Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет690/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   686   687   688   689   690   691   692   693   ...   963
№ 3 (106) 2015

421


Орыс оны елемей жатып алды,

Қиналып Қиуаның аты қалды.

Ертеңіне көшті де, енді әскер

Үшошақтың құмына жақын барды [14, 115 б] – деп жырлаған.

1873  ж.  12  тамызда  Хиуа  ханы  Сейіт  Мұхамет-Рахым  мен  орыс  әскерінің  қолбасшысы 

К.П.Кауфман арасында жасалған келісім шарт бойынша хан өзін Ресейдің вассалы деп мойындап, 

орыс мемлекетіне көп контрибуция төлеуге мәжбүр болды [15,367 б]. Хиуа хандығы орыс әскеріне 

тізе бүккен соң Садық Сардар мен Телқожа батыр Қарақұм шөліне қарай шегінеді. Алдымен Шар-

жоу, кейін Мары қаласына барған оларды Түркімен ханы Кавшут ықыласпен қарсы алып, Бұхарға 

қарсы соғысқа пайдалануды көздейді. Әйтсе де, «Мұсылман бауырларыма қарсы қару кезенбеймін» 

деген Сыздық ол ұсыныстан бас тартады. Осы жерде Сыздық сұлтан мен Телқожа батырдың жолы 

екі айырылады. Сыздық Герат, Гиндикуш, Памир-Алай таулары арқылы Қашқардағы Якуб ханның 

(Аталық Ғази Якуб хан – 1820 жылы Қоқан хандығына қарамағындағы Піскен қыстағында туған. 

1865 жылы Қоқан ханының бұйрығымен Шығыс Түркістанда бір жыл бұрын манжұр билеушілеріне 

қарсы  басталған  көтерілістің  басшысы  Бұзырық  қожаға  кеңесші  болып  барады.  Көтерілісшілер 

жеңіске жетіп, Якуб хан билікті қолына алады. 1867 жылы жеке хандық құрып, 1877 жылға дейін 

билік жүргізеді. Ол өлген соң бір жылдан кейін Жеті шаһар мемлекеті ішкі тартыстың әсерінен 

құлап, цин династиясының отарына айналады. Садық сұлтанның Якуб ханның қоластына баруы 

олардың бұрыннан араласқан сыйластығанан туындаған - авт.) қоластына өтеді. Қытай әскерімен 

қақтығыста  қолынан  жараланып,  1888  ж.  патша  өкіметінің  қарсылық  көрсетушілерге  жасаған 

кешірімін негізге алып, генерал-губернатор К.П.Кауфманның құзырына өз еліне оралуға және от-

басымен қауышуына өтініш жасайды. Оның өтініші қанағаттандырылып, Сырдария облысы Шым-

кент уезінің Арыс өзені бойындағы Қарабұлақ қыстағынан отыз шақырым жердегі Абылай ханға 

орда болған Ханқорған деген жерге орнығып, бейбіт өмір кешкен Сыздық Кенесарин 1910 ж. Шым-

кент қаласында 73 жасында қайтыс болады.

Ал Телқожа батыр біршама уақыт Шаржоудың Дарған ата ауылында, одан әрі Мары қаласында 

бой  тасалап  жүруге  мәжбүр  болған.  Орта  Азиядағы  орыс  әскери  басқыншылығына  қарсы 

күресушілерге  патшаның  рақымшылығы  жарияланған  соң  Сырдария  облыстық  статистикалық 

комитетінің  мүшесі  Е.Т.Смирновтың  алғысөзімен  және  Ахмет  Кенесариннің  дайындауымен 

«Кенесары және Сыздық сұлтандар» кітабы жарық көрді. Өлкеде орныққан әскери күшке сүйенген 

отарлық  әкімшілік  ендігі  жерде  жергілікті  халықтың  өкілдерін  билік  құрылымдарына  тартып, 

солардың көмегімен халыққа билік жүргізу саясатына көшті. Осындай жағдайда Телқожа Ресей 

азаматтығын қабылдап, Петро-Александровскіге (қазіргі Төрткүл қаласы – авт.) орнығады. Сыр-

дария облысының әкімшілігінде ұзақ жыл жауапты қызмет істеген Сыздық Сұлтанның інісі Ах-

мет Кенесариннің көмегімен Садық Баяқов деген атпен төлқұжат алады. Өзбекстандық тарихшы-

лар  Телқожаның  былайша  аты-жөнін  өзгертуіне  бірнеше  жағдай  ықпал  еткен  деп  топшылайды. 

Біріншіден, патша үкіметінің рақым жасауына қарамастан отарлық биліктің көтерілісшілерге деген 

жаулық көзқарасы сейіле қоймаған. Екіншіден, қиян-кескі шайқастарда көтерілісшілер қолынан қаза 

тапқандардың туыстары тарапынан кек қайтару әрекеттері де болуы мүмкін еді. Осы жағдайларды 

ескерген отарлық биліктің шенеунігі А.Кенесариннің Телқожаға қол ұшын созғанда қанына тартып 

ағасы Тайшықты өлтіргендігін кек тұтып, пендешілікке салынбай, орыстармен арпалысып өткен 

бауыры Сыздықтың үзеңгілес жолдасы ретінде қолдауы үлкен азаматтық болды.

Отарлық  биліктің  сеніміне  ие  болған  Телқожа  1890  ж.  Амудария  бөліміндегі  Сарыби 

болыстығының (қазіргі Еллікқала ауданы – авт.) басқарушылығына тағайындалады. Сол кезде 26 

әкімшілік ауылды біріктірген Сарыби болысындағы 15 мың тұрғынның басым бөлігін қазақ рулары 

құраған.  Оның  басшылығы  тұсында  Сарыби  болыстығында  жаңадан  арықтар  қазылып,  жолдар 

салынды,  сауда  дүкендері  ашылып,  мақта  тазалау  зауыты,  май  айыру  цехы,  темір  ұстаханалары 

іске қосылады. Телқожа (Садық Баяқов – Садық болыс) өзінің іскерлігімен болыс тұрғындарының 

әлеуметік-экономикалық дамуына қол жеткізе алған. Ол 1909  ж. қажылық сапарға барып келеді.

Николай  ІІ  патшаның  1916  ж.  25  маусымдағы  жарлығына  сай  майданның  қара  жұмысына 

Сырдария  облысының  Амудария  бөлімінен  5500  жігіт  алынуы  тиіс  болды.  Ел  ішінде  дүрбелең 

басталады. Осындай қысталаң сәтте жарлыққа наразылығын білдірген 250 әйел Сарыби болысы 

кеңсесінің алдына жиналады. Қарулы күзетіне әйелдерге қарсы оқ атпауға бұйырған Садық болыс 

олардың өкілдерін кеңсеге шақырады. Сол жерде әйел киімін киген Сүлеймен Бөриев (банкротқа 

ұшыраған  ташкенттік  бай  Соломон  Буронов)  74  жастағы  болысты  айбалтамен  шауып  өлтіреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   686   687   688   689   690   691   692   693   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет