|
Байланысты: 3-106-2015-1-chast№ 3 (106) 2015
431
И.А. Шандра, Украина, Винница, Донецк мемлекеттік университеті
Кәсіпкерлердің өкілеттілік ұйымдарының әлеуметтік-мәдени саладағы қызметі (ХІХ ғасырдын
екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы)
Оңтүстік экономикалық аймақтың экономикалық элитасының қалыптасуы және оның өкілеттілік
ұйымдарының реформалаудың әсерінен болған өзгерістердің жаңаша көрінісі ретіндегі талдауы
сипатталады.
Оңтүстік экономикалық аймақтың экономикалық дамуына мейлінше ықпал еткен Оңтүстік Ресей тау-
кен өнеркәсіпшіліктері съездері (Харьков қ.), Бүкілресейлік қантөндірушілер қоғамы (Киев қ.), Оңтүстік
Ресей өнеркәсіптері мен сауда өкілдерінің съездері (Одесса қ.) сияқты өкілеттті ұйымдардың қызметіне
баса назар аударылады. Мұрағат құжаттарын, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы жүйелі
жарияланып тұрған басылымдарды, өкілеттілікті ұйымдардың өздерінің «Труды…» материалдарын
зерттеу негізінде олардың әлеуметтік-мәдени (білім беру, дәрігерлік-санитарлық қызмет, көрме және
мұражай ісі) саладағы атқарған жұмыстары қарастырылады. Осы бағыттардың барлығын қорытындылай
келе, кәсіпкерлердің өкілеттілік ұйымдарының капиталистік қоғамның негізгі тұжырымдарының
қалыптасуына, отандық өнеркәсіптің жетістіктерін насихаттау мен кәсіпкерлерлік қызметтің жағымды
сипатын қалыптастырудағы маңызы көрсетілген. Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің көптеген әлеуметтік
маңызды жобаларды жүзеге асырудағы уәждеріне және мәдени-ағартушылық іс-шараларында жұмсалған
қаржы көлемін сипаттауға баса назар аударылды.
Түйін сөздер: кәсіпкерлердің өкілеттілік ұйымдары, экономикалық элита, буржуазия, техникалық
интеллигенция, Оңтүстік экономикалық аймақ, әлеуметтік-мәдени сала.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|