Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет686/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   682   683   684   685   686   687   688   689   ...   963
Х. ТҰРСҰН

1

, З. ӘДІЛБЕКОВА

2

Т.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің доценті

1



т.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы

2



Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы

ТЕЛҚОЖА

 АТЫҒАЙҰЛЫ

 – ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ТҰЛҒА

Мақалада  патша  өкіметінің  отарлығына  қарсы  Орта  Азиядағы  ұлт-азаттық  қозғалыстың 

өкілдері  Телқожа  Атығайұлы  мен  Сыздық  Кенесариннің  қызметі  деректік  тұрғыда  тұлғаланады.  Түркі 

халықтарының азаттығы үшін күрескен қайраткерлердің ерліктері тарихи және әдеби деректер арқылы 

дәйектеледі.

Түйін сөздер: Орта Азия, Ресей отаршылығы,Телқожа Атығайұлы, Сыздық Кенесарин, Қоқан хандығы.

Телқожа Атығайұлы (1840-1916) Түркістан қаласына жақын қазіргі Шоқтас ауылында туған. 

Сыздық  Кенесаринмен  бірге  орыс  отаршыларының  Қазақстанның  оңтүстігі  мен  Орта  Азиядағы 

жаулап алушылық жорықтарына қарсы қол бастаған батыр. 




№ 3 (106) 2015

417


Телқожа  батырды  тұлғаландырудың  бастауында  академик  Рахманқұл  Бердібайдың  тұрған 

болатын.  1999  ж.  5  қарашада  Өзбекстанның  Үргеніш  қаласында  өзбек  халқының  ұлттық 

мақтанышына  айналған  Жалаладдин  Мангубердидің  зәулім  ескерткішінің  ашылу  салтанатында 

«Осыдан 800 жыл бұрын өткен бауырымыз сұлтан Жалаладдин Мангубердидің құрметіне осындай 

ескерткіш орнатып, оның рухын тірілткен сіздерге рахмет. Бұл қайырлы іс жас ұрпақтың өз отанын 

сүйетін азаматтар болып өсуіне ықпал жасайды» [1] дей келіп, ежелгі Тұран жерінің тәуелсіздігі 

үшін жан беріп, жан алысқан түркістандық Телқожа батыр туралы Өзбекстанның мұрағаттарынан 

деректер  іздестіру  және  қабірін  табуға  «Алтын  мирас»  халықаралық  қайырымдылық  қоры 

Хорезм  бөлімшесінің  ғалымдарынан  көмек  сұраған  еді.  Осыған  байланысты  Өзбекстан  Ғылым 

академиясының  академигі  Сабыр  Камалов  (1925-2009  жж.)  пен  өлкетанушылар  А.Тураев, 

О.Н.Салим-Гиреев,  Ш.Матрасулов,  Үргеніштегі  «Авеста»  музейінің  директоры  К.Нуржановтар 

Телқожа өмірінің ортаазиялық кезеңін қалпына келтіруге байланысты ғылыми ізденіс жұмыстарын 

жүргізді. Түркістандық өлкетанушылар Н.Назаров, Т.Сүйімбаевтар да өз тараптарынан жерлестері 

Телқожаны тұлғаландыруды қолға алып, оның өмірі мен қызметі туралы деректерді жинастырумен 

бірге азаттық үшін күрескен батырды ел ішінде насихаттап келеді [2]. 2013 жылдың желтоқсанында 

Үргеніш  жеріне  арнайы  экспедиция  ұйымдастырылып,  Академик  ағаның  аманаты  қалай  іске 

асқанын, Телқожа батырға қатысты атқарылған жұмыстарды көзбен көріп қайттық.

Баспа  бетін  көріп,  зерделенген  шежірелерде  Телқожа  батырдың  шежірелік  тізбегі  мынадай 

болып тарқатылады: Досымқұл (Жетімдер) – Есқара – Шүйіліш – Сұркиік – Жанжігіт – Сары – 

Бекет – Қара – Барқы – Атығай – Телқожа [2, 180-290 б.]. Осы жерде Телқожаның атасы Барқы 

жөнінде мына бір аңызға назар аударуға болады. Салқам Жәңгір тұсында Арыстан аталық маңызды 

саяси қызмет атқарған болса, оның ұлы Барқы (шамамен 1620-1715 жж.) Тәуке ханның тұсында 

аталық лауазымында қызмет жасаған, «Жеті жарғы» кеңестерін басқарған аса ірі саяси тұлға. Барқы 

аталық  Түркістан  өңірін  мекендеген  қалың  қазақтың  аңыз-жырларының  кейіпкеріне  айналды. 

Кеңес үкіметі орнамай тұрған уақытта, өзінің төл тарихынан, ұлы қайраткерлерінен қазақ жады әлі 

ажырамай тұрғанда 1700-жылдары Түркістан маңын мекендеген Қоңыраттың Жетімдер аталатын 

ірі атасынан Қара деген азамат өзінің ұлдарына ырымдап Барақ сұлтан, Барқы аталық деп ат қойған 

екен, «Барқы атақты адам болған. Атығайдан Телқожа батыр, Төлегеннен Үсембай датқа, басқа да 

толып жатқан ірі тұлғалар шыққан» дейді Созақ өңірінің белгілі өлкетанушысы Сүлеймен Тәбризи 

[3, 390 б]. Осы дерекке қатысты Майлықожаның «Қараның өтті хандары» толғауында айтылатын

...Барқы аталық баласы

Атығай батыр Төлеген,

Үсенбайдың бетіне

Қарсы боп ешкім келмеген [4, 143-144 б.] дейтін деректердің астарында көп сыр бұғып жатыр.

Барқы батырдың немересі Телқожа жастай ауыл молдасынан хат танып, Түркістан қаласындағы 

медреседе білім алған. 

Қазақ жеріне билік ету үшін өрістеген Қоқан-Ресей теке-тіресі стратегиялық мәні зор Түркістан 

қаласы төңірегінде үлкен шиеленіс туғызды. Оның мәнісі, ел тізгінін ұстаған Хан Кененің ұрпақтары 

Тайшық, Ахмет сұлтандар Қоқан хандығы «ендігі жерде өзін қорғай алатын түрі жоқ, орыстардың 

бұл  хандықты  алып  болуын  күтпей-ақ  Русие  жағына  шығайық.  Реті  келсе,  қызметіне  кіреміз, 

болмаса солардың қол астында тыныш отырамыз» десе, Сыздық сұлтан «Ата-бабамыздың ұстаған 

жолын тастап, орыс жағына шықпаймын. Олар Қоқанды алса, Бұқарға барамын. Егер Бұқарды алса, 

онда, басқа да мұсылман мемлекеттер бар  ғой, кез-келген бір мұсылман еліне барамын. Қалайда 

ата-баба жолынан аумаймын» [5, 22-23 б.] деп екіге жарылған жолды таңдады. Дәстүрлі қоғамның 

саяси элитасы арасындағы бұндай жолайрық таңдау екі мемлекеттің талауына түскен жергілікті 

ру-тайпалардың да көңіл-күйін білдіретін еді. Оңтүстіктен Қоқан билеушілері, солтүстіктен Ресей 

отаршылары екі жақтан қыспаққа алғанда Сыр бойының халқы абдырап қалды. Тәуелсіздік үшін 

орыс әскерімен жұлқысып өткен Кенесары ұрпақтарының сындарлы сәтте екіге жарылуын да, бір 

рудың адамдарының «баррикаданың» екі жағынан табылуын да елдің ішіндегі саяси жіктеліс деп 

айтуға болмас еді. 

1861 ж. Перовскідегі Сырдария әскери шебінің бастығы генерал Дебуге барып, Тайшық пен 

Ахмет сұлтандар өз қарамағындағы рулармен орыс бодандығын қабылдағандығын білдіріп, Ресей 

жағына қызметке өтеді. Олар Жаңақорған қамалын алумен бірге Түркістан төңірегіндегі «қоңырат, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   682   683   684   685   686   687   688   689   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет