұрын, 1095 жылы Әлемдік христиан шіркеуінің басшысы Папа ІІ Урбан
бүкіл христиан әлемін Қасиетті Жерді «дінсіздерден» азат ету үшін қасиетті соғысқа шақырады.
Крест жорықтарының шынай себептері мен алғышарттары қандай еді? Бұл мәселеде тарихнамада
қалыптасқан негізгі үстем пікір мынаған саяды: «ХІ ғ. Батыс Еуропа халқынының қайыршылық
жағдайы шегіне жетті, үздіксіз феодалдық соғыстар егін алқаптарын қирата, бүлдіре отырып, жиі-
жиі аштық тудырды; феодалдардың өзі де бұдан зардап шекті, сөйтіп қоғамда жалпы тұнжыраған
|